Ең жақсы мамандық.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.
Мені өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп ойланамын. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.
Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.
Менің ойымша, дәрігер – ең жақсы мамандық. Менің арманым дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!
Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.
Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.
Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.
Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Только без переводчика! ! дорогой папа, поздравляю тебя с днем рождения! ты настоящий друг, который поддержит в трудную минуту. и я ценю это. пусть дела пойдут в гору, а здоровье будет крепким! пусть каждый твой день будет радостным! я искренне желаю тебе достичь своих целей в работе и в жизни. небо не бывает без туч, также в жизни человека бывают и пасмурные дни. постарайся побеждать всякие трудности и тягости в жизни умом и терпением.
Сен қиын сəтте қолдайтын нағыз доссың.Мен мұны өте қатты бағалаймын.Ісің өрге басып,денсаулығын мықты болсын!Əр күнің қуанышты болсын!
Мен сенің өмірінде де, жұмысында да мақсаттарыңа жетуіңді шын жүректен тілеймін.
Аспап бұлтсыз болмайды,сол сияқты адам өмірінде де қиын күндер болады.Сондықтан барлық қиыншылық пен ауыртпашылықты ақылмен жəне шыдаммен жеңуге тырыс.