Ерте –ерте ертеде мақта қыз бен мысық дос болып жүреді. бір күні мақта қыз үйін жинап жүрсе, бір мейіз тауып алады. мысықты шақырады. шақырады – келмейді, шақырады – келмейді, сосын «келмесең, келме», – деп, мейізді өзі жеп қояды. жеп болған соң мысық келіп: – неге шақырдың? – деп сұрайды. мақта қыз айтпайды. сосын мысық айтады: – «ендеше қатығыңды төгем», – дейді. мақта қыз: – «мен құйрығыңды кесіп аламын», – дейді. мысық қатықты төгеді. мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. - «апа, апа, құйрығымды берші», – дейді. сосын мақта қыз - : «менің қатығымды төлеп бер», – дейді. мысық сиырға барады. - «сиыр-сиыр, маған қатық берші», – дейді, сиыр айтады: - менің қарным ашып тұр, маған жапырақ әкеліп бер», – дейді. мысық ағашқа барып: - «ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! » – дейді. ағаш айтады: - «мен шөлдеп тұрмын, су әкелсең, жапырақ беремін», – дейді. суға бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көріп: - «қыздар, қыздар, маған су берші», – дейді. қыздар: - «бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз», – дейді. мысық дүкенге барады. - «ай, дүкенші, маған сағыз берші», – дейді. дүкенші: «маған тұқым бер», – дейді. мысық тауыққа барады: - «тауық, тауық, маған тұқым берші», – дейді. тауықтар айтады: - «бізге дән әкеліп берсең, біз саған тұқым береміз», – дейді. мысық: - «енді не қыламын», – деп бара жатса, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. мысық тышқанды қорқытып: - «жаның барында айт, үйіңде не бар? », – дейді. тышқан қорыққанынан: - «үйімде бір батпан тарым бар», – дейді. мысық айтады: - «маған бір уыс тары бер», – дейді. тышқан үйіне барып, бір уыс тары береді. тарыны апарып тауыққа береді,тауық оған жұмбақ жасырады: «жазғы киімі жасыл, қысқы киімі ақшыл»(қари жамылған ағаш). жұмбақты шешкен соң тауық тұқым береді, тұқымды апарып дүкеншіге береді, дүкенші оған тапсырма беред
Эрендженова
26.10.2022
Ертеде бір мақта қыз болыпты . мақта қыздың жақсы көретін мысығыболған екен , бір күні мақта қыз үйді жинап жатып бір мейіз тауып алады.бөлісіп жемек болып мақта қыз мысығын шақырады: - мысығым , мысығым ! ау , мысығым , мысығым ! – деп. мысық күннің көзінде маужырап уйықтап жатқан түрі мақта қызға баруғаерінеді . мақта қыз мысығын шақырғанға келмеген соң , мейізді өзі жепқояды . біраз уақыт өткен соң ұйқысы қанған мысық мақта қызға келеді. *2 бет ия , мақта қыз , мені неге шақырдың ? – дейді. мақта қыз: - шақырғанда келмегенсің , енді айтпаймын ! – дейді мысық: айтпасаң , мен сенің қатығыңды төгіп тастаймын ! – дейді мақта қыз: ал мен сенің құйрығыңды жұлып аламын ! – дейді. сонымен мысық қатықты төгеді , мақта қыз мысықтың құйрығын жұлыпалады. *3 бет біраз уақыт өткен соң мысық мақта қызға келіп құйрығын сұрайды. мақта қыз: - менің қатығымды төле ! – дейді. мысық сиырға барады: - сиыр , сиыр , маған қатық берші ! – дейді. сиыр: - менің қарным ашып тұр . маған жапырақ әкеліп берші ! – дейді. *4 бет мысық ағашқа барып: - ағаш , ағаш , жапырағыңды берші ! – дейді. ағаш: - мен шөлдеп тұрмын . су әкелсең , жапырақ беремін , - дейді. *5 бет мысық суға бара жатса , су әкеле жатқан қыздарды көреді: қыздар , маған су беріңдерші ! – дейді. қыздар оған: - бізге сағыз әкеліп берсең , біз саған су береміз , - дейді. *6 бет мысық суға бара жатса , су әкеле жатқан қыздарды көреді: қыздар , маған су беріңдерші ! – дейді. қыздар оған: - бізге сағыз әкеліп берсең , біз саған су береміз , - дейді. *7 бет мысық дүкенге барады: - дүкенші , дүкенші , маған сағыз берші ! - дейді дүкенші: - маған жұмыртқа бер , - дейді. *8 бет мысық тауыққа барады: - тауық , тауық , маған жұмыртқа берші ! – дейді тауықтар: - бізге дән әкеліп берсең , біз саған жұмыртқа береміз , - дейді. *9 бет мысық: “енді не қыламын ! ” деп бара жатса , ін қазып жатқан бір тышқандыкөреді . мысық тышқанды бас салады: - жаныңның барында айт ! үйіңде не бар , - дейді. - тышқан қорыққаны соншалықты: - үйімде бір табақ тары бар , - дейді. мысық: - маған бір уыс тары бер , - дейді. тышқан үйіне барып , бір уыс тары әкеліп береді. *10 бет мысық тарыны апарып тауыққа береді . тауық жұмыртқа береді.жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді . дүкенші сағыз береді . сағыздыапарып қыздарға береді . қыздар су береді . суды апарып ағашқа береді.ағаш жапырақ береді . жапырақты сиырға береді . сиыр қатық береді.қатықты апарып мақта қызға береді . мақта қыз мысықтың құйрығынқайтарып береді
Ответить на вопрос
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мен шымыр боламын" деген тақырыпта эссе жазыңдар (90 сөз 40