Менің орныққан күн тәртібім бар. Барлық көздеген шаруамды істеп үлгеру үшін мен күн тәртібімді бұзбауға тырысамын. Сонымен менің қысқаша күн тәртібіме тоқтала кетсек. Мен күнделікті сағат жетіде тұрамын. Тұрғаннан соң, алдымен төсегімді жинап, беті - қолымды жуамын. Содан кейін ата - анаммен таңғы ас ішемін де, киінемін. Киініп болған соң, шашымды тарап, сырт киімімді киіп, мектепке кетемін. Мектеп үйдің жанында болғандықтан, мектепке жаяу барамын. Сағат сегізде сабақ басталады. Күнделікті жеті сабақ оқимыз. Сағат бір жарымда сабақ аяқталып, үйге қайтамын. Үйге келгеннен кейін, киімімді ауыстырып, қол жуып, түскі ас ішемін. Сонан соң ас үйді жинастырып, сабақ оқуға кірісемін. Сабақ оқуға шамамен екі сағаттай уақытым кетеді. Одан кейін інімді балабақшадан алып келіп, кешкі ас әзірлеуге кірісемін. Ата - анам жұмыстан келген соң, бәріміз бірге кешкі ас ішеміз. Содан соң, анама ас үйді жинауға көмектесіп, одан кейінгі бос уақытымды өз қалауымша өткіземін: не теледидар көремін, немесе кітап оқимын, болмаса әлеуметтік желіде отырамын. Ақырында сағат он бірде түнгі ұйқыға кетемін.
Ал демалыс күндері сәл өзгешелеу: Сабақтың орнына үйді жинастырып, атам мен әжеме барамыз. Айына бір рет ата - анаммен дүкенге барып, азық - түлік не болмаса басқа керек - жарақтарды аламыз.
b3dllam
05.03.2022
Юрий Мельниченко - грек-рим күресі бойынша Олимпиада чемпионы, 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Қазақстанның Еңбек сіңірген бапкері Василий Жиров - Олимпиада чемпионы, боксшы, 81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Олимпиада нәтижесі бойынша Вэл Баркер кубогына қол жеткізген алғашқы қазақ боксшысы. Александр Парыгин - Олимпиада чемпионы, бессайысшы Ермахан Ыбрайымов - Олимпиада чемпионы, Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері, боксшы Бекзат Саттарханов - Олимпиада чемпионы, 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.
neganovaarxi
05.03.2022
Күй аңызы" - Т.Ахтановтың ең алғашқы әңгімесі. Әңгіменің негізгі тақырыбы — өнер құдіреті. Естемес деген күйшінің ауыр тағдыры. Ол өзінің мұңлы да зарлы күйі арқылы ботасы өлген боз інгеннің тақырдай қатып қалған қайыс жонын жұмсартып, тіршілікке нәр бергендей болды. Бұл әңгіме күйші Естемес пен жас жігіт Оразымбеттің жолдағы әңгімесі мен бастан кешкен оқиғасы туралы. Естемістің жас қызға ғашық болып, оған соңына дейін тырмысып өзіне алғысы келгені, бірақ қыздың ондай ойы болмағанын біліп, көңілі түскені туралы болатын.
Естемес және оның жанында жүрген жас жігіт Оразымбет екеуі жол жүріп бара жатып жолаушылап Ипан тауының баурайындағы жалғыз үйге тоқтайды. Естемес сол қызға ғашық болады. Әкесі егер менің суалып қалған түйемді идірсең,қызымды беремін дейді. Жаңылға қосылу үшін ол күй шерте басатайды. Бұл баяғыдан бітіре алмай жүрген күйі еді. Күй соңында күйші қатып қалған бозінгенді идірсе де қыз оған заманының өткендігін білдіреді. Осы күй осыдан "Нар идірген" деп атылып кеткен.
Менің күн тәртібім