Sergeevich-irina
?>

Аныз ангимелердин тарбиелик мани шыгармай

Казахский язык

Ответы

narkimry134

Шығарма

Аңыз-әңгімелердің тәрбиелік мәні.

Ежелден қазақ халқы сөзге,сөз өнеріне етене жақын болды.Ұзақ-ұзақ қисынды жыр-дастандарды шығарды.Ал оны халық жаттап алып,күн демей,түн демей ауыздан-ауызға таратқан еді.Осылайыша халық ауыз әдебиетінің арқасында талай ертегі,аңыздар,жыр-дастандар мен мақал-мәтел,жаңылтпаштар бүгінгі күнге жетті.

Халық ауыз әдебиетінің ең қомақты жанрларының бірі – аңыз-әңгімелер.. Ол халық арасында ауызша таралған, шындық өмірде болған оқиғаларды айтады. Аңыз әңгімелерде тарихта есімі қалған, халықтың намысын, елің қорғайтын адамдардың іс әрекеттерін, зор еңбектерін,ел аузында ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған.Олжас Сүлейменов бір сөзінде:"

Қазақтардың моральдік кодексін олардың мақал-мәтелдері мен аңыз-әпсаналарынан іздеңіз" деген екен.Шынымен де, аңыз-әңгімелерден біз сол уақыттағы ата-бабамыздың тұрмыс-тіршілігін,тарихын білеміз.

Аңыз бен ертегі бір-біріне жақын боп келеді.Айырмашылығы – аңызда ертегідегі секілді қиялға көп ерік берілмейді.Сонымен қатар,аңыздың бірнеше мазмұндық түрлері бар.Олар: топографиялық,тарихи,батырлар туралы, махаббат хикаясы аңыздары.Баршамыз білетін аңыз кейіпкерлері Асан қайғы, Жиренше шешен,Алдар Көсе,Қожанасыр және тағы да басқа.Себебі,біз олар туралы кішкентайымыздан оқыдық,фильмдерді де тамашаладық.Аңыз-әңгімелер жай ғана халық ауыз әдебиетінің жанры ғана емес,үлкен тәрбие мен өнегеге бай туындылар.Аңыз әңгімелерде көбінесе сараңдық пен сақилықты, жалқаулық пен қиқарлықты өткір сатирамен әжуалап сынау арқылы өзегелерді жаман әдет,жат мінездерден аулақ болуға баулуды мақсат тұтады.Осындай халық арасына кең тараған күлкілі сықақ аңыз әңгімелердің бір тобы Алдар көсе атымен байланысты туған. Көсе образы – қарапайым халықтың күлкіні сараң байларға,оның өкілдеріне қарсы жұмсау,оларды келеке-мазақ ету тілегінен туған образ.Мұны біз "Алдар көсе мен Алаша хан", "Алдар көсе мен шық бермес Шығабай", "Алдар көсе мен саудагер", тағы да басқа аңыз-әңгімелерден көреміз.

Ал батырлар туралы аңыздар ерлікке, отансүйгіштікке үйретсе, топографиялық аңыздар жеріміздің тарихымен танысуға үгіттейді.Аңыз-әңгімені оқып,біліп жүрген адам рухани тұрғыда бай болып,елінің шежіресімен таныс болады дегім келеді.

igraparkGP51
Бас: адамның дене мүшесі, таудың шыңы, ең биік жері, бұлақтың шығар жері, іс-әрекет басы (жұмыс басы), т.б

Айбек ойнап жүріп басын ұрып алды.
Кеше мен әкеммен тау басына шықтым.
Бұлақтың басында су өте таза болады.
Айгүл бүгінгі шараның басы қасында жүрді.

Мен: мен (өзім), екі затты немесе адамдырды айтқанда.

Мен балмұздақты жақсы көремін.
Ару мен Еңлік жақсы достар

Жас: адамның жасы, көз жасы, адамның жастығын айтқанда (жас бала).
Атам алпыс үш жаста.
Әжем ескі суреттерді көріп, көзіне жас алды.
Мына жас бала үлкен жұмыс атқарып жүр.

Кез: болған уақыт, кездесу, кезігу
Жас кезімде өте аңғал едім.
Анам ескі сыныптастарымен кездесті.
Сабағын оқымағандықтан, сәтсіздікке кез болды.

Табыс: ақша табысы, туыспен не доспен табысу
Компания өркендеп, үлкен табыс табуда.
осы бағдарламаның арқасында туыстар бір-бірімен табысып жатыр.

Кіріс: ақша кірісі, есіктен кіру, жұмысқа кірісу
Фабриканың кірісі түскен тапсырысқа тікелей байланысты.
Жұлдыздың кірісі ерсі көрінді.
Ол жұмысқа бірден кірісіп кетті

Ат: есім, жылқы, садақпен ату
Мына баланың аты Ерсұлтан.
Көкпар- ат үстінде ойналатын қазақтың ұлттық ойыны.
Қызыл кітапқа енген жануарларды атуға тыйым салынған.

Жат: жастыққа жату, біреуді не бір жерді жатсыну, жат мекен
- Кел, мұнда жатып, кішкене дем ал!
Сәбилер өзіне таңсық адамды көргенде жатсынып, жылай бастайды екен.
Жат мекен бәрібір туған жерге жетпейді.
Strelkov-Roman1263

Бүгінгі таңда отбасы тәрбиесінде қоғам ата-аналар алдына үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Тәрбие берудің негізгі міндеттерінің өзі “ең алдымен дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу” деп көрсетілген Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие туралы тұжырымдамасында.

Отбасы тәрбиесінің негізгі мәні өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады. Балалар ата-анасының еңбектегі ісіне көңіл бөліп, оны түсінуге тырысады. Ата-аналар да балаларының күн сайынғы әрекеттерін қадағалап жағдайларын біліп отырады. Отбасының берік негізі міне, осы рухани мүдденің бірлігінде. Оның біртұтас ынтымақта болуы, береке - бірлігі ең алдымен ата-ана мүддесінің мәні мен мағынасында, әке мен шешенің бір-біріне, балаларына, олардың достары мен жолдастарына деген қарым-қатынасына байланысты. Босағасы берік отбасында әрбір адам өзара қамқорлық пен татулыққа, үй іші жұмыстарын жұмыла кірісіп орындауға, жақсы мен жаман туралы пікірлерін ортаға салып ұштастыруға, қаражатты дұрыс бөліп тұтынуға, еңбекпен табылған ақша құнын бағалап, қадірлеуге үйренеді. Отбасындағы тіршіліктің дұрыс ұйымдастырылуы балалардың еңбекқор болуын, әр нәрсеге жоғары жауапкершілік сезіммен қарауды, адамды құрметтеу сияқты адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Аныз ангимелердин тарбиелик мани шыгармай
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Anait_Natalya451
dkvsadovoe
aynaakzhigitova
expo3217
Murad Gushcharin
chechina6646
ОвчинниковаТатьяна
abahtina582
Morozova-Starikov
Ignateva737
pizzaverona
БеляковаСтаниславовна
Михаил736
Barabanov Gerasimenko
mustaevdmitry397