kim-1971
?>

Ана такырыбында пайымдау матинин курастырып жаз

Казахский язык

Ответы

Tatianarogozina1306
Ана жайлы ойыңды, айтып тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді. Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір а үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. А алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген. «Анаңды меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген дана қазақ халқы. Шынында да, осыншама қиналып, көз жасын төге жүріп, бізді өсірген анаңа қолыңнан келгеніңнің бәрін істесең де, оның бәрі анаңның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана. Өз парызыңды өтеу, бұл – ана алдындағы парызды өтеу.Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. Қай адам қолынан келген сый – құрметін жасамады десеңші, шіркін! Бірақ соның бәрі анаңның бір ауыз жылы сөзіне де жетпейді. Дүниенің нұры, өмірдің гүлі, қызықтың қызығы – ананың қолында. Ана бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді.  Қорыта айтқанда, барлық адам ана алдындағы парызын өтеп, ақ сүтін ақтап, ананың шашына ақ түсірмей, тек осы киелі жандардың бақытты болуын ойлау керек. Себебі ең бақытты адам – анасы бар адам. Жер бетіне жақсылық нұрын себетін аналарымыз аман болсын!
nadlen76

Көркем әдебиеттегі көнерген сөздер:

1) Бір жігіт ұзын бойлы, шойын қара, Ерекше көзге түсті жеке дара.

Шоң желке, алақан көз, жырық ерін, Денесі алқам-салқам бір дағара. (Ж.Саин, "Күләнда").

Дағара – ебедейсіз, рабайсыз үлкен.

2) Алсай жиырма түтін.

Патшаның әскері түмен (Ш.Мұртаза, "Қызыл жебе").

Түмен – он мың.

3) Самарқант пен Бұқардан тоғыз керуенмен тасылған қырмызы қызыл кілем, дүрия, т о р қ а жібектен тысталған мамық жастық, түбіт көрпелермен безенген (I.Есенберлин, "Алмас").

Торқа – ең қымбат жібек мата.

Объяснение:

ответ дан

Сороченкова-Александр

Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Ана такырыбында пайымдау матинин курастырып жаз
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

cvetprint
ИП Жанара
Feyruz90
ibzaira
matveevaev81
ella440
Shikhova-Vitalii1290
Кирилл-Морозова
pavelriga5
Larya
СергейНиколаевич
AlekseiBunina1895
Ирина
mary---jane49
Владислав1246