Viktorovna1012
?>

Составьте сочинение на казахском на тему бабушка и дедушка (10предложений)

Казахский язык

Ответы

Константин

Бала кездің ең бір тәтті шағы ата-әжеміздің қасында өткен бал күндер ғой. Таңертеңнен асыр салып, доп қуып келген кішкене құлыншақтарын еркелетіп, айналшықтап жүргенде ең ыстық жандар ата-әже екенін сезінеміз. Нағыз тәрбие мектебі де ата- әжеден бастау алады. Өйткені, үлкенді құрметтеу, кішіге қамқорлық танытудан бастап, отансүйгіштік, кішіпейілділік, бауырмалдық секілді игі қасиеттерге баулып, жақсылыққа үйретуші. Немересінің тәтті қылығына тамсанып отыратын ардақты жандардың орны ерекше.

Мен де ата-әжемді тұнып тұрған өнегеліктің үлгісі деп білемін. Жазғы демалысымда ауылға ерекше сағынышпен аттанамын. Үйге жете салысымен ата-әжемді іздеп, олардың әжім басқан нұрлы жүздерінен төгілген сағынышты көргенде шаттанып, кішкене балаша күй кешемін. Атам маған әр сөзінде "Атаңның баласы болма, а бол", - деп айтып отырады. Осы сөздің өзі маған Отан, ел алдындағы жауапкершілігімді сездіреді. Ата-әжемнің санама сіңірген әрбір сөздері мені ақылды ойға жетелейді. Бұл өмірдегі әр нәрсенің орнын айнытпай түсіндірген ата-әжеме алғысым шексіз. Барлық досыма ата-әжеміздің қадірін білейік, аялайық, ақыл-кеңестерін тыңдап, ақылды болайық дегім келеді.

nekataniyoleg
Кітапхана-бұл кітапты бағалайтын және оқуды ұнататындарға нағыз жұмақ. Бұл, өйткені кітапхана әдеттегі үйде орын ала алмайтын, сонша кітаптарды қамтиды. Өткен ғасырда білімді және бай адамдар, олар үлкен жерлерде өмір сүрді және тұтас кітапхананы ұстауға мүмкіндік алды. Олардың үлкен бөлмесі болды, барлық кітаптар мен шкафтар бар, онда жұмыс істеу және оқу үшін ыңғайлы орын болды. Мен сондай-ақ өз үйіме келгенде, өз кітапханамды болғым келеді. Кітапхана сондай-ақ кабинет және сөйлесу орны, іскерлік кеңестер мен келіссөздер өтетін орын болды. Отбасы жиі кешке жиналып, бір-біріне дауыстап оқыды. Яғни, кітапхана әрдайым үйдің интеллектуалды орталығы болды.
sergeykirushev

батырларға тағзым

қазақтың ұланғайыр ұлы жерін қорғаған ерлер ерлігі сан ғасырлар бойы сан ұрпақты отаншылдық рухқа бөлеп келеді. ел мен жер тұтастығын сақтап, жаудың бетін қайтарған батырлардың өршіл рухы мен тағылымды өмірі қандайда болмасын құрметке лайық. елдің елдік қасиетін үстеп, тарих тағылымына жетелейтін игілікті іс шара тәуелсіздігіміздің рухани тұғырын барынша нығайта түсері хақ. сондай мәні мен мағынасы ерекше мәдени іс-шара қарағанды қаласы маңындағы шахан кентінде болып өтті. аталмыш кенттің мәдениет үйі алдында кезінде «күн көсем»   ленин ескерткіші тұрса, ендігі кезекте қазақтың шерубай биболдыұлы (1693 ж..т. – қайтыс болған жылы белгісіз), таймас бектасұлы (1795-1870), мәнжі күржікейұлы (1815-1911) сынды айбынды батыр ұлдарына ескерткіш (стелла) тақтасы орнатылды.

шерубай биболдыұлы жоңғар шапқыншылығына қарсы жүргізілген соғыста қолға ту ұстаған атақты қолбасшылардың бірі. ал таймас бектасұлы, мәнжі күржікейұлы ресей отаршылдығына қарсы азаттық күресін жүргізген ұлы тұлға кенесары қасымұлының сенімді батырлары болған. міне, сапар епкеев, айханбай құдабаев, дәулет жүнісов, бекежан және бекболат құрынбаевтар сынды алаштың намысты азаматтарының қаржылай демеушілігімен ұлт тарихында айрықша із қалдырған жаужүрек батырларға ескерткіш қойылды.  

қажы мешітінің имамы оралбай қажы батырлар рухына бағыштап   рухани тағылымды шараны құранмен ашып берді. академик, шежіреші ғалым рашид каренов батыр ң тағылымды ғұмырынан жасады. шахтинск қаласы әкімінің орынбасары достық егішев құттықтау сөз сөйлеп, бұл ескерткіш монументтің ұрпаққа берер тәрбиесінің зор екенін баса айтты. жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу мақсатында өрбіген іс-шараның биік деңгейде өтуінде айтыскер ақын айтбай ботпайұлының зор үлесі бар. арқаның аузымен құс тістеген ақындары мақсат аханов пен дидар қамиевтер жырдан шашу шашса, айтулы әншілер сержан мұсайын, ержан базарбеков, дәуренбек аркенов, сәттар сәрсенбаев та ерлік пен елдік рухындағы әндерімен елді бір серпілтіп тастады. батырларға тағзым жасалған іс-шараның көркін астанадан арнайы келген ибрагим ескендір «көктудың желбірегені» әнімен бедерлеп берді.

иә, ел мен жер қорғаған батырларға көрсетілер құрмет асқақ болуы керек. сол арқылы алаштың намыс туы да заңғар биікте желбірей бермек.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Составьте сочинение на казахском на тему бабушка и дедушка (10предложений)
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

artmasterstyle
irinakiral
mishagoride885
Shikhova-Vitalii1290
novdodCT
merx80
Staroverovanatasa494
smartschoolfili6
Владимир1524
meu72
Любовь
zrv85
Aleksandr-Andrei
qwe54344
des-32463