ответ:Оқу - білім азығы, Білім – ырыс қазығы. *** Білім басы - бейнет, соңы - зейнет. *** Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт. *** Білімдіге дүние жарық. Білімсіздің күні ғаріп. *** Көзі жоқ, құлағы саудың Ақылы толады. Құлағы жоқ, көзі саудың Ақылы солады. *** Өмір - үлкен мектеп. *** Өмірдің өзі - ұлы ұстаз. *** Жердің сәні - егін, Ердің сәні - білім. *** Жер - ырыстың кіндігі, Білім - ырыстың тізгіні. *** Білімді бесіктен тесікке дейін ізден. *** Өнер - ағып жатқан бұлақ, Ілім - жанып тұрған шырақ. *** Білімді өлсе, Қағазда аты қалар. Ұста өлсе, Істеген заты қалар. *** Кітап - алтын қазына. *** Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі. *** Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір. *** Көргенсіз дегенге кек тұтпа, Көргеніңнен көрмегенің көп. *** Ғылым - теңіз, білім - қайық. *** Алтын алма, білім ал. *** Ұстаздан шәкірт озар. *** Оқымаған бір бала, Оқыса екі бала. *** Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім біл. *** Әліппенің ар жағы - білім бағы. *** Ғылыммен жақын болсаң , қолың жетер, Залыммен жақын болсаң, басың кетер. *** Шәкіртсіз ұста - тұл. *** Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла. *** Кітап-ғылым - тілсіз мұғалім. *** Білімі жоқ ұл - жұпары жоқ гүл. *** Мың малың болғанша, бір балаң ғалым болсын. *** Наданмен дос болғанша, Кітаппен дос бол.
Толығырақ: https://massaget.kz/maal-mtelder-zhayltpashtar/957
Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Напишите сочинение на тему-традиции казахской семьи! на казахском! заранее надо не менее 20-25 предложений
Қазақ отбасында дәстүрлер жиырмасыншы ғасырдың басында жақсы сақталған. Бертін келе көп салттар ұмытыла бастады. Ең жақсы дәстүрдің бірі үлкенді сыйлау. Ата-ананы құрметтеп, қарсы келмей, айтқандарын орындау. Отабасының барлық мүшелері ас әзір болғанда, дастархан басына бірге отырып тамақтану. Тамақты отбасының үлкені бастайды. Барлығы тамақ ішіп болғанша дастархан басынан тұрып кетпей, үлкен кісі ас қайырып, бата бергеннен барып тұру. Қонақ келгенде қабақ шытпай қарсы алып, жоғары дәрежеде құрметтеп күтіп, сый-сыяпатын беру. Үлкендер өзінен кішіге қамқор болады. Кішілер үлкендердің айтқанын тыңдайды. Жаңадан көрші қоныстанса қонаққа шақырып, танысады. Көшетін көршілерге айрылысар көже береді. Балалары үйленетін болғанда, екі жақтың ата-анасы кездесіп, келісіп, жігіт жағы қалыңмал дайындайды.Қыздың жағы тапсырған заттарды дайындап, құда түседі. Қалыңдыққа сырға тағады. Онан соң қызды жігіттің үйіне әкеледі. Беташар той жасайды. Бет ашар тойда қалыңдық сәлем салып тұрады. Бет ашып тұрған жігітке аты аталған адамдар ақша салады. Қалыңдықтың бетін ашқан соң үлкен той болады.