«Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, Адам болам десеңіз...» - деп, айқындап берді. Осындағы «Адам болу, оған тезірек жетуге, асығуға ұмтылатын бес нәрсе не?» деген сұраққа Абай: «Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым ойлап қой - Бес асыл іс, көнсеңіз...» - деп, кесімді, тұжырымды жауап береді. Шын мәнінде нағыз адам болу үшін жағымды жақсы қасиеттер, жақсы сипаттар - адамдық, әділеттілік, достык,махаббат,ар-намыс, сабырлылық, батырлық т. б. толып жатыр. Осылардың ішінен ақын жастардың бойындағы адамгершіліктің негізгі қасиеттері,«Бес асыл іс»: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым туралы даналық ой қозғауының өзіндік мәні бар. Талап. Абай Қырық төртінші сөзін «А ң ең жаманы - талапсыз» деп бастайды да, талаптың да түрлері кеп болатынын баяндайды. Талаптың ішіндегі ең зоры - бір өнерді таңдап, содан нәтиже шығармай тынбаушылық. Ақын жастарға өнер үйренетін кітаптарды оқуға, бірақ мұратты кітап бетінен емес, өмірден іздеуге кеңес береді. Абайдың түсіндіруінше талапсыздықтың түрлері - ынтасыздық, ықылассыздық, жігерсіздік. «Керек іс бозбалаға - талаптылық, Әр түрлі өнер, мінез, жақсы қылық. Кейбір жігіт жүреді мақтан көйлеп, Сыртқа пысық келе» - дей келе, талапсыз адам ғылымға, болашаққа, өз өміріне жол сала алмайтынын ескертеді. Еңбек. Бүл дүниедегі құдіретті күш діни ұғымда құдай болса, ғылыми ұғымдағы бірден-бір жасампаз ұлы күш - Еңбек. Абайдың тұжырымынша әуелі құдайға сиынып, сонан соң өз қайратына сүйеніп еңбек еткен адам нағыз азамат болып саналады. «Адамшылықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың», - дейді ақын. Абайдың пікірінше ерінбей еңбек еткен, ізденген, әр нәрсенің жөнін біліп, әрекет еткен кісінің жетпейтін арманы болмайды. «Еңбек қылсаң ерінбей - Тояды қарның тіленбей...» -деген жыр жолдарындағы ақынның байламы бойынша еңбектің негізгі атқаратын қызметі, басты мақсаты - жан сақтау, мал табу, үй-ішін асырау. Терең ой. Адамды адам еткен еңбек болса, сол еңбек дағдысы барысында қалыптасқан адамды барлық жан-жануардан ерекше айырып тұрған екі қасиетті Абай жоғары бағалады. Оның біріншісі - ақыл-ой, екіншісі - сөз. Ойлау - күрделі психикалык процесс, оның мазмұны өте бай, ал ешқандай сөз ойдың барлық байлығын қамтып бере алмайды. Сөз тіл арқылы жүзеге асатын болса, ойлаудың негізгі құралы - ұғым мен пікір болып табылады. Абай «Жапырағы қуарған ескі үмітпен» өлеңінде адам үнемі үздіксіз ойлауы керек, өйткені тек тұрақты ақыл-ой әрекеті ғана кісіні алға бастайды, бірақ ой күнделікті өмірмен байланысты ақиқатты түрде болуы керек деп үйретеді. Ақын мияда қорытылып айтылған өзіндік тиянақты ұғым мен келелі пікірге толы ойлы сөзді құрмет тұтып: «Басында ми жоқ, Өзінде ой жоқ» - деп, ой-пікірсіз сылдыр сөзді адамдарды сынға алады. Қанағат. Абай адамгершілік, иман туралы толғаныстарында «қанағат» ұғымына ерекше мән береді. Ақынның түсіндіруінше қанағат - барға риза болу, місе түту, нысаптан шықпау, нәпсіге ермеу: «Қулық, сұмдық, ұрлыкпен мал жиылмас, Сұм нәпсің үйір болса, тез тиылмас, Зиян шекпей калмайсың ондай істен, Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас». Ал, қанағатсыздық - езі тойса да, көзі тоймайтын тойымсыздық, нысапсыздық. Қанағат қарын тойғызса, жалғыз атын сойғызуға жеткізетін қанағатсыздықты ақын: «А қанағатсыздықпен... хайуандардың тұқымын құртты...» деп, мінейді. «Есті кісіні тауып құрметтейін десең, әділет, ұят, нысапқа есті кісі елде жоқ. Қулық, сұмдық, арамдық, амалға өлдің бөрі де есті», - деп, налиды. Рақым. Абайдың пікірінше терең ойдың негізі ми мен ақыл болса, рақымдылықтың негізі жүрек пен сезім. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын мен..әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық..менен шығады» -деп, жүректің қызметіне талдау жасайды. Абайдың тұжырымынша рақымдылық - барлық а өз бауырындай керу, езіне ойлаған жақсылықты өзгеге де жасау.Мейірімсіз, ешкімге жаны ашымайтын қатыгез адамдарды ақын жақсылықтың жауызы, жамандықтың дем берушісі деп бағалайды.
Объяснение:
Объяснение:
Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері – Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы.
Жамбылдың өсіп-өнген жерінде ән-күй, ақындық –жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. М. Әуезовтың «қазақ халқында ерекше дамыған айтыс өнері ХІХ ғасырдан бергі жерде өзге жерлерде саябырсып, Жетісу, оңтүстік өлкелерінде шоғырлана бастайды» деуінде үлкен тарихи себеп бар. Біріншіден, Қазақстанның өзге өңірлерін ертерек шарпыған отаршылдық ел ішінің дәстүрлі қалпына өктемдігін жүргізіп, шырқын бұзып үлгергенде, Жетісу алабы әзірше қағаберісте еді. Екіншіден, бұл өңірдің ертеден тамырын тереңге жайған өнерпаздық дәстүрі шын мәнінде ХІХ ғасырдан бергі жерде айрықша биік өреге көтеріліп еді. Осы кезеңде Жетісуға сонау Арқадан ұлы Абайдың келуі, Біржан, Шашубай, балуан Шолақ сияқты дауылпаз әнші-ақындардың келуі, Таластан – Жалайыр Түбектің келуі, оңтүстіктен – Майкөт пен Майлықожаның келуі, Атыраудан – Құрманғазының келуі, сөз жоқ, ең алдымен олардың алыстан жаңғырығы жеткен ұлы өнер мектебіне деген ұмтылыстарына байланысты еді.
Осындай өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен ақ таныла бастаған . Ол бозбала шағының өзінде ақ өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген. Осы кезде өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алады. Мұнан әрі жал –құйрығы сүзілген жүйріктей арындап, сол кездегі Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құланаян Құлманбет сияқты ақындықтың жылжыған жорға, жылмиған жүйріктерімен айтысқа түскен Жамбыл ұдайы шоқтығын асырып отырған. Бұлар ғана емес қырғыздың Балық, Тыныбек, Қалығұл, Найманбай, Қатаған, Арыстанбек, Сағымбек сияқты ақын-жырау, манасшылармен өнер өрелестіріп, қырғыздың көл-көсір поязиясынан тағылым алады, ақындық өнерін одан әрі шыңдай түседі. Жамбыл енді ақындық суырыпсалмалық өнеріне қоса «Көрғұлы», «Шаһмардан» сияқты жыр-дастандарды апталап-айлап жырлап, ақындық жыраулық өнерін соны қырымен таныта бастайды.
Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылдары – бір жағынан, Қоқан хандығы – екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар- үшінші жағынан қазақ халқын әлеуметтік саяси қыспаққа алған шақ еді. Жаны сергек, санасы өрелі Жамбыл өзінің «Шағым», «Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық шыншылдықпен азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді. Жамбыл Қазан төңкерісінен кейінгі елдің саяси-әлеуметтік өміріндегі тарихи өзгерістерге үлкен үмітпен ден қояды. Оның «Туған елім» атты толғауы 1936 жылы жарық көріп, онан соң орыс тіліне аударылған нұсқасы «Правда» газетінде жарияланып, қарт ақынның даңқы бүкіл әлемге жайылды. Халқына қадірі артып, даңқы өрлеген Жамбыл, шабыт тұғырына қонған Алатаудың ақ иық қыранындай, жыр нөсерін селдетеді. Оның 1936-1945 жылдар аралығында шығарған жырлары 13 мың тармақтан асады екен. Ол ел өміріндегі табыс пен жаңғыруларды, жеңіс пен ерлік істерді ерекше шабытпен жырлайды. Шағын жыр-толғаулар ғана емес, оның қарт көкірегінен «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сияқты эпикалық туындылар қайта жаңғырып ақтарылады.
Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда , халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Жамбыл – ізгілік жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын. «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» - деген еді Сәкен Сейфуллин. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді.
Жамбылдың қанатты шабытпен дүниеге келген шығармалары әлемнің ондаған тіліне аударылып дүние жүзіне тарады. Жамбыл көзінің тірісінде ақ КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын алып, өзінің де, халқының да даңқын дүйім дүниеге паш етті. Жамбыл бейнесі қазақ өнерінің барлық түрінде, барша жанрында шабытпен бедерленіп, ұлттың рухы биік ұлы тұлғасы екенін әйгіледі.
1945 жылы 22 маусымда Жамбыл дүние салды.
1946 жылы ақпанда Қазақстан жұртшылығы даңқты ақынның жүз жылдығын салтанатпен атап өтті. Мерейтойына қарай ақынның таңдамалы шығармаларының академиялык жинағы орыс және қазақ тілінде басылып шықты
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Қазақ əдеби ертегілер туралы шығарма
МақсатыӨңдеу

Оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззатберу. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик. әдеби қазына. ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек ертегі шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды.Ертегінің композициясы бас қаhарманды дәріптеуге бағындырылады, сөйтіп, ол белгілі бір сұлба бойынша құрылады. Мұның бәрі ертегіге идеялық, мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Осы тұтастық бұл жанрға басқа да қасиеттер дарытады: композиция мен эстетикалық мұраттың бірлігі әрі тұрақтылығы, көркем шарттылықтың міндеттілігі, ауызекі сөйлеу тіліне сәйкестігі, тұрақты тіркестердің қолданылуы, т.т.
Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. ертегідегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады. Өмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады. Сонымен бірге ертегідегі оқиғалар мен іс-әрекеттердің қаншалықты әсерлі болуы ертекшіге ғана емес, сондай-ақ тыңдаушыға да, ертегінің айтылу жағдайына да байланысты. ертегіде қиял мен ғажайып әрі идеялық та мақсатта қолданылады, себебі классик. Ертегі адамның рухани азығы болуымен қатар идеол. та қызмет атқарған. ертегінің көркем баяндалуында сюжеттен де гөрі композицияның рөлі артығырақ