1) шөптер де / жапырақтар / қалған / сарғайып / қурап. 2) бұлттар / жаңбыр да / қаптап / аспанда / жауып тұр / сіркіреп. расставить слова в правильном порядке
1)жапырақтар сарғайып, шөптер де құрап қалған. 2)аспанда бұлттар қаптап , жаңбыр да сіркіреп жауып тұр
olma-nn477
26.06.2020
Уған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын. Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер...еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. А ң татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл Қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын Қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы Қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғыкөркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.
Lenuschakova1982316
26.06.2020
Әр заман, тарихи әр кезең әлеуметтік құбылыстар өзінің дарынды өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны мәлім.Олар елдің мұң – мұқтажын көре біліп, халқының сол мұқтажына перзеттік махаббаттын арнаған, туған халқының игілігі үшін бар күш жігерін жұмсаған ардақты азамат ретінде халық тарихынан орын алып отырған. Мұндай азаматтардың игілікті дәстүрлері ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып, елдің тарихи, мәдени өміріне елеулі ықпал етіп келген. Қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алған сондай тұлғалардың бірі- Ыбырай Алтынсарин.Ол жаңашыл, дарынды ағартушы ғана емес,халқымыздың теңіздей толқып тасыған інжу – маржан жырларын жақсы біліп, еңбегіне арқау еткен. Сүйтіп, өзі өмір сүрген дәуірдің мұрат- мүдделеріннің кәдесіне, ұрпақ тәрбиесіне жарата білген тұлға. Ал оның заманы тарихтың бір аумалы – төкпелі кезеңі болған еді. Өйткені ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан кейін- ақ енді қазақ жеріне Ресей патшалығының сұғы қадалып, жаулауы басталған-ды.Қазақ халқы небір зорлық- зомбылық, зобалаңды басынан өткізіп жатты. Намысқа шапқан қазақ батырлары бастаған азаттық жолындағы күрестер біріне- бірі жалғасқан еді. Исатай- Махамбет, Кенесары- Наурызбай, Сырым батыр, Едіге, Есет пен Бекет, Жанғожа, Сұраншы- Саурық тәрізді батырлардың есімі қазақ тарихында алтын әріппен жазулы... Ауыр заманда білім алып,ат жалын тартып мінгесін- ақ Ыбырай Алтынсарин білім ұранын көтерді.Елді қорлықтан құтқаратын, игілікке бастайтын тек білім деп есептеді.Бұл ретте ол жалғыз болған жоқ. Байтақ Қазақстанның әр өңірінен ұлт басына төнген қауіпті терең сезініп, ұлттық құлдыраудан құтылудың жолдарын көрсеткендер болды. Солардың ішінде ұлы Абайдың орны ерекше. Абай мен Ыбырайдың ақындық,ағартушылық енбектері бірін –бірі толықтырып, үндесіп жатты.Олардың бұл үндестігін терең зерттеп дәлелдеген ғұлама жазушы Мұқтар Әуезов болды. Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан мектептерде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөліп, тілашар ретінде халықтың ауыз әдебиетін пайдаланып, өзі де ұрпақ тәрбиесіне арналған әдеби шығармалар жазды.Сол әдеби шығармалары арқылы тіршіліктің өзекті мәселерін көтеруге бет бұрды. Ол қазақтың жазба әдебиетінің, әдеби тілінің негізін қалаушылрдың бірі болды.Әдебиетке тың тақырыптар әкеліп, озық ойлар негізді. Шиеленіскен тартыстар,соны бейнелер, бұрын болмаған жанрлар арқылы әдебиетті мазмұн жағынан ғана емес, түр жағынан да дамытты. Оның мазмұнды да мағыналы әсем лирикалық өлеңдері, қысқа да әсерлі әңгімелері қазақ әдебиетінің тарихында өшпес орын алады. Ыбырайдың әдеби еңбектерінің жинағы "Қазақ христоматиясы" (1879) ағартушылық мақсатта жазған әйгілі екі өлеңмен ашылыды.Ақын бұл өлеңдерді өз кезінде "Сөз басы" деген атпен алған.Қазір бұл өлеңдер "Кел, балалар,оқылық", "Өнер-білім бар жұрттар" деген атаулармен мәлім. Ол халық ағарту ісіне арнаған әдеби туындыларын да оқу- білімді насихаттаудың ұтымды әдісінің қажеттігін көрсетті.Оқу білімнен кенже тұрған халық үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттай алатын қысқа көлемдегі поэтикалық шығармалардың айрықша ұтымды екенін,әсерін терең сезінді, сенді.Қазақ жастарын білім алуға,мәдениеттің жаңа дәстүрлерінигеруге,бойға сіңіруге шақырды. "Кел, балалар,оқылық"өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып,білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып отырды. 1) Істің болар қайыры Бастасаңыз алдалап. Оқымаған жүреді Қараңғыны қармалап. 2) Надандықтың белгісі- Еш ақылға жарымас... Жөн білмеген адамға Қыдыр ата дарымас... Бұл "өлеңнің айрықша құндылық қасиеттерінің бірі- оның халық дәстүрі,халықтың ұғым өлшемі негізінде жазылғандығында",- деп атап көрсетеді.ғалым Ә:дербісалин "Ы.Алтынсариннің әдеби мұралары" деген еңбегінде. Мысалы мал байлығын салыстыру,білмсіз,еңбексіз байлықтың баянсыздығы т.б. Ал "өнер- білім бар жұрттар" өлеңінде сол тұстағы ғылым мен техниканың ең басты жаңалықтары толық қамтылып, өнер мен білімгеқолы жеткен халықтың экономикалық жағынан озықтығын әр салада көрсетеді.("Сарай салғызды", "Айшылық алыс жер", "Көзіңді ашып жұмғанша", "Құстай ұшу", "Балықтай жүзу", " Өнер- жігіт көркі", "Сіздерге бердім батамды" т.б.
Ответить на вопрос
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
1) шөптер де / жапырақтар / қалған / сарғайып / қурап. 2) бұлттар / жаңбыр да / қаптап / аспанда / жауып тұр / сіркіреп. расставить слова в правильном порядке
2)аспанда бұлттар қаптап , жаңбыр да сіркіреп жауып тұр