Дулаттың арнау өлеңдері ішінде «Ақтанға» деген өлеңінің сипаты өзгешелеу. Жетім бала Ақтанның өмірі ақынның аяушылық сезімін қозғап, жүрегін тебірентеді. Ал Дулатты баланың болашағы көбірек толғандырады. Ол осы Ақтан баланың бойынан ел тілегін арқалап, халық басына өз еркі өзіндегі өткен дәуренін қайта оралтар ерді, батырды көргісі келеді.
Ақын Ақтан бала ер жетіп, «бадана көз тоғыз тор сауыт» киіп, қашан ғана жауды қуар екен деп армандайды.
О, Ақтан жас, Ақтан жас,
Сенде жетер ме екенсің?
Жетімдіктің белінен
Асып өтер ме екенсің?
Жарық сәуле көре алмай,
Ел шаңына ере алмай,
Сол бойы кетер ме екенсің?
Жапанға біткен жапырақ
Жамылсан тонар ма екенсің?
Жазғы шыққан бүлдірген
Сұғыңсаң тояр ма екенсің?
Күрек тісін қасқайтып
Сұлу сүйер ме екенсің?
Бадана көз, тоғыз тор
Сауыт киер ме екенсің?
Білтеліні тұтатып,
Түтінін үзбей оқ атып,
Жау қашырар ма екенсің?
Тұлпар атты жаратып,
Құйрық — жалын таратып,
Бежін ерді ерлетіп,
Жорыққа жортып, терлетіп
Сырты қырлы, жүзі алмас,
Салған дағы жоғалмас
Сапы асынар ма екенсің?
Босағасын борлатқан,
Таңдайға дәмі татымас
Керегесін торлатқан,
Тегерішін манаттан,
Жібектен ызып бау таққан
Үйге кірер ме екенсің?
Тең құрбыңмен теңеліп,
Шаруа жиып кенеліп,
Бала сүйіп, мал жиып,
Керсеніңе бал құйып,
Өмір де сүрер ме екенсің?
Жетімдіктен өтерсің,
Шаң бермей әлі кетерсің.
Қажыма, Ақтан, қажыма,
Жетерсің, әлі жетерсің!
Объяснение:
Өмірге келген әр пенде ес біліп,есейген соң мұң-шерін шағатып, қуанышына ортақтасатын сырлас іздеп тең табары рас. Достық – ұлы сезімнің бірі. Адамдар бір-біріне қалтқысыз сеніп, жығылғанда демеп, құласа көтеріп, өмірдің сан түрлі қиындығында жаныңнан табылып, қайғы мен мұңды тік тұрып бөлісетін, тек қиындықтар да ғана емес өмірдің жарқын сәттерінде де жәрдемдесетін өлшеусіз қамқорлық пен жауапкершіліктің, адами құндылықтардың басын біріктіретін қасиет. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достыққа кіршіксіз адалдық пен қарап, шынайы бағалау қажет. Бүгін де ел арасын да достық туралы:
“Бір дос бар мұрныңнан қан кеткенше,
Бір дос бар астыңнан тақ кеткенше,
Бір дос бар басыңнан бақ кеткенше,
Бір дос бар қораңнан мал кеткенше,
Бір дос бар кеудеңнен жан кеткенше” – деген орынды,мағаналы сөз бар.
Сатқындық, екіжүзділік, қызғаншақтық және өтірік айту достық ұғымына қарсы, достыққа кедергі болатын керіағар ұғым. Өзгенің қуаныш-бақытын көре алмайтын жандардың досы аз, тіпті болмауы мүмкін. Ел даналығында достыққа байланысты айтылған аңыз-әңгімелер мен мақал-мәтелдер көп: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Жүз тиының болғанша,бір досың болсын”. Достықта қолда барын беріп,қайтарым күтпей үйрену керек. Достықты шынайы бағалаған адам ешқашан жалғыз қалмайды.
Объяснение:
Үлкендерден достық жайында естіген өсиет-әңгімелерімнің бірі: Бұрын қалың қар жауған қыстың бір күні, Арман қолына күрек алып, есік алдын тазалауға кіріседі. Көрші үй жаққа қарап еді, үйге барар жолы жасалынып дап-дайын болып тұрғанын көрді. Ертеңіне қайта қар жауады. Арман көршісінен қалыспайын деп, бұл жолы әдеттегіден жарты сағатқа ерте тұрады. Далаға шығып қараса, көрші үйдің есік алды баяғыдай тазаланып қойылыпты. Үшінші күні болса, қар кешегіден де көп жауған. Бірақ бұл жолы да, Арман жолды тазалау үшін ертерек тұрса да, көршісінің үйіне жол тазаланылып қойылғанын көреді. Көршісімен кездескен сәтте, Арман тура сұрайды: «Сен есік алдындағы қарды қалай ғана тазалап үлгересің? Әр көргенімде үнемі тап-таза болып тұрады», – дейді. Көршісі оған: «Жолды қардан ешқашан тазалаған емеспін. Келіп-кететін достарымның көптігінен болса керек, жол өздігінен-өзі тазаланып, осылай болады», – деген екен.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Кобланды батыр на казахском языке описание героев.