is490
?>

Как написать мини сочинение на казахском языке про "жазғы саяхат"

Казахский язык

Ответы

Никитина580

Жазғы саяхат.

Көптен күткен жаз мезгілімен қоса жазғы демалыс та келіп жетті. Төрт тоқсан бойы сабақ оқыған мектеп оқушылары асығыспен күтетін бұл мезгіл небір қызықты оқиғаларға толы болады ғой. Мен биылғы жазғы демалысымды отбасыммен шер шоқтығы атанған Көкшетау өңірі, атап өткенде Көкше өлкесіндегі ғажайып мекен – Бурабайда өткіздім.

Бурабай – мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы, бұл өңірді ел арасында «Қазақстандық Швейцария» деп те атайды. Оның бірнеше себебі бар, ең алдымен бұл мекеннің әсем табиғатын сөзбен суреттеп жеткізуге мүмкін емес. Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Биік таулар, көгілдір көлдер, қарағай мен қайың ағаштары өлкенің сәнін кіргізеді. Жыл сайын бұл жерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ, алыс және жақын шетелден демалушылар келеді. Бурабайдың балшығы мен минералды суы емдік қасиетке бай.

Біз отбасымызбен осындағы қонақ үйлердің біріне орналастық. Күнделікті  көлге шомылуға барып, ал одан соң түрлі экскурсияларға баратынбыз, солардың ішінде Абылай алаңы, Оқжетпес, Ұйқыдағы батыр, Жұмбақтас ерекше әсер қалдырды. Жазғы демалысымды қызықты әрі денсаулыққа пайдалы өткіздім. Енді отбасымызбен қысқы мезгілде келіп демалсақ деп жоспарлап та қойдық.

iplizogub74
Бешбармақ рецепт қазақша. Ет жылқы, сиыр, қой еті өз қалауыңызша алып жақсылап жуып, қазанға етті саламыз. Ет қайнаған кезде, көбігін алып, тұздап, отты азайтып, 2 сағаттай қайнатамыз. Енді қамырымызды дайындап аламыз.
Қамырға: 2 жұмыртқа 1 шәй қасық тұз 200гр су Ұн Барлық қоспаларды қосып, жақсылап қамыр илеп 20 минутқа қамырымызды қойып қоямыз.
2пиязды алып майдалап турап ыдысқа салып, үстінен еттің бетіндегі майлы сорпадан құямыз да бұқтырамыз.
Қамырымызды жайп алып, етті сүзіп қайнап тұрған сорпаға қамырымызды бір-бірлеп салып, піскен соң легенге сүзіп аламыз. Етті турап, қамырдың бетіне май сорпасын құйып, бетіне етті салып , еттің бетінен қайта май сорпамызды құямыз. Өз қалауыңызша картоп пен сәбіз салуыңызға да болады.
Бешбармақ дайын.
Астарыңыз дәмді болсын!
Михеев557

Жыл мезгілдері туралы мақал - мәтелдер:

Жазғытұрымғы жел жардай атанды жығар.

Жаздың бір күні, қыстың мың күні.

Нөсер алдында найзағай ойнайды.

Жаңбыр бір жауса,

Терек екі жуады.

Күркіреген бұлттың жаңбыры аз.

Таулы жер бұлақсыз болмас,

Сулы жер құрақсыз болмас.

Туған ай, тураған етпен тең.

Қаз келсе, жаз келер,

Қарға келсе, қатқақ келер.

Су аққан жерінен айнымас.

Сәуір болмай, тәуір болмас.

Үркерлі айдың бәрі қыс.

Қыстың көзі қырау.

Шағала келмей жаз болмас.

Шаңқан келмей, боз болмас.

Жел түбі азық, жекен түбі қазық.

Сәуір болса, күн күркірер,

Күн күркіресе, көп дүркірер.

Жаз сайға қонба,

Қыс қырға қонба.

Қараша қауыс, кәрі-құртанды тауыс.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Как написать мини сочинение на казахском языке про "жазғы саяхат"
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

МАМОНОВА-андрей
innaglobal21
alexey
dmitrievanata83538
Sergeevich-irina
Ляпунов_Владмирович
seleznev1980
inbox466
bar02
Nikolai_oksana
Меладзе_Владимир1695
oksana77768
atenza3736
margusha1974
vkaloshin