Монро доктринасы - 1823 ж. АҚШ президенті Дж. Монро еуропалық державаларға сес көрсете, олардың Латын Америкасы жаңа тәуелсіз елдерінің ішкі істеріне араласпауын талап етіп, оның АҚШ-пен достық қарым-қатынасқа түсірілген көлеңке ретінде қабылданатынын ескерткен сөзінде келтірілген "Америка тек американдықтарға" принципі. Егер бастапқыда Монро доктринасы еуропалық державалардың Батыс жартышары істеріне араласпауы керектігін білдірсе, кейіннен доктрина басқадай мәнге ие болды: АҚШ бұл істерге қажет деп тапқан уақытында араласа алады. Монро доктринасының бұлайша түрленіп, құбылуын 1904 ж. АҚШ президенті Т.Рузвельт жүзеге асырды (Монро доктринасының Рузвельттік салдары ретінде белгілі болды).
[1]
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Составьте тонкие и толстые вопросы по тексту (с ответами)
ответ: 7-сыныпта «табиғат ресурстары» деген түсінікпен, табиғи байлықтардың жіктелуімен, ресурстармен қамту деңгейін есептеу тәсілдерімен таныстыңдар. 8-сыныпта сендер табиғи ресурстарды бағалау тәсілдерін зерттеуді жалғастырасыңдар.
Кез келген мемлекет немесе кәсіпорын белгілі бір ресурстарды игергенде қандай ақшалай тиімділікке қол жеткізетіндіктерін алдын ала білгісі келеді. Оларды табиғат байлықтарын игерген кезде қандай шығындар болуы мүмкін екендігі, қандай табыс алатындығы қызықтырады. Мұндай бағалау оларды игеруге тұрарлық па екендігін алдын ала анықтауға мүмкіндік береді.
Табиғи ресурстардың құнын ақшамен бағалау үшін олардың натурал мөлшерін (өлшеу бірлігіне сәйкес жалпы қорын) анықтау қажет.
Барлық кендер, ағаш сүрегінен басқа биологиялық ресурстар, бағалы тастар салмақ бірлігімен, су, газ және сүректер – көлем бірлігімен, жер ресурстары – аудан бірлігімен өлшенеді.
Ресурстардың кейбір түрлерінің натурал шамасын өлшеу қиын және оларды балмен бағалау қолданылады. Бұлар – топырақтар, рекреациялық ресурстар.
Кейде ресурстардың жекелеген түрлерін натурал шамасымен де, балмен де (балл) бағалайды. Мысалы, екі жер телімінің ауданы бірдей. Бірақ олардың біреуінің ақшалай құны ондағы топырақтың құнарлырақ болуына немесе жер бедері әлдеқайда жазық болуына байланысты қымбатырақ болуы мүмкін. Ол жерде қызықтыратын қосымша элементтер – суы, орманның әдемі жері болуы немесе ол жолға және ірі қалаға жақын болуы мүмкін. Телімнің осы қосымша сипаттамалары оның балмен құнын арттырады.
Табиғи ресурстардың ақшалай құнын анықтау үшін олардың натурал шамасын сауда-саттыққа қабылданған осы шаманың бір бірлігінің құнына көбейту қажет.
Мысалы, орман телімінде сағызқарағай сүрегінің, шамамен, қоры 100 000 м3-пен бағаланады. Нарықта 1 м3 сағызқарағайдың құны 25 200 теңгені құрайды. Сонда сүректің жалпы қоры 2 520 000 000 теңгеге бағаланады.
Алайда, ресурстар бұл толықтай қажетті элементтерден құралмайтын табиғат денелері екендігін есте ұстау өте маңызды. Олардың құрамында қажетсіз элементтер де болуы мүмкін. Мысалы, Қостанай облысы Сарыбай кен орнындағы темір кенінің құрамында 33% темір бар, ал қалған көлемін кремнезем, күкірт және фосфор құрайды.
Мұнда 1 т шойын қорыту үшін, кем дегенде, 3 т кен өндіру қажет. Кен орнындағы темір кені қорының құнын анықтау үшін сол кеннің емес, шойынның құны есепке алынады. 2017 жылғы жағдай бойынша 1 т шойын Қазақстанда, шамамен, 200 мың теңгеден сатылды.
Қостанай облысының Сарыбай кен орнындағы темір кенінің жалпы қоры 889 млн тоннаны құрайды.
Ресурстарды игеруге жұмсалатын шығын жалпы алғанда техникаға жұмсалатын шығындарды, қосымша материалдарды, инфрақұрылымды, еңбекақыны және басқаларды құрайды. Мысалы, 1 т шойын өндіру үшін 3 т-дан астам кен, 1,1 тонна қорытқы көмір, 20 тонна су, сонымен бірге түрлі мөлшерде басқа да материалдар қажет.
Егер де ресурстар аз, ал оны өндіруге жұмсалатын шығын көп болса, онда оларды табиғаттан өндіріп алу іске асырылмайды.