mali2681208
?>

Сұрақтарға жауап беру: 1) қиял-ғажайып ертегілерінің неше саласы бар? а) 3; ә) 2; б) 5. 2) «алтын сақа» ертегісінде қандай тайды таңдап алады? а) жүйрік; ә) қотыр; б) қоңыр. 3) ауыз әдебиетінің түрлері? а) әңгіме, өлең, роман; ә) шығарма, мазмұ, хат жазу; б) мақал, жұмбақ, жаңылтпаш.

Казахский язык

Ответы

annakorotaev3

1) Қиял-ғажайып ертегілерінің неше саласы бар?

ә) 2; (бірі - қазақ ертегілерінің өз тумасы, екіншісі - сырттан келген ертегілер)

2) «Алтын сақа» ертегісінде бала қандай тайды таңдап алады?

ә) қотыр;

3) Ауыз әдебиетінің түрлері?

б) мақал, жұмбақ, жаңылтпаш.

samogon-mozhaisk

1)Айдос өзінің тәтесі Майраның жасырып жүрген сыры бар екенін біліп алды

2)Әр ғасырдың ғалымдары жаңалық ашуға ұмтылған болатын

3)Білім басы - бейнет, соңы - зейнет демекші бақытты өмірдің кілті білімде

4)Статистика бойынша  біздің планетамызда өз тәуелсіздігін алған 258 ел бар

5)Болашақта білікті маман болып шығу үшін білім нәрімен көп сусындау керек

6)Мұрат сөзінің мағынасы «Белгілі бір істі, жоспарды орындау жолындағы ойлы мақсат» деген мағынаны береді

8)Абай өз уақытында шығыстың атақты шығармаларын көп оқыған еді

9)Адам өз жаратылысында маймылдан жаратылған деседі, бірақ Құранда адамдар топырақтан жаратылған делінген

FinKozhevnikov28

Томирис (Тұмар ханша) туралы диалог.

Аспандияр: Бүгін әдеттегіден ұзақ сабақ оқып отырған сияқтысың. Қиын болып жатыр ма?

Еркебұлан: Жоқ, қиын емес, керісінше қызығып кетіп, уақыттың қалай зымырап өтіп кеткенін байқамай да қалыппын.

Аспандияр: Сонда қай сабақты оқып отырсың?

Еркебұлан: Тарих сабағын оқып отырмын.

Аспандияр: Сонда қандай қызықты мәлімет білдің?

Еркебұлан: Ежелгі сақ халықтарының атақты әйел патшаларының бірі Томирис (Тұмар ханша) жайлы оқып отырмын. Анасы ерте дүниеден озып, әкесінің тәрбиесінде болған екен. Кішкентай күнінен әкесімен бірге еріп жүріп, талай рет жаудан да қашып құтылған. Бес жасынан асау атқа мініп, қолына кішкене семсер ұстап, соғыс өнерінің егжей – тегжейін үйрене бастайды.

Аспандияр: Ия, тарих сабағы тұнып тұрған мәлімет қой. Ал сен Томирис патшайымның тарихқа енуінің бір себебін атай аласың ба?

Еркебұлан: Әрине. Әйгілі «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсының әйгілі патшасы Кирмен шайқасын атауға болады. Жазба деректерге сүйенсек, Кир патша көптеген елдерді жаулап алып, «Азия әміршісі» деген атаққа ие болып, сақтарға қарсы жорыққа шығады. Шайқастардың бірінде Кир патшасы Томиристің жұбайы Рустамды өлтіріп, Тұмардың баласын қолға түсірген. Тұтқында Томиристің ұлы мерт болады. Ал Кир көшпенділер еліне елші аттандырып, олардың ханшасына өзіне тұрмысқа шығуын сұрады. Ал Томирис болса, ұсынысты қабылдамай, оның қанға тоймас басын қанға тұншықтыруға уәде береді. Ақыры, ұрыстардың бірінде жеңіске жетіп, Томирис Кирдің басын шауып алып, қан толтырылған сабаға тығып, «Аңсағаның қан еді, іш енді соны!» – деп айқайлаған көрінеді.

Аспандияр: Жарайсың! Сабақты жақсы меңгерген екенсің.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Сұрақтарға жауап беру: 1) қиял-ғажайып ертегілерінің неше саласы бар? а) 3; ә) 2; б) 5. 2) «алтын сақа» ертегісінде қандай тайды таңдап алады? а) жүйрік; ә) қотыр; б) қоңыр. 3) ауыз әдебиетінің түрлері? а) әңгіме, өлең, роман; ә) шығарма, мазмұ, хат жазу; б) мақал, жұмбақ, жаңылтпаш.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*