Feyruz90
?>

Койдын терiсiнен не жасалатын заттар койдын жунинен жасалатын заттар койдын сутинен азирленетин тагамдар

Казахский язык

Ответы

agent-ulitka5

Қой терісі, тауарлық қасиеттері мен өндірісте пайдалану мақсатына байланысты және жүнінің бітісіне қарай елтірілік, тондық және былғарылық қой терісі болып бөлінеді.

Елтірілік түрге биязы, биязылау және ұяң жүнді қойлардан алынған терілер жатады. Бұл терілерден ең жоғары сапалы табиғи және боялған елтірі дайындалып, олардан елтірі шапан, бас киім, жаға, т.б. тігіледі. Сонымен қатар оларды аң терілеріне сәйкестендіріп бояп (құндыз, нутрия, теңіз мысығы, тағыда басқа) ішік, тағыда басқа бағалы елтірі бұйымдар жасайды.

Тондық қой терісіне жүнінің ұзындығы 2,5 сантиметрден жоғары қылшық жүнді қойлардың, олардың будандарының терісі жатқызылады. Олардан қаптал тон, тұлып, қысқа тон, тағыда басқа жүні ішіне қаратылып жасалған жылы киімдер тігіледі. Былғарылық теріге жүнінің сапасы нашар, елтірі және тон жасауға жарамайтын терілер жатады. Ол тауарлардың алуан түрін шығаруда құнды шикізат болып табылады.

Қойдың жүнін жабағы, күзем жүні, қозы жүні, өлі жүн және шет-пұшпақ деп бес түрге бөліп айтады. Жабағы жүннен шидем шапан, күпі күседі, ішпек, терлік жасайды, тыстап күпсек (бөстек), көпшік, жеңіл байпақ тігеді, сонымен қатар киімнің, көрпенің арасына салады, неше түрлі иіру ісіне, бізбен, сыммен тоқу жұмысына қолданады. Жүн матаның сыртына шығып кетпес үшін және шайырынан арылтып тазарту үшін жабағы жүнді түтіп болған соң, қылшықтарын бүрілтіп қайнатады. Түтілген жабағы жүннен шүйке жасалып, бау-шу есіледі, өрмек жіптері, неше түрлі жиектер ширатылады. Күзем жүні мен қозы жүні иіруге келмейтіндіктен оны киімнің, көрпенің тысының арасына салуға келмейді. Сондықтан одан көбіне киіз басылады, текемет, қалпақ, кебенек тігіліп, киіз етік, пима сияқты аяқ киімдер жасалады. Оны алдымен шаң-тозаңнан, шөп-шөгірден тазартып, жүннің білтеленіп, ұйысқанын жазу үшін сабаумен сабап алады. Ертеде әйелдер мен еркектер жүн сабауға ерекше көңіл-күймен кіріскен, бұл үрдіс ойын-сауықпен көңілді өтетін болған. Жүн сабалып болған соң «тулақ шашу» деген ырым бойынша ісмерлер жиналып, тамақ ішіп, ойын кешін өткізген.

Қой сүтінен жасалатын тағамдар

Қой бірнеше ай сауылып, қою, құнарлы сүт алынады. Қой сүті сиырдың сүтінен әлдеқайда құнарлы, майлы болады. Халық оны «Қойдың сүті – қорғасын», – деп бағалайды. Қойдың сүтін үйде, түзде қайнатып ішумен бірге одан айран, қатық, кілегей, қаймақ, сүзбе, ақірімшік, қызылірімшік, сарысу, іркіт, тасқорық, уыз, сірне, құрт және т.б. жасайды. Қой сүті тым қою болғанда, оған аздап су қосып та пайдаланады. Су қосылған сүтті ертеректе сүмесін деп атаған. Осыған байланысты «сүтке су қоссаң, сүмесін болады, сөзге сөз қоссаң, сүйесін болады» деген мақал пайда болған. Сүме деп бұрынғы уақытта малдың желіні мен емшегін айтқан. Кейінірек сүме «сүт», «ағарған» мағынасында қолданылған. Мал төлдеп жатқанда, олардың сауылатын кездерінде малдың сүмесін (сүтін, сүт тағамдарын) көбірек пайдаланған.

Халық тілінде тамақ пісіруге қажетті сүт, май, етті және т.б. асқатық деп, ал көбінесе қаймағы алынбаған қой сүтінен алынған, көлкілдеп тұратын қою айранды қатық атайды. Құрт – ашыған айраннан пісілген іркітті майы алынғаннан кейін қайната отырып қоюландырып, қапшыққа құйып, суын сорғытып, шағын- шағын етіп домалақтап немесе қолмен сығымдап, әртүрлі пішінде жасайтын ұлттық тағам. Оның сүзбеден тұздап жасалғанын – ащы құрт, пішіні қалың, дөңгелек түрін – баспа құрт, қатты кеуіп кетпеген, шала кепкен түрін – жас құрт, қатты ашыған іркіттен қайнатып, сорғытып кептірген, түсі қаралау құртты – қара құрт, саусақпен сығып жасалған сопақша құртты сықпа құрт дейді. Кептірілген құрт қысы- жазы айнымайды, бір-екі жыл бойы пайдалануға болады. Ашыған айранды қалта, қапшыққа құйып, суын сорғытып алған сүзбені тұздап яки тұздамай да қарынға салып қояды. Одан жасалған құртты қыста сорпаға қатады. Жаз айларында қарында сақталған сүзбеге су қосып, шалап жасап та сусынға пайдаланады. Сүзбенің сары суын емге ішеді. Ірімшіктің сарысуынан сықпалап сірне жасалады. Сонымен бірге кей өңірде бағлан қозының етін қарынға салып, өз сөліне бұқтырылып пісірілген ет те сірне деп айтылады. Қозының мәйегін ірімшік жасауға қолданады. Мәйек – іште жатқанда қозының ішек-қарнына жиналатын, төл ауызданып, енесінің қара уызына тойған соң, тоңғақ түрінде сыртқа шығатын иіссіз, ақсары зат. Майлы сүтті қайнатқанда шығатын ақ сары түсті қоймалжың өнімді кептіріп, ірімшік жасайды. Зерттеушілер ірімшік дайындаудың әртүрлі жолдарын көрсетеді. Кей жерде ірімшікті бір күндік қозының мәйегін уызға немесе сүтке қосып қайнатып алып, кептіру арқылы жасайды. Ал кейбір өңірде қой сүтін пісірмей, аздап жылытып, оған мәйек салады. Жылы сүт тез арада ұйып қалады. Оны пышақпен торлап тіліп, жайлап қайнатады. Ұйыған сүт бөлектеніп, сарысуы іркіліп, ірімшікке айналады. Оны алып, басқа ыдысқа құйғанда, жылдам қата бастайды. Кептірілген ірімшік ұзақ уақыт сақталады. Ертеректе Меккеге қажылыққа аттанғанда, жолазыққа ірімшік алып жүреді екен. Ірімшіктің ақ ірімшік, қызыл ірімшік тәрізді түрлері болады.

luza5

ответ:

анам менің! сізге әлемдегі бар жақсы тілекті үйіп-төксем де аз. алла сізге ең алдымен мықты денсаулық берсін! шығар шыңдарыңыз, бағындырар биіктеріңіз, алар асуларыңыз көп болсын! әрқашан алланың назарында, бақыттың базарында шалқып тасып жүре беріңіз! сізге сарқылмайтын денсаулық, таусылмайтын бақыт тілейміз! арамызда бүгінгі күндей жарқырап, күліп-ойнап жүре беріңіз!

сізге деген алғысым да, махаббатым да шексіз.өмірге мән беріп қарасам сізден асқан да,сізден асқан байлықта жоқ екен.

анашым, жүзіңізден шуақ кетпей, біздің ортамызда күліп-ойнап, шаттыққа кенеліп, бақытқа бөленіп жүре беріңіз.

мен сізді жақсы көремін

adminkuncevo

ответ:

қыс  келді. түн ұзара бастады,қар қалың жауды, аяз қатты болады, өзен суы мұз болып қатты, далада қармен ойнады,қардан ойыншықтар жасады,бір топ аулада қар лақтырысып ойнап жүр,бәрі жылы киім киген,мектептер жаңа жылға дайындалып жатыр.

табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз. әр маусымның өзіне тән қызығы мен сейіл-серуені бар. соның ішінде  қыс мезгілі  де өзіндік кіршіксіз аппақ қарымен, қаһарлы мінезімен, сықырлаған аязымен ерекше. бұл мезгілде табиғаттың құпиясын, ерекше бір ұмытылмас сәттерін тамашалайды.

қара жердің бетін басқан аққұба ару сияқты үлпілдеген ақ ұлпа қар айналаға сән бергендей. әркім бұл мезгілді асыға күтетіні рас. бірі шаналарын арқалап, биік жоталарға, таулы қыраттарға бет түзейді. дала төсінде қолдан сырғанақ жасайтын қызықты кездерде өз алдына бір бөлек әңгіме. қолдарына шана сүйреген , жүздері күлкіге толы барлығы бейне бір қыстың суығын емес, оның жылы нұрын, ыстық тартар сәулесін тауып алғандай қуанады.

даланың табиғаты тып-тыныш қалпынан, маужыраған күйінен серпіле түскендей күйде. алатаудың сілемдері мен биік жоталарындағы қыс көріністері көздің жауын алады. басында қашанда қар жататын қарт алатау ару алматының көркіне көрік қосып тұрғандай көрінеді. ақындар жырға қосқан, әншілер әнге қосқан алатау  қыс мезгілінде ерекше сұлу ғой, шіркін!

қыс  мезгілін тағы да асыға күтуіміздің бір себебі - жаңа жыл. сірә, бұл мейрамды еңбектеген , еңкейген қартқа дейін күтетіні айдан анық. бүлдіршіндер аппақ қардан аққала жасап, шырша безендіріп, аяз ата мен ақша қарды көруге асығады. барлығы ақ тілектерін білдіріп, сыйлықтарын береді. қылышын сүйретіп жеткен қаһарлы қыстың бізге берер қызығы мен қуанышы көп. осындай естен кетпес оқиғаларға толы  қыс мезгілін керемет деуге толық негіз бар.  қыстың ғажайып ұмытылмас шақтары жанына шуағын шашып, нұрын төге түскендей, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Койдын терiсiнен не жасалатын заттар койдын жунинен жасалатын заттар койдын сутинен азирленетин тагамдар
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

Devaunka40
Grishanin
Никита_Тузов
irinabaranova2760
Kelena190533
shturman-765255
katrin50
len4ik1986
александр496
evainvest1
mashumi2170
Tane4ka2110
egcuzn86
nickcook424
tboychenko