Ұрылардың көбісі қарулы болады. Бәріміз тезірек әрекет етпесек, ауылға кешігіп барамыз. Дастархан басында отырғанда адам салмақты болып отыруы қажет.
vardartem876
03.04.2021
ЗАМАНЫҢ ТҮЛКІ БОЛСА, ТАЗЫ БОП ШАЛ. Если время — лисица, будь гончей, ухвати ее.
Елдестірмек — елшіден, Жауластырмақ — жаушыдан.
Заман түзелсе, Жаман да түзеледі.
Ханның басын хан алар, Қардың басын қар алар.
Кілемге бергісіз алаша бар, Ханға бергісіз қараша бар.
Қойды құртаң бүлдіреді, Елді сұлтан бүлдіреді.
Хан — қарақшы, Халық — сарапшы.
Хан көп болса — жау көп, Би көп болса — дау көп.
Хан жарлығынан Қатын жарлығы күшті.
Ойында өрелік жоқ, Ханында төрелік жоқ.
Хан сарайы демесең, Қатын өсек қаптаған. Қошеметшіл қу өңшең Ханды ғана мақтаған.
Халық қаласа, Хан қайығын береді.
Ханның ісі қараға түседі, Бидің ісі параға түседі.
Басыңа іс түссе: Бекке барма, көпке бар, Бек беліңді сындырады, Көп ісіңді тындырады.
Хан халықтан үлкен емес.
Арғымақ аттың құйрығы – Әрі жібек, әрі қыл, Асыл мінез азамат, Әрі төре, әрі құл.
Көп толқыса — хан құлайды, Көл толқыса — жар құлайды.
Ханның қызы шөміш ұстаса, Қолы жауыр болады.
Айырдан туған жампоз бар, Нар емес десең нанғысыз, Қарадан туған жігіт бар, Ханға күнін салғысыз.
Төренің тілі тәтті, Діні қатты.
Тура биде туған жоқ, Туғанды биде иман жоқ.
Би екеу болса, Дау төртеу.
Әулекі би Ат үстінен билік айтар.
Туғанына бұрғаны — Биді құдай ұрғаны.
Сын түзелмей, мін түзелмейді.
Аяз әліңді біл, Құмырсқа жолыңды біл.
Иілген басты қылыш кеспес.
Есіткен құлақта жазық жоқ.
Біткен іске сыншы көп, Піскен асқа жеуші көп.
Төбе би де өзіміз, Төре би де өзіміз. Қисық болса сөзіңіз, Құрулы тұр тезіміз.
Орайы келген іс — оңай бітер.
Есі мақұл дауласса, Сөздері асқар ала таудай болар. Бір тентек, бір ақылды дауласса Атысқан жаудай болар. Екі тентек дауласса, Сап-саудай болар.
Қисық ағаш үй болмас, Қыңыр жігіт би болмас.
Қол — таразы, Көңіл — қазы.
Ханды құдай ұрғаны, Халқымен жау болғаны. Биді құдай ұрғаны, Билігі дау болғаны.
Барымтадан қорыққан Мал жимас.
Би жаманы дауға алдырады, Жігіт жаманы жауға алдырады.
Уәдені бұзған — Ұяны бұзғанмен тең.
Халық түзетпегенді, Қалып түзетпейді.
Өтпес жарлық — бойға қорлық.
Алмақтың да алмағы бар, Ат көтере алмас салмағы бар.
Орынын тапқан Орынсыз қалмас.
Тең тартқан Таразы — алтын.
Байлық не керек, Адалдан жимасаң. Билік неге керек, Әділдік құрмасаң!
Көзбен көргенді Құлақпен есіткен жеңген.
Болмайтын істің басында болма, Бітпейтін даудың қасында болма.
Әділ бидің өлгені — Сөзінің болса жалғаны, Ғұламаның өлгені — Болмаса тәлім алғаны.
Источник: мақал-мәтелдер макал мателдер пословицы на казахском языке казахские
Nikishina
03.04.2021
Арал теңізі — Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан ірі көл.Теңіз XX ғасырда ауданы жағынан (68 мың км2) әлемде төртінші орында болған еді, бірақ 1960 жылдардан бастап теңіздің суы азайып келеді. Арал теңізі, Кайназой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын, Арал Каспий теңізіне қосылып жатқан. Өйткені, теңіздің терістік бетіндегі қазіргі Сарышығанақ, Ақеспе тұсынан 80 метр тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың, киттің омыртқа сүйектері тасқа айнала бастаған күйінде табылды. Бұл теңіздің кезінде мұхитпен қосылып жатқандығын көрсетеді.Негізгі Арал теңізі жайлы нақты деректі мәліметтердің жиналуы яғни, арнайы зерттеулердің басталуы \17-19 ғғ.\ ғасырлардың еншісіне тиеді. Өйткені бүгінгі Арал деген атау сол 17 ғасырдан бергі жерге берілген. Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белде-міндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км², тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м³, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Арал апатына себеп болған факторларға: — жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу; — ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау; — суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу; — жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және сіды үнемді пайдаланбау; — табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады. Қазіргі кезде аралды құтқару бағытында батыл да жоспарлы түрде ғылыми негізде жұмыстар жасалуда.
Бәріміз тезірек әрекет етпесек, ауылға кешігіп барамыз. Дастархан басында отырғанда адам салмақты болып отыруы қажет.