Olga Arutyunyan
?>

Раскройте смысл каждой пословицы на казахском, 7 класс, просто. много !

Казахский язык

Ответы

Galina-Marat1096

бұл жазбаны осы жолы жазуыма бірнеше ң сұраныстары себеп болды деуге де келетін шығар. оның үстіне өзім де  жазғым келген. бірақ қу басқа түрлі ойлар келіп сол бойына жазылмай қалған болатын… сосын ойландым. анамның бойындағы бар қасиетін жазудың қандай кінәраты бар? ! әрі оған деген перзенттік махаббатты жеткізудің несі айып? ! әрине, анаға деген құрмет жазумен өлшенбейді! бірақ жазудың да мақсат-мұраты бар. бұл кішігірім әңгімемді қүйбең тірліктің тасасында жүрген бауырларым оқыса, бәлкім олардың да анасына деген махаббаты түлеп, еселенер деген оймен бір шешімге келдім. себебі, өзім де ана туралы өлең, әңгімелерді оқып, не болмаса ән тыңдай отырып, соны қалдырған жазушының (автордың) кейпіне еніп алып жаным рақат тауып қалатын.менің анам қатал. бізді жиі ұрсатын. сондықтан да күнімде кейде кейбір жолдастарымның аналарына қызыға қарайтынмын: неткен жақсы, ешқашан ұрыспайды. не істегісі келсе, соны істейді. ң айтқанын екі етпей орындайды… ал менің анам бізді еркімізге жібермей, тек өзінің темірдей тәртібінің шеңберінде ғана ұстайтын. әрбір ісімізге, жүріс-тұрысымызға қатты көңіл бөлетін. ол уақытта мұның бәрі бізге ұнамайтын. алайда осының бәрін тек іштей ойлаймыз. себебі, «мама неге бұлай…» деп айтуға ешқайсысымыздың батылымыз жетпейтін. «сенің анаң қатал иә? » дейтіндер де болды. сонда «менің мамам жұрттың жүзіне неліктен ыржиып қарамайды екен» деп ойлайтынмын…

қазір барлығымыз кейде «ң аты – екен ғой…» деп өткенді айтып күліп аламыз. «кім нені көргісі келсе, соны көреді» демекші, тек анамызды айдаһардай көрген біз екенбіз. енді қазір бұрынғы көрқарасқа кереғар ойлаймын: менің анам неткен жұмсақ не деген неткен ақылды! … дейтін болдым.

бізді анамыздың туралығы тәнті етеді. қайратты, жігерлі жан. жүрегі кең, қолы жомарт . әкем   көңіліне көп қарайды. ал анам шындықты айтушы. барды – бар, жоқты – жоқ дейді. сол үшін де жұмсақ сөзге үйір басқаларға ұнамайтын шығар деп қоям. алайда, менің анам сияқты салмақты, сабырлы, турашыл, кеңпейіл қасиетке көбіміз кедейміз. кейбір туыстарымның көңілім толмай қараймын. сонда «шіркін, анамның тәрбиесіне салып алар ма еді, осыларды» деп кейде пенделікпен ойлап та қоямын.

29 жасында 6 болған анам, расымен де батыр ана. машақаты бітпейтін ауылдың ауыр тірлігі көпшілікке мәлім. үлкені небәрі 10-да, ал кішісі – мен жөргекте… шұрқыраған алтаудың алты түрлі тілегі бар… алтауы да жыласа алты түрлі дауыспен жылайды… алтауы алты түрлі тамақ жегісі келеді… алтауын бірдей шомылдыру… алтаудың тәрбиесімен айналысу… мұнымен бітпейді. әкем іс-сапарымен кеткенде даланың шаруасы осы пейнетке келіп қосылады…

осыларды қазір ойласам, анамды арқама салып алып, аяғын жерге тигізбей көтеріп жүргім келеді. бірақ біздікі сөз күйіндегі  махаббат… сол себептен де анамыздың бізге берген бір қасық асын өтеу әзірге қиын болып жүр.

арасында ананың ға деген махаббатынан артық, күшті сезім жоқтай көрінеді. жұмсақ тәртіп көрсек, бәлкім анамыздың қадірін де білмес пе едік? ! егер өмірден бірдеңе үйреніп, сәл де болса жалғанның сырын түйсініп жатқан болсақ, осының бәрінде де асыл анамыздың үлкен үлесі жатыр…

өмірдің осыншама қиындықтарын көрген анама мен аяушылықпен қарамаймын. себебі өмір әркімді бір-біріне ұқсамайтын сынағына салады. арманым – анам біздің емес, алланың бағалауына іліксе. ал тілегім – алла анамның құлшылығын қабыл етсе. ал бұл жалғанда менің ата-анам бақытты жандар деп ойлаймын…алпысқа таяған анам, әзірге бір келін, үш күйеу , бірнеше немерелі болды. қазір менің елге оралғанымды сарғая күтіп жүр.

Olga_Vyacheslavovich1054

" Менің арманымдағы мектеп "

Барлығының керемет армандары бар . Менің же арманым және мен сол жайлы айтатын боламын . Мен армандайтын нәрсе көп , бірақ мен өз армандағымдай мектеп қалаймын . Ол үлкен және дизайны әдемі болғанын қалаймын . Ол мектепте көбінесе практика болса деймін . Себебі мен практика арқылы сабақты жақсы меңгере аламын . Сонымен қатар 2 этажды болғанын қалаймын , себебі көп этажды үйлерге мүлде ұқсамаса деймін . Болашақ мектептерде сабақты робот түсіндіреді деп жатады , ал мен ондайды қаламаймын . Мен армандайтын мектеп осындай , бірақ өсе келе мен өз армандарымда жүзеге асыруға тырысамын .

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Раскройте смысл каждой пословицы на казахском, 7 класс, просто. много !
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

dimaproh
me576
Рузиев_Давиденко
alicia179
LidiyaBorzikh
borodin
bondarev05071962
kv135549
Goldglobe
mdubov59
Andrei_Mariya
ren7869
VASILEVNA
violetta152028
praktikadok