endyurans2ooo
?>

Ну погоди на казахском языке маленький рассказ

Казахский язык

Ответы

stusha78938
Быр каскырмен быр коян болыпты. каскыр коянды куалап журып ар кез кыйындыка урылады.олар кейде достасады кейде ураста журеди.
arammejlumyan

Қобда, Неба суларын сүйіп өскен,

Әсем гүлін құшаққа жиып өскен.

Аққу құстың бейне бір баласындай,

Сұлу сазды, жастықтың күйін кешкен.

Әлия - ару қызы сен халқымның,

Әлия - батыр қызы сен халқымның,

Ерке құсы сен даламның!

"Әлия" әнінен

Жаратылысы нәзік гүлдей әйел заты болса да, кез келген ер азаматтың қолынан келе бермейтін ерекше қайсарлық, жігер, көзсіз ерлік бойынан табылған Әлия апамыздың есімі  қазақ халқы үшін қашанда мәртебелі.

Әлия Молдағұлова Ақтөбе облысы, Хобда ауданы, Бұлақ ауылындаСарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында 1925 жылдың 15 маусымында дүниеге келген. Әлия 8 жасқа келгенде, анасы қайтыс болады. Нұрмұхаммед Сарқұловтың қолында ұлы Бағдат пен қызы Әлия қалады. Әкесі Әлияны нағашы әжесі Тәжікеннің қолына беруге мәжбүр болды. Әжесі қазіргі Құрайлы ауылында тұрған, немересін өте жақсы көрген, оған адамгершілікті, жақсылықты, еңбекқорлықты үйреткен. Әлия нағашысы Әубәкір Молдағұловтың үйінде, нағашысының қызы өзімен құрдас Сапурамен өсіп, есейеді. Үй-іші Әлияны өте жақсы көрді. Әубәкірдің әйелі Сән қыздарға көп нәрсені үйретіп, оған қыздар үй жұмысында көмектеседі, кішкентай бауырларын тәрбиелеп, бағады. Өз құрдастарына қарағанда, Әлияның мінезі қисық, қатал болған екен.

Әлия Ленинградты шын жүрегімен жақсы көрді. Бұл қала оның екінші отаны болды. Әлияның мұғалімдері, бірге оқыған дос қыздары оны өте ұстамды, терең ойлы, таза, ұқыпты деп естеріне алады. Ол жалқауларды жек көріп, бүкіл балалардың алдында сынап, ұрысатын. 6-7 сыныптарда Әлия староста болған. Үздік оқуы мен үлгілі тәртібі үшін Әлияны Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері Артекке жіберген. Артекте батырлардың тақтасында атақты Батырлар Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзенің қасында Әлия Молдағұлованың да суреті бар. Әлия оқуда өте зерек, талапты, ынталы болып, кітапты көп оқыған.

Соғыс басталған соң, балалар үйімен бірге, Ярослав облысының Вятское селосына эвакуацияланған. Вятское орта мектебінен 7 сыныпты бітірісімен, Рыбинск авиациялық техникумына түседі, бірақ көп ұзамай (1942 жылы) ЖШҚӘ-ға (Жұмысшы-Шаруа Қызыл Әскері) майданға жіберу туралы өтініш жібереді.

1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Бірақ біраз уақытқа дейін оның алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-білігін іс жүзінде көрсетуіне рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды қалайтынын жазады. Өзі оқыған қаласының құрсауда қалғаны оны қатты алаңдататын еді.

1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап, 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты). Жау әскерінің 30-дан аса сарбазы мен офицерінің көзін жойған. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының солтүстігіндегі Новосокольники ауданында қаза тапты.

19 жасар Әлияны майдандас жолдастары "Шығыс жұлдызы" деп атаған екен.

Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұловаға 1944 жылы 4 маусымда Кеңес Одағы Батыры атағы беріліп, Ленин орденімен марапатталды.

Қаһарман қыз Новосокольники ауданының Монакова ауылында жерленген

rusvicktor

Зияны 

Ғаламторға, оның ішінде қоғамдық желілерге тәуелді жастар ғалымдардың соңғы зерттеулері бойынша осы әуестігі нәтижесінде өзіне деген сенімділігін жоғарылатады екен. Психологтар қоғамдық желілер арқылы танысып, тілдесу адамның батылдығына, өзіне беретін бағасына әсер ете алады, ол көрсеткіштерді жақсы жаққа қарай өзгертеді дейді.

Алайда мамандардың айтуынша қоғамдық желіге құмар жандар күнінің көп бөлігін компьютердің алдында отырып өткізеді. Сол себепті оларартық салмақ жинағандарын да байқамай қалады екен.

Тағы бір қызық жайт: компьютер мен ғаламторға әуес жандардыңбанкротқа ұшырап, бар жиғандарынан айырылу мүмкіндіктері жоғары екен.

Зерттеулерге мүлдем компьютер қоспайтын, қоғамдық желілерді бірнеше сағат және күні бойы отыратындар да қатысты. Нәтижелер қуантпады: ғаламторға тәуелді болғандардың басым бөлігі компьютердің алдында тамақ пен газдалған сусындармен отырады. Сондай-ақ, неге екені белгісіз, компьютер алдында бар уақытын өткізетіндердің кредиттері бойынша қарыздары және басқа да ақшалай қиындықтары көбірек.

Сонымен, ғалымдар ғаламтормен тым әуестену артық салмақ жинау мен кедейлікке алып келе алады дейді, алайда адамның өзіне деген сенімділін көтеретіндігін де жасырмайды.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Ну погоди на казахском языке маленький рассказ
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

михаил
KseniGum9
tetralek
dshi67orbru
borisowaew
sn009
tashovairina
vik1223
xcho1020
Мария-Кострыгина175
d2002
orbbsvsupply
Dmitrievna Lvovich
Konstantinovich alekseevna993
tretyakovamarina201155