Lopatkin_Shchepak174
?>

Эссе " казакстаннын тамаша табигат "

Казахский язык

Ответы

Petrosienko_Larisa,1908
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, неше түрлі жануарлар өмір сүреді. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен. Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті. Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс.
Сергей_Евгеньевич1255

Жыл мезгілдері.

Бір жылда төрт жыл мезгілі.  Олар бірнен соң бірі ауысып келіп отырады. Ең алдымен жыл басын қыс бастайды. Қыс айларына желтоқсан, қаңтар ақпан жатады. Қыста күн суық болады. Көп қар жауады. Одан кейін көктем мезгілі келеді. Оған наурыз, сәуір, мамыр айоары жатады. Біз көктем мезгілі біткен соң жазғы каникульға шығамыз. яғни көктемнен соң жаз мезгілі келеді деген сөз. Жаз мезгілдері маусым, шілде , тамыз болып табылады. Жазда күн жылы болады. Көптеген жеміс-жидектер піседі. Ең соңғысы күз мезгілі. Бұл мезгілде егін егеміз. Дақылдарды жинаймыз. Біз де сабаққа барамыз. Жапырақтар сарғайып түседі. Осылайша жыл мезгілдері ауысып келіп отырады.

daryagulyaeva

 

КӨКТЕМ ТАҢЫ(стих про весну)
Бар әлем сүйіп ұнатқан,
Шапағат нұрын шұбатқан,
Қаймықпай шыққан жайраңдап,
Қыстайғы суық-сынақтан,
Көктем таңы бұл атқан.

Әуені кетпес құлақтан,
Бұлбұлдың әнін жырлатқан,
Тараштап шашты сипаған,
Самалы ескен қыр жақтан,
Көктем таңы бұл атқан.

Қозылар өріп қыраттан,
Су ішкен мөлдір бұлақтан.
Ат мініп бір-бір шабатын,
Бойшаңдау өскен құрақтан,
Көктем таңы бұл атқан.

Еңбектің әні оятқан,
Даланы көкке боятқан,
Шұрқырап шүйгін шалғында
Жусаған мал да тояттан,
Көктем таңы бұл атқан.

Жапырақ жайған бұтақтан
Қауызын жарып бүр атқан,
Өргізіп құстар балапан,
Бөктерге күнгей шұбатқан.
Көктем таңы бұл атқан.

Көкорай ғажап бар аймақ,
Бүр жарған гүлдер орайлап,
Нөсерлеп жаңбыр жауатын,
Күркіреп аспан, жай ойнап,
Көктем таңы арайлы-ақ.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Эссе " казакстаннын тамаша табигат "
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

symkifm
Михайловна-Гусева350
Lavka2017
Сумарокова
Захаров-Иванович
apioslk4533
vifslafes
Tyukalova
peresvetoff100015
Васильевичь Виктория457
Диалог на время на казахском языке
Дмитрий_Евлампиев518
mileva84
Новицкий1107
ivanov568
cmenick29