Қолөнер[1], қолданбалы өнер – дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс. Қолөнершілер негізінен табиғи шикізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек құралдарының көмегімен көркем композицияның шешімімен тұрмысқа қажетті мүліктер, музыкалық аспаптар, қару-жарақ, құрал-саймандар жасайды. Әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеуметтік қоғамдық жағдайының, діни сенімінің, салт-дәстүрінің нақтылы көрінісі.
Қазақстанда көшпелі шаруашылықтың қажетіне сай қолөнершілер мал шаруашылығына керекті желі, шылбыр, ноқта, бұршақ, жүген, құрық, бұғалық, тұсау,өре, шідер, кісен, қада, ер-тұрмандар жасаумен шұғылданды. Олар құмнан, тастан, саздан құмыра, көзе, ыдыс-аяқ; мүйізден, сүйектен, мал мен аң терісінен, ағаштан әшекейленген нақышты дүние-мүлік, домбыра, қобыз, сыбызғы, шаңқобыз сияқты музыка аспаптарын; темірден, мыстан қылыш, найза, қанжар, айбалта, күрзі секілді құрал, қару жасады. Қазақ халқының қолөнерінде киіз үй жабдықтарын, ағаш төсек жасау, түйін түю, ши орау, кесте тігу, өрмек тоқу, киіз басу, сондай-ақ моншақ, білезік, сақина, сырға, алқа, шолпы сияқты зергерлік бұйымдар жасау кең дамыды.
Отан қайдан, неден басталады?
Қазақ халқында «Отан отбасынан басталады» деген терең мағыналы сөз бар. Шындап келгенде, әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді. Себебі, отбасының бала тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың қалыптасуы отбасынан бастау алады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ата мен ананың тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасатыны сөзсіз. Осы ретте ойыма «Ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеде» деген мақал түсіп отыр, яғни халқымыз ұл баланың да, қыз баланың та отбасынан бастау алатын тәлім – тәрбиесіне аса мән берген.
Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен ауыстыруға болмайтын баспалдақ. Отбасы – адам ғұмырының тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай.
Не болса да Отанның бір бөлшегі – отбасыңа ештеңе де жетпейді! Өйткені отбасы – табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет бір сыйы! Соны мәңгі есте сақтап, ұмытпаған жөн!
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Нужен краткий пересказ текста на казахском языке көктемнің соңғы айы. бақ ішінде жапырағы жап-жасыл бірнеше шие ағаштары өсіп тұр. бағдаттың атасы еккен шиелер бұл. былтыр жаз кезінде келген еді. онда бағдат шие жемісін жей алмады. бағдат биыл да атасының ауылына келді. былтырғыдай емес, қаладан екі апта ерте шыққаны дұрыс болыпты. бақтағы шиелердің жемісі шымқай қара. қарасаң қарай бергің келеді. жемістері толықсып ісінген, нәрі толған. қол созымдай жердегі біреуін жұлып алды да, дәмін татты. – ата, шие тәтті екен, – деді. – әжеңе бір шелегін теріп бер. шиенің тосабы жақсы болады. әрі қысты күні тұмауға бірден-бір ем. бір банкісін өзіңе беріп жібереміз, – деп атасы жөн–жосықты әңгімесін айта түсті. бағдат түстен кейін шие терді. – әжесі-ау, бағдатқа шиеден тосап қайнатып бер, – деді атасы. – қалай қайнатам? құмшекері түскір жоқ қой. – әкеп берем. ауылдағы сырбай қайнағаңның үйі қант, шекер сатады. құмшекердің мәселесі қиын емес, – деп атасы да шие терісті. есік алдындағы қара қазан астында от жанып жатты. шие тосабы қайнап, бүлк-бүлк етеді. ашық түсті қызғылт шие тосабы әзір болды ма дегендей, әжесі әлсін-әлсін темір қасықпен дәмін татып көреді. түн қараңғылығын төңірекке жайғысы келмегендей, толықсыған ай сәулесі сүттей жарық болған сәтте, шие тосабы да дайын болды. атасы мен әжесі және бағдат таза ауада дастархан жанында шие тосабынан шәй ішті. төңірек тып-тыныш әрі жанға жайлы еді