Менің сүйікті спортшым
Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Менің бір емес, екі бірдей сүйікті спортшым бар, олар әр түрлі спорт түрінің шеберлері болғанымен, барша қазақ халқы оларды мақтан тұтады.
Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтқым келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.
Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол - ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.
Болашақта мен жоғарыда есімі аталып кеткен Серік Сапиев сияқты әлемге танымал спортшы болуды армандаймын. Бокс үйірмесіне аптасына үш рет барып, бар ынта - жігеріммен жаттығып жүрмін.
Халықтық қолөнер - мәдени мұраның маңызды бөлігі. Олар өткен уақыттағы материалдық өндіріс пен халықтың рухани өмірінің деңгейін көрсетеді. Олар ұлттық сәулет өнерімен және фольклормен қатар оның тарихын, өмір салтын және эстетикалық мұраттарын білудің қайнар көзі болып табылады. Ұлттық көркемдік дәстүрлерді зерттеу олардың сақталуы мен жаңа әлеуметтік жағдайларда қолданылуына ықпал етеді. Садақ жасаудан және портативті тұрғын үйлерді жобалаудан бастап, қазіргі кездегі қазақ қолөнерінің түрлеріне дейін ұзақ және қиын жол өтті. Бұл қолөнердің дәстүрлі түрлерінің пайда болуы Қазақстанға тән шаруашылықтың табиғи режимімен байланысты Ұлы Октябрь социалистік революциясы халықтың бұл түрдегі көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы топтарының мамандануы экономикалық қажеттіліктерді қанағаттандыруға, үйді безендіруге, материалдық өндіріс деңгейін, қазақтардың халықтық қолөнерінің табиғатын, түрлері мен формаларын, тұрмыстық заттарды, киімдерді безендіру.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Сочинение на тему: козы көрпеш, баян сулу
Шығарма
"Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" жыры.
Махаббат - әлемдегі бар сезімдердің ұлысы.Махаббатсыз өмір жұпыны болар еді.Бұл - тек адамдар арасында ғана емес,адамның Отанына,туған жеріне,еліне,табиғатқа,белгілі бір кәсіпке,затқа деген сезімін де қамтиды.Мұхтар Шаханов:
Ғашық жүрек сүйгені үшін бола алмайды жазалы,
Адам азса махаббаттың жоқтығынан азады,-деп бекер айтпаған деп ойлаймын.Әрине,махаббат тек сүйеніш қана емес,күйінішті де әкеледі.Бірақ махаббат арқылы адамдар жалғыздықтан арылып,бақытты атанады,өзін қолдайтын,корғайтын жанды табады ғой.
Қазақ тарихында қаншама ғашықтар өтті десеңізші.Солардың бірі - Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу."Қозы Көрпеш – Баян Сұлу" жырында екі ғашықтың бір –біріне деген адал,пәк,кіршіксіз таза сезімдері суреттеледі."Қозы Көрпеш - Баян сұлу" поэмасының негізгі идеялық-мазмұны сол дәуірдегі жастардың сүйіп қосылуын арман еткен тілек-мүдделерді қамтиды.Жыр мазмұнына келер болсақ,Ноғайлы жұртында Сарыбай мен Қарабай деген байлардың аң аулап жүріп бел құда болып,Қозы мен Баянды күні бұрын атастырады.Сол кезде аң аулап жүріп,ұлды болғанын естіген Сарыбай, баласын көре алмай қаза табады.Атастырылып қойған Қозы мен Баян,жүздерін көрмегенімесе де бір-біріне ғашық болып жүреді.Уақыт өте келе сараң Қарабай қызын жетім ұлға бергісі келмей,Өлеңтінің аяғын өрлей Аякөзге көшіп кетеді.Ал қызын бір кезде отарын жұттан құтқарған, жергілікті палуан Қодарға ұзатпақшы болады.Қос ғашықтың арасына тосқауыл болған Қодар,айласын асырып, зұлымдықпен Қозының басын алады.Қозы өз кезегінде кышкентайынан батыр жігіт боп өскен еді.Сүйгенін іздеу жолында көптеген қиындықтақтарға қаймықпай төтеп береді.Баянға айтқан бір сөзінде Көрпеш:
Дүниеде ғашық қатты екен,
Көңілді бұған бұрғызды.
Бере ме тәңірім, бермей ме,
Ынтық болған бір қызды?
Қосылғанша мен соған,
Ішіме қайғы толғызды,- деген сөзінен Баянды шын сүйетіндігі, өзінің сүйгенін жоғары санайтындығы айқын көрінеді. Тіпті,өзінің сүйгені үшін бәріне де дайын екенін дәлелдейді.Ал Қозының өлімінен кейін қайғыдан қабырғасы қайысқан Баян,өш алу үшін қулыққа көшеді.Ол Қодарға өзіне құдықтан су алып берсе,күйеуге шығатынын айтады.Алданған Қодар Баянның шашынан ұстап, құдықтың түбіне түсе бергенде, айлакер қыз бұрымын кесіп тастайды: Қодар түпсіз тұңғиыққа құлап қаза табады. Сөйтіп Қозының кегі қайтарылған еді. Батыр қыз ғашығының күмбезіне келіп, өзіне қанжар салып қол жұмсайды.Ия,бұл қос ғашықтың артында тек жыр ғана емес,әсем "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу" кесенесі де өшпес із болып қалған еді.
Қазіргі таңда 15 сәуір - "Қозы Көрпеш - Баян Сұлу",ғашықтар күні.Шет елдің Әулие Валентин күнін емес,осы күнді атап өтетін қазақ жастарының саны артуда.
Шоқан Уәлиханов :"Қозы Көрпеш - Баян сұлу" жыры - қазақ эпосының шоқтығы. Оның сюжеті халықаралық, бірақ бірде-бір халық оны дəл қазақтардай ғажайып жырға айналдыра алған жоқ.Бұл жыр - дүниежүзіндегі ең қымбат əдебиет мұраларына жататын шығарма" деп атап өткендей, қос ғашықтың махаббатын жыр ететін бұл туынды - қазақ тарихындағы шоқтығы биік әрі үстем туындылардың бірі десем де болады.