Объяснение:
Абай жас шағынан-ақ сөз тындап, сөзге үйір боп өсе бастайды. Осындай қожа, молдалар, билер, ақындар кетпеген ортада тәрбие алады. Абайды ақындыққа ыңғайланған жағдайдың бірі осы сияқгы. Он жастан он екі жасқа дейін ауылда мұсылманша оқып, сауатын ашып қана қоймай білімін кеңіте береді. Он үш жасқа шығарда Семейде молда Ризәнің медресесіңде оқиды. Медреседе оқып жүріп Приходский школінен орысша оқып, 14 жасыңда сабақтан шығады. 15 жасында балалықты былай қойып, үлкендер катарында жұмыс атқаруға кіріседі. Өз тұсында ақылды, саналы, зерделі, шешен, көсем жігіт болып ел билігіне араласады. 20 жасында Абай халық ортасында маңдай адды шешен болады. Орақ ауызды, от тілді кісі атанады.
Абай жасынан-ак, қазақтың бұрынғы салтын, қалпын, әдет-ғұрпын, дәстүрін, ескі сөздерін, ескі билердің ережелі тақпақтарын, тапқыр, пішін сөздерін, биліктерін көп зерттеп, үйреніп, тексереді, көп оқиды. Ескі мақал-мәтел, қазақтың өзінің бұрынғы өткен билерінің нақыл мысал өрнек етіп айтқан сөздерін көп зертгеп жаттайды. Бұрынғының барлық шебер сөздерімен Абай өте жақсы таныс болып, өзі де сондай сөздерге өмір бойы машықтанады.
Күз – бұл өте тамаша мезгіл. Күз мезгілі адамның көңіл-күйі секілді құбылмалы. Бірде жаңбыр жауып жатса, енді бірде күн шайдай ашылып тұрады. Күзде білім күні басталады. Бұл күнде енді мектеп табалдырығын аттайын деп жатқан кішкентай балалар қуанады. Олар үшін бұл күн өте ерекше. Жалғыз кішкентай балалар үшін ғана емес, біз үшін де бұл күн өте ерекше. Себебі, бұл күнде біздің өмірге деген көзқарасымыз ашылып, әлемді тани бастаймыз. Күз мезгілінде жапырақтар сарғайып, айнала алтын түске боялады. Жерге алтын кілем төселгендей болады. Арасында шыршалар ғана түсін өзгертпеген. Барлығы әсерлі, өте керемет. Құстар жылы жаққа ұшып барады, ал балалар аула жұмысын бөлісіп тазалауда. Кейбіреулері жеміс-жидек жинаса, біреулері ауланы түскен жапырақтардан тазартуда. Балалар әрі еңбек етіп, әрі ойын ойнауда.Барлығы көңілді. Жануарлар да қылышын сүйретіп келе жатқан қысқа дайындалуда. Қоян, қасқыр, түлкі сияқты жануарлардың жүндері қалыңдай бастайды. Адамдар да қызу еңбек үстінде. Диқаншылар егіс даласында дән жиса, ауыл адамдары отын, көмірлерін түсіріп, қыстан қысылмай шығудың қамын жасауда.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Создать таблицу по казахскому языку дауысты и дауыссыз дыбыстар
дауыссыз дыбыстар- ң Ғ қ һ й ц к н г ш щ з х ф в п р л д ж ч с м т б ю