e3913269
?>

Перевести ұлттық валюта- теңге. қазақстан республикасы-тәуелсіз мемлекет. оның өз ата заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар. тәуелсіздіқ алғаң елдің ең бірінші айрықша белгісі-ұлттық валюта. ол-қазақстан республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. халқымыз теңгені бұрың да пайдаланған. ерте замандарда теңгелерді түркістан, тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған. ұлттық валютамыз 1993 жылы 15 қараша күні енгізілді. "теңге тиыннан құралады" демекші , ақшаны үнемді пайдалану керек.

Казахский язык

Ответы

PetrovDrozdov1785
Национальная валюта- тенге. Республика казахстан независимое государство. У него своя конституция, государственные символы, национальная валюта. Самый первый отличительный признак страны- это национальная валюта.  Это законный платеж средством на территории республики казахстан. Здесь предложение не понятное.Национальная валюта введена 15 ноября , 1993 года. И здесь не связуется последнее
fiorire731
Отырар-Қазақстан жеріндегі көне қала.Отырар ІХ-Х ғасырларда гүлденген ірі қала және ғылымның орталығына айналды. Бұл қалада сәулетті сарайлар, ірі медреселер, мешіттер болған. Ежелгі Отырар қорғанын жаулап аламын деушілердің бірі Шыңғыс хан болды. Ол Қытайды жеңіп, Отанына оралған соң, қазақ даласын жаулап алуды ойлады. Бұл мақсатын іске асыру үшін осы елдерге үш мұсылман бастаған елші аттандырды.Мұхаммед шах оларды Бұхара қаласында қабылдап, шығыс пен батыстың арасын жалғастырып жатқан Жібек жолын моңғол керуені үшін ашып қоюға уәде байласып, келісім шартқа қол қояды. Елшілер оралған соң, Шыңғыс хан тағы тыныш жатпайды. Хорезм елінің күшін, сауда-саясатын біле түсу мақсатымен тыңшы қосып, екінші рет елшілік аттандырады. Мұны сезген қала әміршісі оларды тұтқынға алып, Мұхаммед шах әмірімен тыңшыларды жазалайды. Осылай Шыңғыс ханның үлкен мемлекетке шабуыл жасауына себеп табылады. 1219 жылы қыркүйекте моңғолдар Отырар қаласын қоршады. Халық жаулап алушыларға қарсы ерлікпен 6 ай бойы күресті. Жақсы бекінген, ерекше қарсылық көрсеткен Отырар қаласын Қайырхан әскерімен бірге қорғайды. Қаланы биік дуалмен қоршап, жан-жағын айналдыра ор қазып тастаған. Қалаға кіріп-шығу үшін, қақпа салған.Қайыр хан Шыңғыс ханның көрші мемлекеттерді қалай жаулап алғанын жақсы білді. Сондықтан қаланы қорғау үшін барлық даярлықты жасады. Жаяу және атты әскерлерді қақпа алдына қойды. Ал өзі қамал қабырғасына шығып, қала сыртына қарағанда көз жетер жердің барлығында әскер тұрды. Шыңғыс ханның жауынгерлері қамалдың айналасында бірнеше қатар болып, шеңбер құрып орналасқан болатын. Отырар қаласын еркектермен бірге әйелдер де, балалар да ерлікпен қорғады. Монғолдар қаланы жермен-жексен етеді. Талай ғасыр бойы гүлденген Отырар қаласы қиратылып, өртелді.Қала халқы қырылды, тірі қалғандарын Моңғолияға айдап әкетеді.Отырар-қаһарман қала, оны қорғаушылар - ерліктің үлгісі
Yevgenevna
Отырар -  Қазақстанның орта ғасырлардағы әйгілі қалаларының бірі. Қаланың қалдығы Отырар төбе деген атпен белгілі, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Шәуілдір елді мекенінің жанында орналасқан. Отырар қаласы туралы көптеген саяхатшылардың жазба деректерінде айтылады. Ежелгі Отырар шұраты Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында орналасқан. Оның жері Сырдарияның орта ағысы тұсындағы жағаларында орналасқан. Орта Сырдарияның алқабы, Тұран ойпатының бір бөлігі, Қызылқұм-Ортасырдария жазығына кіреді. Шұраттың негізгі су көздері Арыс пен Сырдария. Олардан шығарылған каналдар, қалалар мен мекендерді сумен қамтамасыз етті, егістікті суарды. Тек, судың молдығынан ғана, бұл жерде егіншілік мәдениеті дами алды. Отырар шұратының орналасқан жері, оның тұрғындарының өміріне әсерін тигізіп отырды. А.Н. Бернштам Отырар, Арыстың Сырдарияға құяр тұсында, Бөгенге жақын орналасқандықтан, қолайлы позицияда тұр және жер суару үшін суы жеткілікті деп дәл айтқан. Бөген мен Арыс бойымен Таласқа, үйсін, кейін қарлық иеліктерінің шекарасына дейін жеткен. Сырдария бойымен жолдар Шаш, Ферғана және Соғдыға, солтүстікке қарай Арал маңындағы аландар арқылы Еділ бойындағы далаға, Таулы Оралға және Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін барған.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Перевести ұлттық валюта- теңге. қазақстан республикасы-тәуелсіз мемлекет. оның өз ата заңы, мемлекеттік рәміздері, ұлттық валютасы бар. тәуелсіздіқ алғаң елдің ең бірінші айрықша белгісі-ұлттық валюта. ол-қазақстан республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. халқымыз теңгені бұрың да пайдаланған. ерте замандарда теңгелерді түркістан, тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған. ұлттық валютамыз 1993 жылы 15 қараша күні енгізілді. "теңге тиыннан құралады" демекші , ақшаны үнемді пайдалану керек.
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

sergeystepanov231
Valerevna Tuzova
vallod
elenarumack
eisakov86
lanac3po
migor72
zipylin
kseniyavaganova
os7960
optima3559
Николаевич-Анатольевич599
puma802
info9
kiravalter1998697