Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.
Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.
Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.
Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)
nastyakrokhina87
04.03.2023
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Телефон шыр етеді) Все духи со скидкой до 75%. Ликвидация склада парфюмерии! Телефон шыр етеді: сонда менің жүрегім дір етеді, көйлегімнің желбіреп гүл етегі жүгіремін. Не пайда, сен емессің. Тек қиялдау көңілді жүдетеді. Кешке дейін неше рет дірілдетіп, мәнсіз, әрсіз, алаңмен күн өтеді. Телефон, шыңғырсаң да, көтермеймін енді мен - қылғын, сарна! Жүрегіме тыныштық бермей қойды-ау, төбесінен бір қойып сындырсам ба?! Әне тағы... сені ме! Қоңыр дауыс! Трубканы сүйіп мен тұрдым сонда.