Қарахан мемлекеті (парсыша ایلک خانیان - Ilak-Khānīyān) (942–1212 жж.) — Орталық Азиядағы ортағасырлық мемлекет.
Қазақстан және Орта Азияның картасы(12 ғасырға дейін).png
Қарахан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңірін құтты қоныс етті. Оның құрылуы 940 жылдан басталады. Қағанаттың орталық астанасы Шу өзені бойындағы Баласағұн, кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы. Қарахан мемлекеті Үзген, Мерке, Құлан сияқты қалаларында ірі алыпсатар алпауыттар мен қолөнершілер мекендеген.
Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ Боғрахан (915–955жж.) болып есептелінеді. Ол Қарлұқ хандығының іргесін көтеріп, мәртебесін асырушылардың бірі – Білге құл Қадыр ханның немересі. Сатұқ Тараз және Қашғар қалаларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағұндағы билеушіні құлатып, өзін жоғары қаған деп жариялайды. Мемлекеттің күшеюіне қарлұқ, шігіл, ягма тайпалары үлкен үлес қосты. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы Қарахан мемлекетінің халқын ислам дініне қаратты. Оның астанасы Қашғар болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен-ілек Баласағұнды иеленді. Кейін бұл өңірді оның ұлы Хасан Боғра-хан мұра етіп алды. Мұса өлген соң, Қарахан жеріндегі жоғарғы қаған атағы оның баласы Әли Арслан ханға көшті. 990 жылы Қарахан билеушілерінің бірі Хасан (Харун) Боғра хан Испиджабты бағындырды. Ал 992 жылы қарахандықтар шығыста Хотанды, батыста Бұхараны басып алды. 999 жылы Қарахан билеушісі Әли Арсланның баласы Насыр Орта Азиядағы Саманилер мемлекетіне соққы берді. Қарахан хандығы ұзақ соғыстардан кейін 1004–1005 жылдары Мәуеренахр жерін түгелдей өзіне қаратты. Осыдан кейін Қарахан мемлекеті XI-ғасырдың 30 жылдары Шығыс және Батыс қағанаты болып екіге бөлінді:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Қазақты оянсын деп сөзбен шақтым шығарма жазып бериндерш
Қазақ халқы жалпы архив жинау ісін дағдыға айналдырмаған ел. Соған қарамастан өзімізде де, өзге шет елдерде де халықтың тарихына, мәдениетіне, тіліне әдебиетіне, өнеріне т.б. кәсіп, тіршілік жоралғысына қатысты дүниелердің сақтала бергені қандай олжа. Осыдан ойға түседі. 1987 жылы күз айында сапардың сәті түсіп, маған Америка Құрама Штаттарына барып қайтуға тура келді. Бір күні Мадисон қаласындағы университетке соғып, оның кітапхана қорымен таныстық. Сонда біз таңқаларлық жағдайға тап болдық. Әлгі кітапханада қазақ мәдениетінің, ғылымының, өнерінің бұрынғы, қазіргі өкілдерінің бар дүниесі тізіліп тұр. Өзімізде жоқтың бәрі осында. Компьютер арқылы бар сұрағымызға жауап алдық. әл-Фарабиден М. Шахановқа дейін түгел жинақталған. Бір мезгілде көзімізге оттай басылып Ахан туралы мағлұматтар кетті. Жеті қат жер астына кеткен әйгілі «Қазақ» газетінің топтамасы сонда тұр. Біз оның бірнеше санын көшірме жасап ала келген едік. Бұл да өзінше бір мұражайлық ескерткіш болып «Қазақ тілі» қоғамында сақтаулы.
Жалпы қазақ қағаз жинамаған, сөз жинап дағдыланған халық қой. Аханның да көп дүниесі көңілде жатталып, көкейде түйіліп қалған. Соның бәрі кейін шығып жатыр. Мұның үстіне ата мұрасын індете іздеп, көп шындықтың бетін ашуға атсалысып жүрген жастар (Ғ. Әнесов, А. Мектепов) әкелген деректер бар. Жиналып келгенде Ахметттану ғылымының негізін кешегі Мұқтар Әуезов, С.Сейфуллин, Смағұл Сәдуақасов, Міржақып Дулатов т.т. тәрізді қазақ мәдениетінің тарландары қалады десек, сексен сегізден бері қарай ол толыға түсті деп толық айтуға болады. Бұл күн өткен сайын ауқымдана бермек.