Атау септык- не? айран Илик септык- ненын? айраннын Барыс септык- неге? айранга Табыс септык- нены? айранды Жатыс септык- неде? айранда Шыгыс септык- неден? айраннан Комектес септык- немен? айранмен
anaissite6
15.02.2022
Наурыз - барша мұсылман әлемі тойлайтын ұлы мереке, Ұлыстың ұлы күні. Бұл күні күн мен түн теңеліп, Самаркандтың көк тасы жібиді. Осы күннен бастап күн жылына бастайды және күн ұзарып, түн болса, керісінше қысқара бастайды.
Ертеректе бұл мерекені бүкіл ауыл болып дайындалып, үлкен той қылып тойлайтын. Қазірдің өзінде Наурыз мейрамының орны ерекше. Бұл күні қаланың бас көшелеріне қазақ халқының дәстүрлі киіз үйлері тігіледі. Ұлттық тағам ет асылып, бауырсақ пен шелпек пісіріледі. Бірақ бұл күні ең басты тағам Наурыз көже болып саналады. Ол - жеті түрлі тағамнан дайындалатын көже. Киіз үйге келуші әрбір қонақ әдетте Наурыз көжеден ауыз тиеді.
Алаңға алтыбақан қойылып, жас жеткіншектер алтыбақанға мінеді. Ауылдық жерлерде ат жарыстары да ұйымдыстырылады.
Бұл күні адамдар бір - біріне деген реніштерін ұмытып, кешірімді болады.
nrostovtseva142
15.02.2022
1. Ілияс Жансүгіров 1894 жылы 1 мамырда туған. 2. Ілиясты жастайынан қатал мінезді әкесі тәрбиелеген. 3. Әкесі етікші, ұста, ескіше хат танитын, арабша сауатты кісі болған. Ол халық ауыз әдебиетін көп оқып, оны жинаумен айналысқан. 4. Сегіз қырлы, бір сырлы деген ұғым қолынан көп іс келеді, жан-жақты адам дегенді білдіреді. 5. Ілияс Жансүгіров әкесінен етікші, ұста, әнші, домбырашы болуды, арабша хат тануды үйренеді. 6. Ілиястың әдебиетке қызығуына әкесі әсер еткен. 7. Ілияс әкесі Жансүгірден халық өлеңдерін, қызықты әңгімелер естіген. 8. Халық өмірімен тереңірек танысуына әкесі мүмкіндік туғызған. Себебі, ол ұлына халық өлендері мен ертегілерін үйреткен.