Көріскенше күн жақсы болсын, Алматыға аман – есен барып келіңіздер.
Апа, бүгінгі мерейтойыңыз құтты болсын!
Аман бол, шырағым! Отан алдындағы борышыңды абыроймен өтеп кел!
Ат – көлік аман ба, бала – шаға тегіс аман ба?
Жайлы жатып, жақсы тұрдыңыз ба? Жолдан кейін қалай демалдыңыз?
Koranna1986
06.06.2022
1.Қаныш Имантайұлы Сәтбаев, шын есімі – Ғабдулғани-геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик. Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик. 2. Қазақстанда темір кендері Оралдың шығыс беткейінде, Қостанай өңірінде көптеп кездеседі(Соколов - Cарыбай). 3. Алюминий біздің күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналғанына көз жеткізу үшін айналаға зер салып қарап шығу жеткілікті. Мүмкін, сіз бұл мәтінді алюминийден жасалған құрылғыдан оқып отырған боларсыз. Планшеттер мен жалпақ панельді теледидарлар, спорттық жабдықтар мен жиһаздар, айналар мен кофеқайнатқыштар - осы және басқа да көптеген тауарлар алюминийден жасалған. Смартфондар, планшеттер, ноутбуктер, жалпақ панельді теледидарлар, мониторлар және басқа да жабдық өндірушілер алюминийді көбірек қолданады. Әдемілік пен қолайлылық бұл салада алюминийдің танымал болуының кепілі болып табылады. Алюминий корпусты құрылғылар сәнді әрі сенімді көрінеді, сонымен қатар жеңіл әрі берік болады. Алюминий сонымен қатар жиһаз және интерьер заттарын өндіруде жиі қолданылады. Үстелдер, орындықтар, перделер, суретке арналған жақтаулар, шамдар, декоративті қабырға панельдері, кондиционерлер мен радиаторлардың барлығы алюминийден жасалған. Ал ас үйді алюминийсіз елестету мүмкін емес. Біз тек тұрмыстық техниканың корпустары туралы ғана емес, сонымен қатар заманауи, технологиялық, қауіпсіз және әдемі ыдыс-аяқтар - кәстрөлдер мен пісіруге арналған ыдыстар, ет тартқыштар жайлы айтып тұрмыз.
fedoseevgleb
06.06.2022
Тілім менің Тілім менің - таусылмайтын байлығым. Ең құдіретті де қастерлі өз ана тілім. Шыр етіп дүниеге келгеннен бері ана тіліммен өсіп келемін. Ана тілі арқылы алғашқы әліппені таныдым. Содан бері міне, өз ана тіліммен сусындап келемін. Өз тарихымды танып білдім. Туған тіліміздің абыройын асқақтату – әрбір азаматтың борышы. Себебі, біздің болмысымыз, салт - дәстүріміз, дініміз, мәдениетіміз осы тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын парасатты, білімді, іскер, қабілетті, ұлтжанды етіп қалыптастыруда мемлекеттік тіліміздің атқаратын қызметі өте жоғары. Сондықтан да туған еліміздің мемлекеттік тілін білуге міндеттіміз. Өйткені, тіл - ата - бабамыздан бізге қалған аманаты. Ата - баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз. Тіл арқылы ақындарымыз бен жазушыларымыздың. даналардың сөздерін, өлең - жырларын оқып білеміз, олардан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Елінің болашағын ойлаған,. құрметпен қараған әрбір азамат ана тілін сақтап қалуы үшін қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Асыл қазынамызға айналған қазақ тілінің құндылығының арта беруіне әрдайым өз үлесімді қосамын. Тәуелсіз Қазақстанның көгінде көк байрағымыз желбіреді, әр қазақтың жүрегінде Әнұранымыз айтылды, өзіміздің қазақ тілімізбен қайтадан қауыштық. Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңы қабылданды. Бұның бәрі Елбасының көреген саясатының арқасында деп білемін. Ендігі біздің міндетіміз тілімізді сақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды қазақ тілінде таза жеткізу, ардақтап құрметтеу.
Ответить на вопрос
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Сөйлем құрау ал жақсы , сау болыңыз . көріскенше күн жақсы болсын . құтты болсын . аман бол . ат-көлік аман ба ? жайлы жатып , жақсы тұрдыңыз ба ?
Берілген тіркестермен сөйлем құрау.
Ал жақсы, сау болыңыз! Келесі жиында кездескенше!
Көріскенше күн жақсы болсын, Алматыға аман – есен барып келіңіздер.
Апа, бүгінгі мерейтойыңыз құтты болсын!
Аман бол, шырағым! Отан алдындағы борышыңды абыроймен өтеп кел!
Ат – көлік аман ба, бала – шаға тегіс аман ба?
Жайлы жатып, жақсы тұрдыңыз ба? Жолдан кейін қалай демалдыңыз?