1) Мен бұл тұжырыммен келіспеймін. Әлбетте, бұған дейінгі адамдар қазіргі сымсыз телефонды, шаңсорғыш, планшет, сымсыз құлаққап жіне т.б. көрсе: "Мәссаған! Қалайша?" деп таң қалуы айдан анық. Иә, қазір ғылым мен технология қарыштап дамыған. Күн сайын ғалымдар өздерінің жаңа идеяларымен, туындыларымен бөлісуде.
Робот, машиналар арқылы адам еңбегі азаюда. Мүмкін емес нәрселер мүмкін болуда. Лазер сәулелері арқылы адамдарға ауыр операциялар жүргізіліп, олар сауығып кетіп жатыр. Машиналар арқылы бір зауыттан адам қолымен жасағаннан әлдеқайда көп өнім берілуде. Бұрын көрмей жүрген адамдар толықтай көре алу мүмкіндігіне ие. Өзі ән айтып, тербететін бесік, өзі жүретін көлік, өзі еден сүртетін роботтар өте көп. Бұлардың барлығы да адамның қол еңбегін жеңілдету үшін жасалған құралдар.
Ғылым мен технология адам әрекеті арқылы дамиды. Сондай-ақ адамзат ғылым мен технологияны дамытпай, бірқалыпты ұстай да алады. Роботтар адамзаттың көмегінсіз ұзақ жұмыс істей алмайды. Оған адамның ақылы, еңбегі қажет қой.Технологиялар адамзаттың орнын басса, әлемде зұлымдық орнаған болар еді. Роботтар адамға қарағанда күшті болғанымен, оларда басты нәрсе - сезім жоқ қой. Сондықтан да адамзат технологияның үстемдік етуіне жол бермейді.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бастап, өз елін жарқын болашаққа жетелеген көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақ елі аз уақыт ішінде тарихта бұрын-соңды болмаған табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстанның басты мақсаты - экономиканы дамыту, ең дамыған 30 елдің қатарынан көріну, Мәңгілік Қазақстан жобасы осы мақсатқа жеткізетін ұлы бастама. Мәңгілік ел болу- біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. Мәңгілік сөзі ата- бабалардан келе жатқан мәңгі өлмейтін асыл қазына. Ол ана тілмен де тығыз байланысты. Ана тіліміз мәңгілік елімізбен бірге мәңгілік тіл болады. Еліміздің ертеңі - жастардың қолында. Сондықтан да біз Елбасын қолдап, сабағымызды жақсы оқып еліміздің өркендеп өсе беруіне өз үлесімізді тигізуіміз керек. Мәңгілік ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Қазақстан 2050 Мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы ең мәртебелі жол деген Президентіміз. Олай болса мәңгілік елдің онымен қатар жасап бірге дамыған мәңгілік тілі болуы да шарт. Ол мемлекеттік тілі қазақ тілі. Қазіргі кезде мемлекеттік тілді дамыту жөнінде шаралар жүзеге асырылуда. Қазақтың армансыз адам қанатсыз құспен тең деген даналығы бар. Біздің ата-бабаларымыздың басты арманы Тәуелсіздік болғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Білікті мыңды жығар дегенді өмірдің өзі дәлелдеуде. Сондықтан да өркениетті елдердің қатарына ену үшін сапалы білім алып, оны ел мұратына пайдалана білуіміз керек. Бұл біздің, яғни, оқушылардың алдына қойған мақсаты. Олай болса ана тілімізді де мәңгілік тіл ету - өз қолымызда. Сондықтан да рухы биік ел болайық! Елдігіміз бен туған тіліміз мәңгілік жасай берсін!
....