Джоан Роулинг танымал британдық жазушы. Оның сиқыршы Гарри Поттер туралы кітаптары бірнеше марапатқы ие болып, 400 миллион дана көлемінде сатылды. Кейін олар тарихтағы сатылымы ең мол кітаптар сериясына айналып, тарихтағы ең кассалық фильмдер сериясының оқиға желісіне негіз болды. Роулинг сценарииларды бекітіп және соңғы бөлімнің продюссері бола тұра, бүкіл шығармашылық процессті өзі басқарды.
Гарри Поттер басынан өткізген шытырман оқиғалары жайында роман жазу туралы ой жазушыда 1990 жылы, Манчестерден Лондонғадейінгі пойыздағы сапары кезінде пайда болды. Сол кезеңде Джоан Халықаралық ғылыми қызметкер мен хатшы-аудармашы лауазымын атқарды. Келесі 7 жыл аралығында Роулингтің анасы көз жұмды, Джоан жұбайымен ажырасып, кедейшілік зардабын шекті. Бірақ 1997 жылы жарық көрген «Гарри Поттер және пәлсапалық тас» жазушыға әл-ауқат пен танымалдылық сыйлады. Нәтижесінде, Джоан алғашқы кітабына 6 сиквел және үстеме ретінде 3 қосымша кітап жазды. Серияның соңғы кітабы - «Гарри Поттер және ажал тартуы» деп аталды. Осыдан кейін ол агенттігімен қош айтысып, ересектерге арналған әдебиетті жаза бастайды. 2012 жылы Роулинг «Кездейсоқ қызмет» атты кітап жарыққа шығарды. Джоан «Роберт Гэлбрейт» жасырын атымен «Көкектің үндеуі» (2013) и «Жібек иіруші» (2014) криминалдық романдарын жазады.
Ол Ұлыбританиядағы ең сатылымы мол жазушы. Джоанның сатылымдары 238 миллион фунт стерлингтен асады. 2008 жылы Sunday Times Rich List Роулингті Ұлыбританияның ең әл-ауқатты әйелдерінің тізімінде 12 орынға орналастырып, дәулетін 560 миллион фунтқа бағалады. 2007 жылы Forbes Роулингті ықпалдылығы жөнінен 48-ші даңқты адам ретінде бағаласа, ал Time журналы жазушының өз жанкүйерлеріне сый ететін әлеуметтік, саяси және адами қолдауын есепке ала отырып, Джоанға Жыл тұлғасы номинациясында 2-ші орынды береді. 2010 жылдың қазанында Роулинг жетекші журналдар редакторларымен «Ұлыбританиядағы ең ықпалды әйел» атанды. Сонымен қатар, Джоан Gingerbread, Multiple Sclerosis Society of Great Britain және Lumos секілді ұйымдарды қолдап, филантроптықәрекеттерімен көзге түсті.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Ағзаң, ағзаның, алдында на эти слова жалғауларын ажыратып жазындар
заң-жҰрнақ
аң-жалғау