Аққу туралы.
Аққу – киелі құс. Қазақ халқында ежелден «Аққу құсты атпайды, қыранды баулып баптайды» деген сөздер бар. Аққулар - жыл құстары. Олар махаббат пен тазалықтың символы саналады. Олар бейне бір әсемдіктен жаратылғандай өте әдемі, сымбатты құстар. Егер жұбынан айырылып қалса, не біреуі қаза болса, екіншісі адамша қайғырып, ауырып өлуге барған. Осы жағдайдан кейін екінші аққуға қосылмайтын болған.
Аққу жылына бір рет түлейді, балапандары ширақ болады.
Шығыс септігіндегі сөздер қою әріппен жазылған.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Сочинение на тему : казахский язык . на казахском языке
Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін, – деп жырға қосқан.
Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г. Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам - жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.