Үш жүз алпыс бес жасадым болып жуан, қырық сегіз қызды болдым бір алуан. қатар өскен бар менің он екі ұлым, бір ұлым бар олар да ерек туған. /бір жыл, қырық сегіз жұма,он екі ай,бір ай/. ойдан шықты бұл жұмбақ, ойшыл ерлер ойлан тап. өзгермейді өзінен бұл жаһанда бір дарақ. ол дарақтын бойында дәл он екі бар бұтақ. бұтақтардың басында, үш жүз алпыс жапырақ. жапырақты қарасақ, бір жағы қара, бір жағы ақ, бұл жұмбақты кім шешсе, болсын дейміз жасы ұзақ. /жыл он екі ай,үш жүз алпыс күн, күн мен түн/. үш жүз алпыс бес шығыршық, қырық сегіз тығыншық, аққу жылына екі рет . /үш жүз алпыс бес күн,қырық сегіз жұма,екі айт/. үш жүз алпыс алты анасы, қырық сегіз болар . он сегіз бөлек ұясы, ішінде екі ақ жұмыртқасы. /жыл,бір жылдағы апта,күн,ай/. үй артында бір дуан, бір ұлы бар ханға дуан, қырық сегіз қызы бар, бәрі жуан. /бір жыл,бір ай ораза,бір жылдағы қырық сегіз жұма/. тауда дарақ, екі бұтақ, біреуі гүлді, біреуі гүлсіз. /жыл, жаз, қыз/. келеді үлкен алып аузын ашып, жүреді он екі аяқ қ басып, отыздан әр бірінде саусағы бар, құтылмас ешбір одан қашып. /жыл, он екі ай, отыз күн/. базардан бір текемет алдым сатып, алты айдай текеметте жүрдім жатып. бұл іске мен ғажайып болып тұрдым, қалды ғой алты айдан соң айран қатып. /жаз бен қыс/. басына биік таудың бітеді раң, жайлайды ол раңды екі түрлі аң. қолына өткір семсер қылыш алып, шығады аң аулауға салып ұран. ат мінген бұл екеуі жүгендемей, дүниені кетпекші емес түгендемей, астында екеуінің аты бар, құрығы шолақ болған бөгендемей. /жыл, жаз, қыс/.
lolydragon
11.04.2022
Жан сақтау бөлімшесінде емделушілерді үнемі бақылау жүйесі жұмыс істейді. жалпы соматика, хирургия және неврология бөлімшелерінің құрамында медициналық оңалту және қалпына келтіру бағыттары бар. көп бейінді облыстық ауруханасындағы медициналық құрал-жабдықтар көп деңгейде автономды жұмыс істеуге және бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі (бұдсж) шеңберінде мамандандырылған, сонымен қатар, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге мүмкінік береді. ауруханада қазіргі заманғы рентгенологиялық, жоғары қабілетті ультрадыбыстық диагностика аппараттары, миды зерттеуге арналған аппараттар, фгдс, бронхоскоп, қан шығармай ота жасауға арналған эндобейнехирургиялық аппараттар бар. медициналық оңалту және қалпына келтіру үшін бөлімшесі жанынан ванналарды пайдалана отырып, сумен емдеу шараларын жүргізуге мүмкіндік беретін қ бөлме бөлінген. қан-тамыр бұзылыстарын, интоксикация және басқа да ақауларды емдеуге арналған екі барокамера орнатылған және жұмыс істейді. облыстық емханасы соматикалық (педиатрия, кардиология, неврология, пульмонология, аллергология, гастроэнтерология) және хирургиялық (хирургия, травматология, ортопедия, урология, лор патологиясы, офтальмология) мамандықтар бойынша кеңес береді. клиникалық-диагностикалық зертхана толықтай автоматтандырылған, бұл өз кезегінде қысқа мерзім ішінде зерттеулер нәтижесін алуға мүмкіндік береді. емдеу тегін жүргізіліп, медициналық көмектің кепілді көлеміне кіреді.