Әр адам бос уақытында өзі қалаған сүйікті ісімен айналысады.Бұл әр адамның қызығушылығына,қабілеттілігіне орай ұйымдастырылады.Сол сияқты мен бос уақтымда,кітап оқығанды жақсы көремін.Кітап оқу-адамның ой-өрісін,арман-қиялын дамыта түседі.Сен қызықты кітап оқып отырған кезіңде,неше-түрлі құпия әлемге тап боласың.Кітап сені өзің біле бермейтін жұмбақ ғаламмен тілдестіреді.Менің бос уақтымда оқитын кітаптарым Тарихи кітаптар.Мен Элизавета патшайым туралы,сондай-ақ дүние жүзілік тарихи әдебиеттерді сүйіп оқимын.Әсіресе маған Признание Королевы атты кітап ұнайды.Бұл кітапта Францмя королевасы Марии Антуанетта туралы жазылады.Өте қызықты тарихи романІІІ Мен бос уақтымды кітап оқумен өткізем,кейде достарыммен серуендеп қайтамынІІ
Vasilevna_Shabanova1502
31.10.2022
Қазақ халқы – салт - дәстүрге өте бай халық. Ал салт - дәстүрге бай болу елдің мәдениетті әрі тәрбиелі екенін айғақтайды. Жалпы салт - дәстүр деген не, соған тоқталып өтейік. Салт - дәстүр – ел өмірімен біте қайнасып кеткен рухани және мәдени азық. Біздің халқымыз өз ұрпақтарын қасиетті салт - дәстүрмен, өнегелі әдет - ғұрыппен, ырым - тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл мен инабатты қызды теріс жолға түсірмей тәрбиелей білген. Б. Момышұлы «мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен жауынгерлік қасиетті тәрбилеуде ұлттық дәстүрдің маңызы зор екеніне көзім жетті» деп жазады. Бұдан отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, адамгершілік қасиеттердің бәрі салт - дәстүр арқылы даритынын түсінуге болады. Яғни, салт - дәстүр адамды адастырмас тура жолмен жүруге, жөн - жосықты біліп, үйренуге және өмірде қолдануға үгіттейтін мызғымас заң іспетті десек те болады
samofar
31.10.2022
Шын шеберде мін болмас. У настоящего мастера брака не бывает.
2 Бақыт кілті – еңбекте. Ключ к счастью – в труде.
3 Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады. Сон освежает, труд закаляет.
4 Ермек қуған пәлеге жолығады, еңбек қуған қазынаға жолығады. Праздно развлекающийся в беду попадёт, трудом увлекающийся богатство найдёт.
5 Адамды еңбек көркейтедi. Человека труд красит.
6 Көңілсіз бастаған іс көпке бармайды. Дело, начатое без души, к многому не приведёт.