.
1. Адамның табиғатсыз күні жоқ,
Табиғаттың оны айтар тілі жоқ.
2. Табиғат жер байлығы,
Батырлар ел байлығы.
3. Нөсер алдында найзағай ойнайды.
4. Күн күркіресе, көп дүркірер.
5. Күркіреген бұлттың жаңбыры аз.
6. Боранда күні ит пен бала құтырады.
7. Алпыс күнде тасыған су,
Алты күнде қайтар.
8. Жауынмен жер көгереді,
Батамен ел көгереді.
8. Қыстың көзі қырау.
9. Сәуір болса күн күркірер.
10. Сәуір болмай, тәуір болмас.
11. Жаңа айдан жақсылық.
12. Жел дауылды шақырады,
Бұлт жауынды шақырады.
13. Қыстағы қар - жерге ырыс,
Жердегі ылғал – елге ырыс.
14.Таумен тасты су бұзар,
Ел арасын қу бұзар.
15. Ағаш тамырымен мықты,
Адам дос-жарымен мықты.
16. Су жетпейін демейді, жар жеткізбейді,
Ер жетпейін демейді, мал жеткізбейді.
17. Жазғытұрым жел жардай атанды жығар.
18. Қаз келсе, жаз келер,
Қарға келсе қатқақ келер.
19. Түз тағысы - табиғатпен тілдес.
20. Туған ай, тураған етпен тең.
21. Су аққан жерінен айнымас.
22. Үркерлі айдың бәрі қыс.
23. Жел түбі азық, жекен түбі қазық.
24. Жаздың бір күні, қыстың мың күні.
25. Тауына қарай тоғайы,
Шошқасына қарай торайы.
26. Жаз сайға қонба,
Қыс қырға қонба.
27. Жаңа айдан жақсылық.
28. Қыс аязымен,
Жаз самалымен.
29. Жылылық болмай қар кетпес.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Сочинение на тему тiл мартебесi-ел мартебесi
Тіл сөйлеу үшін қажет. Ол қарым-қатынас құралы. Адамдардың өз ойын айтып жеткізу-тіл арқылы жүргізіледі.
Мен өз ана тілімді жақсы көремін. Әр мемлекеттің өз ана тілі болады.Біздің ана тіліміз -қазақ тілі.Қазақ тілі- өте бай, көркем тілдердің бірі. Ақын-жазушыларымыздын бізге мұра етіп қалдырған "Ана тілі"туралы өлең-жырлардында тілге деген құрмет пен сүйіспеншілігін көруімізге болады . Өз тілінді білгенің өз ұлтына дегн құрметін. Қазіргі кезде біздің елбасымыз ана тілімізге көп көңіл бөліп отыр.Барлық құжаттар ана тілімізде жазылып, басылуда.Тілі бардың тіріде ақысы кетпейді деп босқа айтылмағанын ұғуымызға болады.
Қорыта айтатын болсақ Тіл бізге өте қажет.Өз ана тілімізді құрметтеп, тек ана тілімізде сөйлеуіміз қажет. Тіл мәртебесі- ел мәртебесі деп босқа айтылмаған.