Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.[1]
Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Мен бүгін достық туралы өз ойымды ортаға саламын. Өмірде қандай да бір мәселе болмасын барлық адамның ойы, берер бағасы, ол мәселе туралы түсінігі бірдей болуы мүмкін емес. Бұл өмірде барлық баға салыстырмалы түрде беріледі. Біреудің ешқашан жақсы досы болмаған, сондықтан ол нағыз достық жоқ дейді. Ал, біреу адал достарының арқасында нәтижелі істерге қол жеткізеді, ол достықты сондықтан қатты бағалайды, доссыз өмір сүру мүмкін емес дейді. Доссыз өмір сүру мүмкін емес деген де дұрыс емес. Себебі, досы жоқ адамның өмірі тоқтап қалмайды ғой, олай деп үсілді-кесілді айтуға болмайды. Әрине, дос керек, дегенмен досың жоқ болса өмір сүре алмайды емес, өмір сүресің. Және нағыз достық жоқ дегенге мен сенбеймін. Менің өмірде көп болмағанмен қиындықта сыналып, өз достығын дәлелдеген достарым бар. Олар менің мақтанышым, олар менің тірегім. Олардай достарды кездестірген Тағдырыма мың алғыс. Нағыз дос өзінің жетістіктері емес, досының жетістіктерін ойлайды, оған бауырындай жаны ашып, әркезде жанынан табылады. Қуанышта та, реніште де бірге. Міне, сол нағыз дос.