Ұлы дала мәдениеті келесі ұрпақтарға баға жетпес мұра болып қалады.
Тарих беттеріне үңілсек, бұрын сыры мәлім болмаған ақпаратқа көз жеткізетініміз анық.
Тараз қаласы ежелден бері түрлі өнер иелері мен саудагерлер қаласы болып танылған.
Кезінде Ұлы Жібек жолымен қатар құрлықтарды байланыстыратын «лазурит жолы», «нефрит жолы»,«құндыз жолы» секілді сауда жолдары болған.
Ежелгі қалалардың кіре беріс қақпасында әскерлер тұрып, қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз еткен.
Кезінде ел мен елдің байланысын нығайту үшін елшілер жіберіліп отырған.
1-билет
Дауыссыздар 3 ке жіктеледі:қатаң, ұяң, үнді
Дауыстылар тілдің қатысына қарай:жуан, жіңішке.
Жақтың қатысына қарай:ашық, қысаң.
Ерін мен езудің қатысына қарай:еріндік, езулік.
Фонетикалық талдау:
Хабар- 5 әріп, 5 дыбыс, 3 дауыссыз, 2 дауысты
Х-д-сыз, қатаң
А-Д-ты, жуан, ашық, езулік
Б-д-сыз, ұяң
А-Д-ты, жуан, ашық, езулік
Р-д-сыз, үнді
Жаңалық- 7 әріп, 7 дыбыс, 4 дауыссыз, 3 дауысты
Ж-д-сыз, ұяң
А-Д-ты, жуан, ашық, езулік
Ң-д-сыз, үнді
А-Д-ты, жуан, ашық, езулік
Л-д-сыз, үнді
Ы-д-ты, жуан, қысаң, езулік
Қ-д-сыз, қатаң
2-билет
Үндестік заңы 2-ге бөлінеді: буын үндестігі, дыбыс үндестігі. Буын үндестігі сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуін айтады. мысалы: Әже, инелік. Ата, инабат, уақыт.
Дыбыс үндестігі сөз ішіндегі қатар келген 2 дыбыстың бір-біріне ықпал етуі. Дыбыс үндестігі 3-ке бөлінеді: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал.
Берілген сөздерге жалғау жаса:суретші-ні, көрме-ні, өнертанушы-ны, көрермен-ді, шығарма-ны.
3-билет
Түбір – сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін, лексикалық мағынасын сақтаған негізгі бөлігі.
Қосымша – түбірге жалғанып, оның лексикалық немесе грамматикалық мағынасын өзгертетін, сөздерді өзара байланысқа түсіретін морфема.
Сөз құрамына талда: мұражайлардан- мұражай-түбір, лар, дан-жалғау, суретшілердің- сурет-түбір, ші-жұрнақ, лер, дің-жалғау, құндылықтарын--құнды-түбір, лық, тар, ын-жалғау.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Менинше кыстырма созин пайдалынып ангиме курастыруга комектесинизши