aobuhta4
?>

Написать эссе на тему бос уақытым заранее эссе на 6–7предложений

Казахский язык

Ответы

lighturist
Осы жылы менің бос уақытым көп. Таңертең мектепке барар алдында, мен теледидар қараймын немесе компьютер қосамын. Демалыс күндері достарымызбен серуенге шығамыз. Біз дос қыздарымызбен киноға барамыз, көшеде серуендейміз, көңілді тілдесіп бос уақытымызды өткіземіз. Біз әр демалыс кезін асыға күтеміз. Біз қысқы демалыс кезінде, қала сыртына отбасымызбен бірге шығып, таудан сырғанаймыз. Ал жазғы демалыс кезінде, достарымызбен аквапаркке және саябақтарға барамыз. Мен бос уақытымды көңілді өткізгенді ұнатамын. 
sandovo590

Отан отбасынан басталады.

Қазақ халқында «Отан отбасынан басталады» деген терең мағыналы сөз бар. Шындап келгенде, әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді. Себебі, отбасының бала тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың қалыптасуы отбасынан бастау алады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ата мен ананың тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасатыны сөзсіз. Осы ретте ойыма «Ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеде» деген мақал түсіп отыр, яғни халқымыз ұл баланың да, қыз баланың та отбасынан бастау алатын тәлім – тәрбиесіне аса мән берген.

Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – адам өмірінің тірегі ғана емес,  қоғамның да басты негізі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай.

Не болса да Отанның бір бөлшегі – отбасыңа ештеңе де жетпейді! Өйткені отбасы – табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет бір сыйы! Соны мәңгі есте сақтап, ұмытпаған жөн!

Vladimir1172
«Отан отбасынан басталады»  деп айтып кеткен ата-баба сөзінде терең мән-мағына жатыр. Шын мәнінде, әрбір отбасы өзінше бір Отан.Отбасы деген сөздің өзіне терең үңіліп көрейікші. Ол біздің жанымыз жабырқағанда, қаунышқа бөленгенде ішкі тебіреністерімізді бөлісетін және өзімізді ең еркін, жайлы сезінетін баспана, жылы ұямыз. Отбасы шағын Отан. Оның  басшысы отбасының қамқоршысы мен тіреуі – әке. Әке отбасына қатысты бар мәселелерді шешіп, өз отбасының намысын қорғау жолында  бар күш-жігерін салады. Сондай-ақ, отбасы мүшелерінің де өзіндік атқаратын міндеттері бар. Баршамыздың осы ұядан ұшып шығатынымыз шындық. Отбасына деген сағыныштың  жүрек түкпірінде мәңгілік сақталатыны, оның бізді ақ үрпек балапан шағымыз-дан жылы бауырына басатыны,  бізді мәпелеп, өмірдің қатал заңына тәрбиелейтіні. Сондықтан отбасы мүшелері бір-бірі үшін жанын қиюға да даяр тұрады. Сол сияқты Отанды қорғау да әр азаматтың азаматтық парызы. Отанымыз алдындағы азаматтық борышымызды орындау мақсатында бар күш-жігерімізді салып аянбай еңбек етсек, бір-бірімізбен  етене жақын болсақ,   біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін дейтін тамаша бірлікті сақтай алсақ, онда біз бағындармайтын биік жоқ

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Написать эссе на тему бос уақытым заранее эссе на 6–7предложений
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

PoleshchukTatyana
maximpr6
Ruzalina_Svetlana1435
nataliagorki476
antoska391
hristos1212
MikhailovnaAnastasiya
tatiyanabe2013727
petr2077
Vyacheslavovna240
donliolik
EVLAMPIN56
skachmin
iordanekaterina
h777eta