Біздің сыныпта 26 оқушы оқиды. Ең сүйкімді қыздар мен ең мықты ұлдарды осы сыныптан таба аласыздар. Барлық балалар өте мейірімді және ұйымшыл. Олар бір-бірін ренжітпей, тату-тәтті өмір сүруге тырысады. Егер үй тапсырмасы немесе басқа да мәселелер қиындық туғызса, сыныптастарым әрқашан көмекке келуге дайын. Достарымызды ренжітуге немесе мазақ етуге жол бермейміз. Барлық сыныптастарымды жақын дос ретінде қабылдаймын. Сабақтар аяқталған соң, далада серуендеуді және кинотеатрге баруды ұнатамыз. Кейбір кезде араларымызда түсінішпеушіліктер туындағанымен, аз уақыттан кейін қайта достасып кетеміз. Менің сынып жетекшім өте жақсы мұғалім. Оған айтатын алғысым шексіз, кез-келген жағдайда дұрыс жолға бағыттай алады. Ол әрбір оқушының бабын тауып, сыныптың бірлігін сақтап тұрған адам. Ұстазымыз айтқандай: сынып – баланың екінші жанұясы, сондықтан бір-бірімізге бауырмал болу өте маңызды. Достарымды қимаймын. Мектепті бітіргеннен кейін, сыныптастарымның арасында қарым-қатынас үзілмей, жиі кездесіп тұрамыз деп ойлаймын.
esnails17
15.04.2022
1998 жылы 6 мамырда - еліміз президенті н.ә. назарбаев ақмола қаласын астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылғы 10 маусымнан- жаңа астананың ресми тұсаукесері болып өтті. содан бері осы күн астана қаласының туған күні ретінде мерекеленеді. «астана-бас қала» - деп айтылуында үлкен сыр жатқан секілді. ата-анаммен астана қаласына қала күнін атап өтуге барғанымда оған мен көз жеткіздім. жаңа астанада бой көтеріп жатқан көп қабатты үйлер жаңаша сәнмен, ерекше көрікпен салынып жатыр екен. қаланың әсемдігіне қарап көзің тоймайды. шет елдердегі қалалар секілді. жаңа қаланың ортасынан бой көтерген бәйтеректің, ақ орданың, үкімет үйібәрі-бәрі де ерекше сәнмен орын тепкен. әсіресе алаңқайларға егілген,қазақша өрнекпен бейнеленген қызыл- жасылды гүлдер, жан-жағына салқын леп таратып тұрған түрлі-түсті фонтандар, халқымыздың ертегі-дастандарынан алынған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері менің көз алдымнан ешқашанда кетпейтін шығар. сонда жүріп жанымда сыныптас достарым болмағанына өкіндім. мүмкін биылғы оқу жылында сыныпымызбен ұйымдасқан түрде астана қаласына барармыз деп ойлаймын. бұл менің ғана емес, көптеген достарымның арманы. ал жақсы нәрсені армандау, жақсы ниет жасау кез-келегн қазақ тән қасиет.
Менің сыныбым - эссе