Жасуша заттарының арасында бірінші орында су тұр. Бұл жасуша массасының шамамен 80% құрайды. Су тірі организмдер үшін екі есе маңызды, өйткені ол тек жасушалардың құрамдас бөлігі ретінде ғана емес, көпшілік үшін және тіршілік ету ортасы ретінде қажет.
1. Су жасушаның физикалық қасиеттерін - оның көлемін, икемділігін анықтайды.
2. Көптеген химиялық процестер тек су ерітіндісінде жүреді.
3. Су жақсы еріткіш: көптеген заттар жасушаға сыртқы ортадан сулы ерітіндіде енеді, ал сулы ерітіндіде қалдық заттар клеткадан шығарылады.
4. Судың жылу сыйымдылығы мен жылу өткізгіштігі жоғары.
5. Судың ерекше қасиеті бар: оны +4-тен 0 градусқа дейін салқындатқан кезде ол кеңейеді. Сондықтан мұз сұйық судан жеңіл болып шығады және оның бетінде қалады. Бұл сулы ортадағы ағзалар үшін өте маңызды.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
"әлемге танылған абай" написать сочинение на эту тему. чтобы все было грамотно и правильно
Әлемге танылған Абай.
Абай - ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен. Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Болашақ ақынның дүниеге көзқарасының қалыптасуына оның озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы орасан зор ықпал етті. Абай — ұлы ақын әрі ойшыл. Ол өз төңірегіндегі адамдардың, жақындары мен шәкірттерінің бойындағы өз халқына риясыз берілгендікті, оның мүдделерін қорғау қасиеттерін қолдап отырды. Ұлы ақын жас ұрпақты имандылыққа, адамгершілікке, ғылым-білім үйренуге шақырды. жастарды бес нәрседен — өсектен, өтіріктен, мақтаншақтықтан, еріншектіктен, бекер мал шашпақтықтан қашық болуға, бес асыл іске — талап етуге, еңбекті сүюге, терең ойлай білуге, қанағатшыл болуға, қайырымды рақымшылық жасауга шақырды.
Абай жастардың бойындағы кеселді кемістіктерді, арсыздық пен ұятсыздықты, дөрекі надандықты тәрбие және білім беру арқылы жоюға үндеді. Ақын ол үшін қазақ балаларын оқытатын мектептерді көптеп салуды жақтады.