Ақ жаңбыр – бірқалыпта толассыз ұзақ жауатын жаңбыр.
Боз жаңбыр – жаңбырдың баяу, сілбілеп жауатын түрі.
Бұршақ – мұз күйінде түсетін кішкене домалақ түйіршік, атмосфералық жауын-шашын.
Бұршақ жаңбыр – атмосфералық су тамшыларының салқындықтан кішігірім бұршаққа айналып жаууы.
Қара жаңбыр – бұлт қап-қара болып торлап келіп, толассыз ұзақ жауатын күзгі қалың жаңбыр.
Қар аралас жаңбыр – алдымен жаңбыр болып жауып, күн суыта келе, арты қарға айналған жаңбыр.
Қарлы жаңбыр – ерте көктемдегі және күздегі қар аралас жауын.
Мұзақ – жаңбыр тамшыларының жерге мұз болып түсуі.
Нөсер – 1. Қатты жауатын, өткінші жаңбыр; 2. Күшті, бірақ қысқа мерзімдік, конвективтік сипаттағы, не қоңыржай ендіктегі циклондардың суық шебіндегі дүлей желді жаңбыр.
Көк нөсер – көктемде, жазда қатты жауатын өткінші жаңбыр.
Өткінші жаңбыр – аспан күмбезі көшпелі ала бұлттанып, тез жауып өтетін жаңбыр.
Соқыр жауын – күн көзі шығып тұрғанда жауатын ұсақ тамшылы өткінші жаңбыр.
Сылбыр жаңбыр – желсіз күнгі жай жаңбыр.
Сіркіреме жаңбыр – өте ұсақ тамшы түрінде түсетін майда жауын.
Былғары бүрку – атмосфералық тосаптың тамшыламай бүркуі.
Сіркіреу – өте баяу себезгілеп жауу.
Сірлету – жаңбырдың бүркуден, сіркіреуден мол, нөсерден саябыр жаууы.
Себездеу – жайлап бүрку, баяулап жауу.
Сілбілеу – жаңбырдың жайлап ұзақ жаууы.
Нөсерлеу – қатты жауу, шелектеп құю.
Төгіп өту – жаңбырдың қатты жауып өтуі.
Жаңбыр құю – қатты жаңбыр жауып кету, шелектеп төгу.
Жаңбыр көрмеу – көп уақыт бойы жаңбыр жаумай, құрғақшылық болу.
Объяснение:
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Сөз құрамын анықтаңызтанысу, әңгімелесу
Ұлттық тәрбие – отбасынан басталады.
Отбасы – а ң өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын – тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.
Ата-аналардың балалары алдында олардың денсаулығының дұрыс жетіліп өсуін қамтамасыз ету, тәрбие беру, білім беру, үй болып, аяққа тұрып ел қатарына қосылып кетуін қамтамасыз ету сияқты міндеттерін орындауы., ал балалары алдында ата-анасын қамқорлыққа алып, сүйеніш болуы секілді міндеттері ұштасып жатады.