Алматы
Объяснение:
Алматы — республикадағы ең сәулетті қалалардың бірі. Қала архитектурасында ұлттық ерекшеліктің элементтері, қала аумағының табиғат сұлулығы және құрылыс саласындағы ғылым мен техниканың жетістіктері жүйелі түрде, жоғары талғампаздықпен үндестік тапқан. Алматыда әр ғимарат өзіндік ерекшеліктерімен, ұтымды инженерлік-архитектуралық шешімімен кезге түседі. Қаладағы Республикалық алаң кешені, Президент резиденциясы, Даңқ монументі, Республика сарайы, Қазақстанның ғылым академиясының және Ұлттық кітапхана ғимараттары, Қазақ драма театры, "Қазақстан", "Отырар", "Рахат-Палас", "Анкара", "Достық" қонақ үйлері, Студенттер сарайы, Спорт сарайы, Медеу спорт кешені, республикалық Орталық мұражай, т.б. көптеген мәдени, ғылыми және қала тұрғындарына арналып салынған ғимараттар бой көтерді.
Алматы ірі ғылым, мәдениет және білім орталығы. Алғашқы жоғары оқу орны Алматыда 1928 жылы ашылған Қазақ мемлекеттік педагогикалық институты болды.
1929 жылы Алматы зоотех- малдәрігерлік институты,
1930 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институты,
1931 жылы Қазақ медициналық институты, ал
1934 жылы Қазақ мемлекеттік университеті ашылды. Бұл алғашқы ашылған жоғары оқу орындары қазақ интеллигенциясының жетілуіне зор ықпал жасады. Одан кейінгі жылдары Алматыда әр саладағы, әр бағыттағы ондаған жоғары оқу орындары ашылды. Кейбір институттардың ірі факультеттері жеке институт, университет және академия болып бөлек құрылды. Алматыда Қазақстан ҒА-сы құрылды (1946). Оның тұңғыш президенті болып академик Қ.Сәтпаев сайланды. Алматыда қазақ драма театры, орыс драма театры, балалар мен жасөспірімдер театры, опера және балет театры, ұйғыр және корей музыкалық театрлары, Қазақ мемлекеттік филармониясы, орталық концерт залы сияқты танымал мәдени орталықтар бар.
1990 жылдан Алматыда жыл сайын өткізілетін халықаралық "Азия даусы" музыка және ән фестивалі өнер мерекесіне айналдырылды.
1994-96 жылдары Алматыда Тәуелсіздік монументі, әл- Фарабидің, Райымбек батырдың, Жамбылдың, Ә.Молдағұлова мен М.Мәметованың ескерткіш-мүсіндері ашылды.
Спорт денсаулыққа өте жағымды, өйткені ол дененің әр мүшесін қимылға келтіреді. Қазіргі заманда адамдар барған сайын жұмыста аз қозғалады. Оның салдарынан адамның ағзасы көп қозғалысқа түспейді және ағзаға күш келмейді. Адам тез шаршайтын болады. Сонымен қатар көңіл-күйі түседі, денсаулығы нашарлайды. Сондықтан спортпен жиі шұғылдану қажет. Спорт әсіресе балаларға өте қажет. Баланың ағзасының дамуына көмегі көп. Егер баланың физикалық формасы болмаса сабақ кезінде тез шаршап, ауыршаң болады. Сабаққа деген ынтасы болмайды. Сондықтан денені физикалық формада ұстайтын бала шыдамды болады. Аз болса да спорт артықшылық етпейді. Спортпен артық шұғылдануға да болмайды, әсіресе сайыс кезінде. Дұрыс шұгылданбасаң кейбір спорт түрлері ағзаға зиянын тигізеді. Сондықтан спортқа ойын ретінде қараған дұрыс. Спортпен шұғылдану өзіне рахат әкелүі тиіс, қол жетпейтін жеңіс үшін керек емес!
Объяснение: Самал переводила! Ошибок ете, отвечаю! Зб даю)))
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Составить диалог на казахском языке "школьный кружок"