Спортшымен сұхбат.
Журналист: Сәлеметсіз бе, Дархан! Алдымен өзіңізді таэквондодан өткен әлем біріншілігіндегі жеңісіңізбен құттықтауға рұқсат етіңіз! Алда талай белестерді бағындырып, егенменді еліміздің көк туын желбірете беруіңізге тілектеспіз!
Спортсмен: Сәлеметсіз бе! Көп рахмет!
Журналист: Енді жалпы осы спорт түріне қалай келдіңіз, жаттығуды қашан бастадыңыз, осы жайлы айта кетсеңіз?
Спортсмен: Таэквондамен мен бес жасымнан бастап айналысып келемін. Ең алғашқы жаттығуыма әкем себепкер болып, сол кісінің қолдауымен осы спорт түріне деген әуестігім оянды.
Журналист: Бәрекелді, отбасыңыз қолдап отырса, мұның өзі жартылай жеңіс емес пе?!
Спортсмен: Ия, дұрыс айтасыз.
Журналист: Сіз туралы ғаламтор беттеріндегі ақпараттарда өзіңізді Қарағанды облысының тумасы деп жазыпты, бұл қаншалықты шындыққа үйлеседі, өзіңіз жайлы мәліметті өз аузыңыздан естісек...?
Спортсмен: Ия, бұл ақпарат дұрыс. Мен шынымен де Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында дүниеге келіп, алғаш мектеп табалдырығын да осы ауылда аттаған болатынмын. Кейіннен отбасылық жағдайлармен Қарағанды қаласына көшкен болатынбыз. Бұл менің жатығуымда да үлкен белес болды, үлкен қалада мүмкіндіктер де көп болатыны белгілі ғой.
Журналист: Дұрыс айтасыз. Енді алға қойған мақсаттарыңызбен бөлісе кетсеңіз...?
Спортсмен: Алда талай мақсат тұр. Әлем біріншілігіндегі жеңіспен шектеліп қана қоймай, жаттығуларымды одан әрі жалғастырып, келешекте Олимпиада жеңімпазы болатыныма сенімдімін. Сонымен қатар оқуымды жалғастыру ойымда.
Журналист: Бәрекелді! Сұхбатыңызға көп рахмет! Сізді алда талай жеңістер күтіп тұрғанына сенімдіміз!
Спортсмен: Рахмет!
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Надо написать сочинение казахском на эту тему: алмат туристік агенттен алып, алматыға бірінші рет сапар шешіпті. бұл оның үлкен қалаға бірінші рет келуі екен. алматыға келуді кішкентай кезінен армандаған екен. енді қалаға келіп əдемі жерлерін көргісі келді .