ответ
«Шешен» сөзі қазак тілінің этимологиялық сөздігінде былайша түсіндірілген: «Шечан/сәсен сөзі қырғыз, қарақалпақ, өзбек, башқұрт тілдерінде қазак тіліндегідей мағынада қолданылады. Түркі тілдерінің бұл тобында шешен сөзінен туған шешенсу, шешенсіну сөздері кездеседі. Өзбек тілінде чечан сөзінің «неге болса да ұста, шебер», тува тілінде (Чечен) «әдемі, көркем» деген қосымша мағыналары бар. Моңғол, бурят-моңғол, қалмақ тілдерінде кәкең, сэсэ(н), цэцэ сөзінің «данышпан, ақылгөй, дана, тапқыр» деген мағыналармен қатар «мерген», дәл тигізетін, дәл басатын деген де мағынада қолданылады. Чечен/сасан сөзінің бұл мағыналары алтай, якут, тува тілдерінде де кездеседі. Б.О.Оразбаева қырғыз тіліндергі чечерке сөзін талдай келіп, бұл форма моңғол тілдерінен ауысқан болу керек дейді. Шешен сөзі – шеш (чеч, сэс, цэс, цэц) түбіріменен қосымшасынан тұратын түрік, моңғол тілдеріне ортақ сөз болуы мүмкін»
Объяснение:
Әңгіме.
Бесікке салу рәсімі.
Қазақ халқы ежелден-ақ көненің көзі салт-дәстүрлерін дәріптеп келді.Бірі жылдар өткен сайын ұмыт болса,бірі ескірсе де жаңарып,жаңа маңызға ие болып, заманға сай өзгертіліп орындалып жүр.Сондай заман өзгеріп жатса да қалмай келе жатырған салт-дәстүрлердің бірі әрі бірегейі – баланы бесікке салу рәсімі.
Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлек, жаулық сияқты сый тартылады. Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді.Соңынан бесік жыры орындалады.
Осылайша бесікке салу рәсімі күннен-күнге жаңғырып,бесіктің неше түрі,баланы шомылдыратын құралдардың әдемілігі күн сайын артуда.Әлбетте, салт-дәстүрлеріміздің ұмытылмай,болашақта да орындалуына сенім мол.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос: