Мен олардың тістері өте жағалауы сенімдімін. тістері әрбір адам үшін өте қажет, өйткені. тіс жоқ адамның болуы мүмкін емес. тістері үшін тістері сау екенін тексеру үшін дәрігерге баруға, сіздің тістері щеткамен сияқты қамқорлық қажет
chuev4444
12.06.2021
Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі – достық. Әр адам дүниеге келгеннен кейін, ес білгеннен-ақ жан дүниесіндегі сырын, мұң-шерін тарқатып, қуанышы мен қайғысын бөлісетін дос іздейді. Қандай да бір қиындыққа тап болсаң, оны досыңмен бөлісіп, досыңның ақылын тыңдап, шешім таба аласың. Менің ойымша, басқаға жақсы да адал дос болу үшін, ең алдымен түсінік, адамды тыңдай, ақыл бере білу қабілеті жоғары болуы тиіс. Иә, дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Өйткені, ақымақ үшін достың қандай болу керек екені бәрі бір. Ақылдыға қиын. Өйткені, ақылды адам достың қандай болуы керек екенін біледі. Өйткені, өзін түсінетін, мейірімді, ақылды дос табуға тырысып, оны талғайды, іздейді. Дос досты ешқашан сатпайды. Себебі, достық сезім – мәңгілік.
Yelena_Gennadevna
12.06.2021
Жұлдызшы– ежелгі дәуірлер мен орта ғасырларда аспан денелерінің қозғалыстарын бақылаумен шұғылданған адам, астроном. Ежелгі Мысырда (Египет), Вавилонда, Үндістанда, Грекияда Жұлдызшы аспан құбылыстарын бақылап, күнтізбе есебін жүргізіп отырған. Орта ғасырларда араб елдері мен Орталық Азияның Жұлдызшылары астрономияның кейбір заңдылықтарын ашқан. Ежелгі түркі тайпаларында да Жұлдызшылар болған. Қазақ тіліндегі көптеген жұлдыз атаулары (Жетіқарақшы, Үркер, Темірқазық, Босаға, Таразы, т.б.) бізге ежелгі түркілер дәуірінен жеткен. Жұлдызшылар жыл мезгілдерін, мал төлдету, бие байлау, күзем алу, жайлауға, күзеуге, қыстауға көшу мерзімдерін, т.б. көпшілікке жариялап отырған. Соңғы жылдары археологтар Орталық Қазақстандағы Жанғабыл өзенінің бойынан 8 – 10 ғасырларда жерленген Жұлдызшының зиратын тапты. Онда қабірге мәйітпен бірге “жұлдызтас” – метеорит салынған. Зират үстіне оба үйіліп, жанына граниттен шабылған тас мүсін қойылған. Бұдан Жұлдызшылардың көшпелілер өмірінде елеулі рөл атқарғандығын көреміз. Жұлдызшылардың кейбіреуі астрологиямен де айналысқан. Дәстүрлі қазақ қоғамының астрологтары “Нұждұм”, “Талиғынама” деп аталған араб және парсы тілдеріндегі бал ашу кітапшаларын пайдаланған.