Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы-халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы.Маңызын жоймау былай тұрсын,заман өзгеріп,қоғамдық санада күрт сапырылыстарпайда болған сайын бұл қазына өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып,қадірін арттыра түсетініне Абайдан кейінгі уақыт айқын көз жеткізді.
Ақынның дүниеге келгеніне бір жарым ғасыр,ал өзінің мәңгі өлмес шығармаларымен халқына сөздің ұлы мағынасында ұстаздық ете бастағанына ғасырдан астам уақыт өтті.Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының рухани өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас темірқазық,адастырмас құбыланама болып қызмет етіп келеді.
Бұл күнде Абай сөзі әр қазақтың ағзасына ана сүтімен бірге дариды десе,артық айтылғандық емес.Ана сүті тән қорегі ретінде жас сәбидің буыны бекіп,бұғанасы қатаюына қызмет етсе,ақын сөзі оның санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді».
Ана тілім – дана тілім.
Ана тілі - әрбір адамның бойына анасының
ақ сүтімен дарыған тілі. Менің ана тілім -
қазақ тілі.
Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының
мемлекеттік тілі, қазақ халқының ана тілі,
шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты,
көркем, дана, сұлу, рухани бай, Абай
әрлеген, Жамбыл жырлаған, Мәңгілік елдің
Мәңгілік тілі!
Қазақ тілі әлемдегі тілдердің ішіндегі ең
бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ
халқының ана тілі. Ана тілінің қадір-қасиетін
біле білген халқымыз оны ұлттың рухына,
қазына байлығына балайды. Себебі не?
Себебі, тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай
кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды
мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі.
Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз,
ана тіліміз қазақ тілі.
Тіл қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі,
құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен
бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы
әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан
балаға мирас болып қалып отыратын
баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана
тілін көзінің қарашығындай қорғап, оның
орынсыз шұбарлануының қарсы тұруы тиіс.Себебі, ана сүтімен дарыған тіл - ең басты
байлығымыз.
Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр
ұлттың тілі оның бақыты мен тірегі. Елбасы
Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы
тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің
ең басты дүниесі тек қана байлық емес,
сонымен қатар ана тіліміздің болашағы»
деген болатын. Қадыр Мырза Әли атамыз
айтқандай:
Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Составить 4 предложения на каждый залог өздік, ырықсыз, ортақ, өзгелік с переводом