mon84
?>

Стих про казахстан казахстан мой любимый край все што хочеш выберай есть народ в нем есть душа моя родина так хороша

Казахский язык

Ответы

emilbadalov

Ел мен жер егіз.

Елге бай құт емес, би құт.

Жұрт дегенде жұмылып,

Ел дегенде егіліп.

Иесіне керек болса қоңсы өкпелемейді.

Е, құдайым, би қыл,

Би қылмасаң, би түсетін үй қыл.

Елдестірмек елшіден,

Жауластырмақ жаушыдан.

 

Елшінің қылышы – тіл.

 

Ел ағасымен жарасады,

Киім жағасымен жарасады.

 

Аталар сөзі –

Ақылдың көзі

 

Туған жер - тұғырың,

Туған ел - қыдырың.

 

Ел қадірін көрген біледі,

Жер қадірін жүрген біледі.

 

Адам елінде көгерер,

қоға көлінде көгерер.

 

Бөтен жердің гүлінен

Туған жердің тікені артық.

 

Өз елімнің басы болмасам да,

Сайының тасы болайын.

 

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

 

Елінен безген оңбайды,

Көлінен безген қонбайды.

 

Ел болам десең, бесігіңді түзе.

 

Отан – елдің анасы

Ел – ердің анасы.

 

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

 

Отанды сүю – отбасынан басталады.

Туған жердің жуасы да тәтті.

 

Ер елінде,

Гүл жерінде.

 

Өз елінде көртышқан да батыр.

Өз елінің иті де қадірлі.

 

Отан үшін күрес,

Ерге тиген үлес.

 

Құртақандай торғай да,

Өз ұясын қорғайды.

 

Орағың өткір болса,

Қарың талмайды.

Отаның берік болса,

Жауың алмайды.

 

Отансыз адам –

Ормансыз бұлбұл.

 

Үйде оңбаған,

Түзде де оңбаған.

 

Елінен безген ер болмас,

Көлінен безген қаз болмас.

 

Сағынған елін аңсайды,

Сарыала қаз көлін аңсайды.

 

Жат елдің қаршығасынан,

Өз еліңнің қарғасы артық.

 

Бақа көлінде патша,

Балық суында патша.

Жігіт елінде патша.

 

Егілмеген жер жетім,

Елінен айрылған ер жетім.

 

Отанға опасыздық еткенің,

Өз түбіңе өзің жеткенің.

 

Ерінен айрылған көмгенше жылайды,

Елінен айрылған өлгенше жылайды.

 

Ел іші алтын бесік.

 

Жері байдың елі бай.

 

Отан –қуат,

Отбасы – шуақ.

 

Ел елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы.

 

Есің барда елің тап.

 

Туған жердің ауасы да шипа.

 

Еліңе қарап, ертеңіңе қамдан.

 

Ерден аспақ болса да,

Елден аспақ жоқ.

 

Орта жүзді қамшы беріп дауға қой,

Ұлы жүзді қауға беріп малға қой,

Кіші жүзді найза беріп жауға қой.

 

Данышпан айтса, ел айтқаны,

Елдің қамын жеп айтқаны.

 

Елің - панаң,

Жерің – анаң.

 

Өз елің өзекке теппес.

 

Елуінде ер дана,

Елу жылда ел жаңа.

 

Ел жасымен көрікті,

Тау тасымен көрікті,

Аяқ асымен көрікті.

 

Өз елің - алтын бесігің.

 

Кісі елінде сұлтан болғанша,

Өз еліңе ұлтан бол.

 

Ит тойған жеріне,

Ер туған еліне.

 

Кімнің жерін жерлесең,

Соның жырын жырларсың.

 

Өз елімнің басы болмасам да,

Сайының тасы болайын.

 

Елінен безген оңбайды,

Көлінен безген қонбайды.

 

Іргесі берік елді

Жау ала алмас.

Ауызы бір елді,

Дау ала алмас.

 

Ұлтарақтай болса да,

Ата қонысы жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да,

Туып өскен ел қымбат.

 

Жат елдің жақсысы болғанша,

Өз еліңнің сақшысы бол.

 

Өз елім - өлең төсегім.

 

Ынтымақсыз елді -

Ұрысы билейді.

Ынтымақты елді -

Дұрысы билейді.

 

Алтын алма, алғыс ал,

Алтын деген - жер сыйы,

Алғыс деген - ел сыйы.

 

Ел даусыз болмайды,

Ер жаусыз болмайды.

 

Бүлінген елден,

Бүлдіргі алма.

 

Балық іздесең көлге бар,

Береке іздесең елге бар.

 

Ел-жұртыңның қадірін

Іс түскенде білерсің.

Сары тонның қадірін,

Қыс түскенде білерсің.

 

Еркектің жаманы,

Қатынын жамандар.

Елдің жаманы,

Батырын жамандар.

 

Аңқау елге - арамза молда.

 

Отан – оттан да ыстық.

 

Отансыз адам,

Ормансыз бұлбұл.

jardi

Ислам — әлемдік монотеисттік-ибраһимдік дін. Христиандықтан кейін дүниеде көп таралған дін. «Ислам» сөзі «бейбітшілік», (Алланың заңдарына) «мойынсыну, бағыну» болып табылады. Ал шариғат терминологиясында «ислам» — толық мойынсыну, Алланың алдында парыздарды орындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. Мұсылмандардың негізгі діни кітабы Құран Кәрім— классикалық әдеби араб тілінде. Алла тарапынан түсірілген деп сеніледі.

Исламдық көзқарас бойынша, жаратушы Алла әрдайым а тура жолға салып тұру үшін әр түрлі пайғамбарлар жіберіп отырған. Олардың ішінде Ибраһим (Авраам), Мұса (Моисей), Иса (Иисус) т.б. бар. Мұсылмандардың сенімі бойынша соңғы пайғамбар — Алланың елшісі Мұхаммед

Объяснение:

Если дұрыс болмаса ренжіме

mado191065
Менің арманымдағы мектеп-əдемі, жарық жəне ыңғайлы. Ол замануи жəне жақсы жабдықталған.
Ол мектепте сабақ сағат 9 да басталар еді, əрі оңай жəне жайлы өтер еді. Тілдер де тереңдетіліп оқылатын еді. Еркін киіну үлгісі енгізілер еді. Мектеп кітапханасы түрлі қызықты кітаптарға бай. Ұстаздары өте жақсы, көңілді жəне ақылды. Олар сабақты шығармашылық жағынан оқытады. Түрлі тəжірибелер өткізеді, көшеге шығарады жəне т.б. Ол мектепте үй тапсырмасы болмаушы еді. Асханасы кең, əрі тағамдары арзан. Жəне, шығармашыл адамдарға арналған кең, үлкен сынып болар еді: суретшілер, музыканттар, бишілер жəне т.б. Көптеген қызықты үйірмелер болушы еді. Мен ол мектепте, оқушылар демалатын сынып салуын қалаймын-жұмсақ дивандары, ойындары бар.
Аулада сергіту үстелдері болар еді. Жəне, сонымен қатар үлкен футбол алаңы болар еді.
Осы армандарға қарамастан, маған өз мектебім ұнайды. Маған мектебімдегі оқушылар да, ұстаздар да ұнайды.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Стих про казахстан казахстан мой любимый край все што хочеш выберай есть народ в нем есть душа моя родина так хороша
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*

Популярные вопросы в разделе

infooem
Aleksandr556
tatyanakras911248
emik071089
cristiansirbu9974
родичева1812
borisova-valeriya
cvetprint
akakne86
polyakovaelena
ebelskaia
ИльяАндреевич-Мария
spz03
gip5362
asviridova07194