Азия бір кездері айырылып қала жаздаған мәдени, тарихи қатынастарын қалпына келтіруде. 20 ғасырда 2 жүйенің текетіресі Азияны да екіге бөліп, тұтас мәдениеттер арасына сызат түсірді. Орталық Азия темір құрсауға алынды. Халықтар мен мемлекеттер қақ жарылды. Алайда, біз бәрімізге ортақ, бастауы бір құндылықтарымызды сақтап қалдық. Жасанды кедергілер жойылған соң біз біртұтас әлем екенімізді қайта сезіндік», - деді ҚР Президенті. Мемлекет басшысы отбасылық және қоғамдық дәстүрлер, еңбекқорлық пен білімге ұмтылу Азия халықтарына тән асыл қасиеттер екендігін баса айтты. «Мәдениеттердің жарасымды дамуын бір сөзбен әралуандық үйлесімі деп түсіну қажет. Ұлы Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» айтқаны осыны меңзейді. Азия біріге алады. Қайта жаңғырған Ұлы Жібек жолы осының дәлелі»,- деді Қ.Тоқаев.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
~«у» әрпi дауысты дыбыс орнына қолданылып тұрған сөз: | аялдау | бауыр | дауыл | жасыру | лайлау