1. Мен екі рет ауыр жарақаттанған кісімін. Бірақ екеуінде де саптан шықпадым.
Бұл жерде Бауыржан Момышұлының батыл, қайсар екендігін түсіндіріп тұр. Сондықтан осы сөйлемді таңдадым.
2. - Болады! Бұйырамын! Орындамасаң - атамын! - деп, етпеттеп жатқан күйімде оң жақ жамбасымдағы кабураның аузын ағыта бастадым.
Бұл жерде Б. Момышұлының ештеңеден қорықпайтындығын, қайтпас қайсар екенін білдіреді
3. Жарамды тандырып алып, арқамнан алынған оқты мені санбатқа жеткізген "Блоха" деген жауынгерімнің қолына ұстата салып, жаумен ауыр ұрыс жүргізіп жатқан полкке қайтадан жеттім.
Бұл сөйлемді таңдаған себебім - сөйлемде Бауыржан Момышұлының батыр, Отаны үшін жарасы қаншалықты ауырса да ауыр күреске қатысты.
Ана тілі қайнаған қанның, қиналған жанның,
толғантқан көңілдің, лүпілдеген жүректің
сағынышы, онда дәм де, мән де болу керек.
Шыны керек, менің тілім – қазақ тілі болғанын мақтаныш етемін. Әр адамға өз тілінен артық тіл жоқ деп санаймын. Қай заманда да ата-бабамыз есті сөзбен ессізді тоқтатқан. Ақын-жырауларымыз сөзден ой-маржанын теріп, артындағы ізбасар ұрпағының санасына құя білген.
Қазіргі таңда тілімізді шұбарлап, қорлайтын, өз тілі тұрғанда ұялмай басқа тілде сөйлегенді мақтаныш көретін үлкендер де, жастар да жетіп жатыр. Оған өз басым күнде куә болып жүрмін. Жастардың орыс тіліндегі сөздерді жиі пайдалануы шынымен, адамды ашындырады. Тәуелсіздік алғалы осындай мәселелер жиі көтеріледі. Ондағы мақсат – ұлттық тілдің қадірін қайтару.
Ал, негізінде тіл және тәуелсіздік бір-бірімен мазмұндас ұғымдар.
Тәуелсіздік – ұлттық қасиетті қадірлеуден басталса керек. Ал «өзінің ұлттық қасиетін, өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес» деген М.Әуезовтің керемет дана сөзі бар. Расында да, өз тіліңнің сұлулығын сезінбей, өзге тілдің қадірін сезіну екіталай емес пе?!
Талай ақын, шешен бабаларымды бұлбұлша сайратқан, жарға соққан толқындай екпінді, наркескендей өткір тілімнің осынау уақытқа дейін тұншығып, қадір-қасиетінен айырылуға шақ қалғанда, қазақтардың көзі ашылып, қазақ тілін «мемлекеттік тіл» деп жариялады. Алайда, мәселе мұнымен біткен жоқ еді. Бойында не рухы жоқ, не қорқақ, не қара бас қамын ойлайтын «маған бәрібір» дейтіндер көбейді. Міне, сондықтан да өткеннің кейбір іргелі тағылымдарына ден қоюға тура келеді. Қазақ тілін алғаш қолданыста бәзбіреулер араб пен парсыны, одан кейін ноғайды былдырлатып, орысты араластырып тілді құртуға шақ қалғанда, аға-буын бұрқ етіп қайнаған, сарқ етіп суалған тілімізді қайтадан тірілтті.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Берілген сөйлемнен асты сызылған сөзді тәуелдеңдер слово бөрік
Сенің бөрігің
Сиздің бөрігіңіз
Оның бөрігі
Біздің бөріктеріміз
Сендердің бөріктерің
Сіздердің бөріктеріңіз
Олардың бөріктері