Төл сөз – біреудің сөзін бұлжытпай, өзгеріссіз өз сөзінің ішінде берілген сөз.
Төлеу сөз – сөйлеуші өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін өзгертіп, жалпы мазмұнын ғана сақтап айтқан сөз. Төл сөзді төлеу сөзге және керісінше төлеу сөзді төл сөзге айналдыруға болады.
Автор сөзі – төл сөзді де, төлеу сөзді де жеткізіп, оған түсінік беретін сөйлеушінің өз сөзі. Автор сөзі төл сөздің кімнің сөзі екенін, кімге қаратылып айтылатындығын, қандай жағдайда айтылғандығын айқындап тұрады. Төл сөзі мен автор сөзі әдетте автор сөзінің құрамында қолданылатын көмекші етістік арқылы байланысады: де- деді- деп- дейді- деген- дегендей.
Төл сөз автор сөзінен бұрын келеді.
«Төл сөз»,-автор сөзі.
Мысалы: « Дені сау кісіге қарап отыру қиын ғой», - деп Жамал даусын солғындау шығарды.
- Төл сөз, - автор сөзі.
Мысалы: - Осы пәтер сенікі ме?-деп сұрады Венера.
2. Төл сөз автор сөзінен кейін келеді.
Автор сөзі: «Төл сөз».
Мысалы: Жиренше сөз таба алмай ұялып қалды: « Ұят болды. Өзім де өкіндім».
Автор сөзі: - Төл сөз.
Мысалы: Марат былай деп жауап берді: -Кешіккендер сыбағадан құр қалады.
3. Төл сөз автор сөзінің ортасында келеді.
Автор сөзі: «Төл сөз», - автор сөзі.
Мысалы: Оспан келді де: « Әсет, шырағым, сені әкең шақырып жатыр», - деді.
Автор сөзі: - Төл сөз, - автор сөзі.
Мысалы: Директор: - Мұны қалай түсінуге болады?- деп сұрады.
4. Автор сөзі төл сөздің ортасына орналасады.
«Төл сөз, - автор сөзі, - төл сөз».
Мысалы: «Менің оқулығым емес, - деді Маржан, - сіңлім ұмытып кеткен болар».
- Төл сөз, - автор сөзі, - төл сөз.
Мысалы: - Ол, - деді Болат, - сенің сіңлің бе?
сөз төлеу сөзге айналу жолдары (пути превращения прямой речи в косвенную речь)
1. Төл сөздегі бастауыш төлеу сөзге айналғанда, анықтауыш немесе басқа тұрлаусыз мүше болады.
Мысалы: «Биік мансап – биік жартас», -деді Абай. = Абай биік мансаптың биік жартас екенін айтады.
2. Төл сөздің автор сөзімен байланысуы үшін төлеу
сөзде –айтты-айтады-хабарлады-бұйырды-өтінді т.б. етістіктерді талап етеді.
Мысалы: Ол менен: -Сен қайда барасың? – деп сұрады.= Ол менен қайда баратынымды сұрады.
3. Төл сөздің құрамындағы баяндауыш сөз немесе сөз тобы төлеу сөзге айналғанда, толықтауыш, бастауыш немесе сөйлемнің басқа мүшесіне айналып кетеді.
Мысалы: «Жұмысқа кешікпей келіңдер»,- деді бастық. = Бастық біздің жұмысқа кешікпей келуімізді ескертті.
Мезолит (мезо… және грек. lіthos – тас) — орта тас ғасыры, палеолит пен неолит аралығындағы тас дәуіріне жататын кезең. Бұл терминді 19 ғасырдың 70-жылдарының аяқ кезінде швед ғалымы О.М. Торелль енгізді. Еуропа мезолитті шамамен б.з.б. 9 — 5-мыңжылдықтарды, Таяу Шығыста ол б.з.б. 10 — 7-мыңжылдықтарды қамтиды. Ғалымдар арасында мезолиттің тарихи-мәдени, хронологиялық шегі жөнінде әртүрлі пікірлер бар. Материалдық мәдениеттің даму тұрғысынан қарағанда мезолит палеолиттің жалғасы болып табылады, бірақ бұл дәуірде өнім өндірудің алғышарттары қалыптаса бастайды, ол өз кезегінде мезолитті неолит дәуірімен тығыз байланыстыра түседі. Сондықтан бірқатар археологтар бұл термин орнына эпипалеолит (палеолиттен кейінгі), ал кейінгі мезолитке протонеолит сөзін қолданып келді. Кейбіреулері жоғары палеолит пен мезолитті қосып миолит деп те атады. Мамандардың көпшілігі тас өңдеу техникасындағы ерекшеліктер арқылы мезолитті басқа дәуірлерден ажыратуға болады деген пікірді ұстанды. Тас құралдарын дайындау мезолитте одан әрі жетіле түсті. Сегмент, трапеция, үшбұрыш түріндегі ұзындығы 1 — 2 сантиметр геометриялық шақпақтас құралдары шыға бастады (Микролит). Палеолиттен мезолитке көшу ауа райындағы өзгерістерге, ең алдымен, бірнеше мыңжылдықтарға созылған мұз дәуірінің аяқталуына байланысты. Б.з.б. 10-мыңжылдықтар шамасында қазіргіге жақын гидрографиялық торап, фауна мен флора пайда болды. Адамзат тарихындағы ең алғашқы экономикалық дағдарыс палеолит дәуірінің соңында болып өтті. Бұл кезде адамдар саны арта түсті. “Мамонттық фауна” құрамына кіретін жануарлар түрлері жойылды. Бұрынғы аңды қаумалап ұстау, қуалап аулау, тағы басқа аңшылық әдістер маңызын жойды. Осы кезде мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы — садақ пен жебе пайда болды. Ол ұсақ әрі жүйрік аңдарды, тіпті құстарды да аулауға мүмкіндік берді. Оның ойлап табылуы өндіргіш күштер дамуындағы шын мәніндегі төңкеріс болды. Енді жекелеген аңшылар қауымға онша тәуелді болмай, өзі-ақ аң аулауға шыға алды. Нәтижесінде қауымдар ыдырап, кезбе аңшылықтың рөлі күшейді. Голоцен кезеңінде жылынған күн терімшіліктің маңызын арттырып, неолит заманында қалыптасқан егіншіліктің алғышарттарын жасауға ықпалын тигізді. Мұздық ерігеннен кейін судың мол болуы балықтардың өсіп-өнуіне қолайлы жағдай туғызды. Бұл балық аулау тәсілдерін жетілдіруге ықпал жасады. Адамдар иілген қармақтарды, ауды, гарпундарды пайдаланып, балық аулаумен айналысты. Алғашқы қайық түрлері мен ескектер жасалынды. Ит қолға үйретілді. Ежелгі адамның өмір салты өзгерді, аң аулауға қолайлы алаптарды іздестіріп жиі қоныс аударып отырды. Қазіргі таңда Қазақстан жерінен мезолит ескерткішінің 50 шақты орны табылған. Олар негізінен Оңтүстік Қазақстан жерінен (Жаңашілік 1 — 3, Маятас, Бөген, тағы басқа), Қаратаудан (Соркөл, Шаханта, тағы басқа), Есіл маңынан (Мичурин, Боголюбово — 2, Явленко — 2, тағы басқа), Атбасар төңірегінен (Тельман-7, -8а, -9а, -14а, тағы басқа), Сарыарқадан (Әкімбек, Қарағанды-15, тағы басқа), Торғайдан (Тұз, Дүзбай-6, Евгеньевка, тағы басқа), Батыс Қазақстан облысынан (Сарыайдын, Шәуші, тағы басқа), Екібастұз төңірегінен (Талдыөзек-21, Шідерті, тағы басқа), Маңғыстаудан (Шақпақата-2, Қызылсу-1, тағы басқа) табылды.[1] Қазақстан аумағында мезолит кезеңі осы кезге дейін аз зерттелген. Бұл уакытгың материалдык мәдениеті туралы алғашкы ақпарат 50-жылдарда ғана пайда болды25.70—80-жылдардағы В.Ф. ЗайберттіңЕсіл өңірінде, В.Н. Jlor- ішннің Қостанай маңы мен Торғайда жүргізген далалық зерттеу жұмыстары ғана мезолит және онын далалық өңірдегі айрықша белгілері туралы жалпы сипатта алғашқы түсініктер алуға мүмкіндік берді. 80-жылдардын аяғы мен 90-жылдардың басында Батыс және Оңтүстік Қазақстанда археологиялык зерттеулер жандандырылып, бірнеше жаңа тұрак ашылды. Палеолиттен мезолитке (грекше «мезос» — орта деген сөзден шыққан) көшу климаттағы өзгерістермен ерекше болды. Бірінші кезекте бұл мұздықтардың еруімен байланысты. Бұл кезде қазіргісіне жақын гидрографиялық желі орнығып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің қазіргісіне жақын құрамы қалыптасады. «Мамонттық» жануарлар түрлерінің жойылуы тамакқ табудың бұрынғы әдістерін (камалап аулау және т. б.) жарамсыз етіп, тіршілік кұралдарын қамтамасыз етудің жаңа әдістерін жедел іздестіру қажеттігін тұгызды. Мейлінше елеулі фауналық өзгерістер болган бір аймақтарда егіншілік және мал шаруашылыгы элементтері пайда болып, баскаларында балық аулау және жинау — аңшылык кәсібі калыптасады. Әдебиетте мезолиттің мейлінше әp түрлі хронологиялық шеңберлері мен оның ерекше сипаттамалары бар. Қазақстан аумағының далалық өңірі үшін ең қолайлысы мезолиттің б. з. б. X — VII мыңжылдықтар бойы болуын мойындау керек. Садақ пен жебенің кеңінен қолданылуын, еңбек құралдарын дайындауда сына техникасының таралуын, халықтың
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Текст и перевод с казахского қампурлық*