andreu420082132
?>

Шығарма на тему "көрші елдермен достықта, татулықта болу-бұқар жырының өзекті тақырыбы" мин одна страница

Казахский язык

Ответы

vik-2202

Көрші елдермен достықта,татулықта болу – Бұқар жырының өзекті тақырыбы.

Қазақ даласында небір елін жаудан қорғаған өр батырлар да, елінің татулығын,бейбітшілікті ту етуден талмаған ақын-жырауларда болған.Сондай нар тұлғалардың бірі – Бұқар жырау.Ол қазақтың ұлы жырауы,жоңғар басқыншыларына қарсы қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы белгілі Абылай ханның ақылшысы.

Бұқар жырау кезінде сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгілетін болған.Осыдан оны ел-жұрт "көмекей әулие" деп атап кеткен екен.

Жырау жырларын әр түрлі тақырыпқа арнаған.Алайда ең басты тақырыбы халық болашағы мен бейбітшілікті сақтау болды.Оған дәлел

жыраудың “Он екі айда жаз келер”, “Абылай ханның қасында”, “Ханға жауап айтпасам”  деген жырлары.Әсіресе,Бұқар жырау толғауларында Ресей империясының отарлаушылық,басқыншылық саясаты,зұлымдық әрекеттері әшкереленеді.Мысалы,“Қилы заман” толғауындағы мына бір жолдар табандап жылжып келе жатқан қайшылығы мол заманды елестетеді:

Күнбатыстан бір дұшпан,

Ақырында шығар сол тұстан.

Өзі сары, көзі көк,

Діндарының аты боп,

Күншығысқа қарайды.

Шашын алмай, тарайды... Осыдан-ақ оның қазақ халқының бұлыңғыр болашағына сыни көзбен қарап,халқының дұрыс жолмен алға жылжығанын қалайтындығын көреміз.

Қорытындылай келе,Бұқар жыраудың толғаулары,шын мәнінде, Абылай дәуірінің айшығы.Ұлтының тамаша рухани адамгершілік қасиеттерін бойына дарытқан көкірегі даңғыл,орақ тілді,дуалы ауыз кемеңгер өмірінің соңына дейін елің қамын ойлады.

Strelkov-Roman1263

Айқындауыш мүше.

Сөйлемде белгілі бір мүшенің мағынасын басқа сөзбен түсіндіріп, нақтылап көрсететін сөйлем мүшесі. Айқындауыш бір мүшенің (сөздің) заттық, мекендік, мезгілдік т.б. жағын айқындап тұрады.

Айқындауыш мүшелер құрамы мен құрылымына қарай, мазмұнына байланысты үш түрлі болады:

1. оңашаланған айқындауыштар;

2. қосарлы айқындауыштар.

1. Оңашаланған айқындауыш: өзінен бұрын тұрған сөзді айқындап, дәлелдеп, түсіндіріп тұратын бір немесе бірнеше сөз. Оңашаланған айқындауыштың алдынан әсіресе, яғни, көбінесе, сияқты сөздердің қолданылуы мүмкін. Оңашаланған айқындауыш бастауышты ғана емес, басқа да мүшелерді: пысықтауышты, толықтауышты, кейде анықтауышты да айқындай береді.Үтір белгісі оңашаланған айқындауыштың екі жағынан қойылады.

Мысалы: Біздің үйдің тұрғындары, әсіресе бірінші және екінші қабат тұрғындары, кіреберістің тазалығын қадағалап отырады.

Еліміздегі өзендер - Нұра, Сарысу, Сырдария - балыққа аса бай.

2. Қосарлы айқындауыш: айқындайтын мүшенің бір сыңары болып, мазмұнын дәлелдеп түратын сөз.Қосарлы айқындауыш кейде өзі анықтайтын сөзімен дефис арқылы байланысады.

Мысалы: Менің атам инженер - конструктор болып жұмыс істейді.

Ауылымыздағы пошта бөлімшесіне телефон - автомат қойылды.

Поликарпова-Мазурова

Есімдіктермен Қазақстан табиғаты туралы бес сөйлем

1. Бұл (сілтеу есімдігі) ұлан байтақ дархан дала - менің туған жерім, Отаным, Қазақстаным!

2. Осынау (сілтеу есімдігі) асқар Алатау, тау басынан сылдырап аққан су, жайқала өскен жасыл желек, жарқыраған күн мен көк аспан - мұның бәрі (жалпылау есімдігі) туған жерімнің әсем табиғатының тек бір көрінісі ғана.

3. Қазақстанның әр (белгісіздік есімдігі) аймағында ауа райы да әр (белгісіздік есімдігі) түрлі болады.

4. Өздеріңіз (өздік есімдік) білетін Шарын шатқалына ұқсас жер әлемде кемде – кем.

5. Әлдеқайдан (белгісіздік есімдігі) елімізге шетелдік қонақтар келе қалса, мақтанып көрсететін жерлер тізіміне Көкшетауды қоссақ болады.

Ответить на вопрос

Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:

Шығарма на тему "көрші елдермен достықта, татулықта болу-бұқар жырының өзекті тақырыбы" мин одна страница
Ваше имя (никнейм)*
Email*
Комментарий*