Шымкент – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, қала б.з.д. II ғасырда салынған. Шымкент қаласы Ұлы Жібек Жолы керуен көшінің жолында орналасқан. Көптеген жылдардан бері көне қалада ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп, шетелден келетін туристердің санында шек болмайды. Халық санының көлемі жағынан Шымкент қаласы бүкіл республика бойынша үшінші орында. Алайда, бейресми мәліметтер бойынша, Шымкент қаласында халық саны әлдеқайда көп. Себебі, қалада алыс-жақын шетелден келген, тіркеуден өтпеген мигранттар тұрады. Шымкент қаласы – қазақ елінің сауда, мәдениет, өнеркәсіп орталықтарының бірі. Қалада қазақ, славян, өзбек, татар, неміс, еврей, корей, поляк, башқұрт, әзірбайжан т.с.с. 19 ұлттың мәдениет орталықтары жұмыс істейді. Қаланың көрікті мекендерінің бірі - орталық саябақтар. Үш саябақ 19-ғасырда салынған.
o-pavlova-8635
21.07.2022
Аққу өзінің тұлғасымен, күшімен, сұлулығымен барлық су және суда жүзетін құстардың патшасы. Өзі аппақ қардай, үлкен емес жалтылдаған мөлдір көзді, қара мұрынды, қара аяқты, ұзын майысқақ және әдемі мойынды, судың тегіс бетінде, жасыл қамыстардың арасында тыныш жүзіп жүргенде ол керемет. Аққулар қолға тез үйренеді. Жазда олар тоғанда жүзеді. Қызда жылы жерге оларды көшіреді. Аққулар балықпен, нанмен, астықпен қоректенеді. Орыс халқы аққулар туралы көп ән шығарды. Оларды еркелетіп, аққуым, қуым деп атайды.
infocenterbla
21.07.2022
А вот и стих который вы просили:
Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын, Ұранға «алаш» деген атты аламын. Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім – қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!
Ерікті ен даланың құсынша ұшып, Ер жеттім кеңшілікті сүтін ішіп. ... Алтай, Ертіс Сырдария, Есіл, Жайық, Арасын қоныс қылдым ірге жайып. Елім, жерім, қорғайтын ерім болып, Ер жеттім ен далада лықа байып.
Ер Түрік ұрпағымын даңқы кеткен, Бір кезде Еуропаңды тітіреткен. Кіргені есік, шыққаны тесік болып, Күнбатыс, Күншығысқа әмірі жеткен.
Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын, Ұранға «алаш» деген атты аламын. Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім – қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын!