Қыран құсты қастерлеген халықпыз.
Қыран құс - жыртқыш,жылдам әрі епті құс.Ал,көшпелі халықтарда,әсіресе,қазақтарда қыран құсты ерекше қастерлеген.Біздер үшін ол батырлықтың,еркіндіктің,алғырлықтың белгісі іспеттес.Республикамыздың мемлекеттік көк байрағында да азаттықтың айбыны ретінде алтын қыран құс бейнеленгені соның дәлелі.Байырғы замандарда қыран құсқа "Құс патшасы","Қанаттылар ханы","Құдайдың қазаққа еншілес берген құны" деп мадақтап,оның қастерлігін одан әрі танытқан.Бұнымен қоса қыран құстың ел ішінде құны да жоғар болған.Мысалы,Жеті жарғы заңында аңға салатын итті,бүркітті өлтірген адамнан олардың иесіне бір құл немесе бір күң беріледі делінген.Қыран құсты қолға үйретіп,баптап,саятшылыққа пайдалану қазақ халқының ежелден келе жатқан өнері,дәстүрі десек те болады.Қыран бүркіт Жеті қазынаның бірі екендігі тағы бар.Осының барлығы қыран құстың біздің халқымыздың тарихы мен бүгінінде,тұрмысы мен дәстүрінде алар орнының зор екендігін білдіреді ғой.
Алтын ұя – мектебім шағын шығарма
«Білім кілті – мектепте» демекші, мектеп – біздің екінші үйіміз. Менің есімде алғаш ұстазымның үнемі айтып отыратын сөздері қалыпты: «Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың» деп мектеп жайлы өте орынды айтылған деп ойлаймын. Мектеп – бізді есейіп, ер жеткенше білім нәрімен сусындататын білім ордасы, үлкен ғалым – академиктер, саясаткерлер, қаржыгерлер, табысты кәсіпкерлер және де тағы басқа мамандық иелерінің барлығы мектеп қабырғасында білім алып, оны ары қарай шыңдай білген.
Мен қаламыздағы іргелі оқу орындарының бірі - №8 қазақ гимназиясында оқитынымды мақтан етемін, елімізге белгілі тұлғалар осы мектепте білім алған, болашақта мен де сол кісілер сияқты білімімнің арқасында биік шыңдардан көрінгім келеді.
Мектебімізге келер болсақ, биыл мектептің жетпіс жылдық мерейтойы қарсаңында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.
Мектепте өткен әрбір күнім шаттыққа толы десе, артық айтпаспын. Мұғалім -біздің екінші анамыз, ал сыныптас достарым өз бауырларым секілді.
Биыл мектептің мерейтойына байланысты қала деңгейінде түрлі мерекелік әрі оқу – әдістемелік іс – шаралар жоспарланып отыр, сол шаралардың сәтті өтуіне барлығымыз түгелдей атсалысудамыз.
Поделитесь своими знаниями, ответьте на вопрос:
Салалас құрмалас сөйлемге арналған тест жұмысы 1. салалас құрмалас сөйлемді табыңыз. а) бұдан әрі екеуі де үндескен жоқ. в) бір кезде орман шуылдап, дауыл соқты. с) ізденіс түбі - жеңіс. д) танк өз - өзінен жұлқынып қалғандай болды да, гүрс етіп шаң - топырақ бұрқ ете қалды. е) жақсы, үлгілі комбайншы бола алсақ, бұдан артық не абырой бар? 2. не, немесе, я, яки жалғаулықтарымен келетін салаластың түрін табыңыз. а) кезектес в) ыңғайлас с) себеп - салдар д) қарсылықты е) талғаулы 3. салалас құрмалас сөйлемді табыңыз. а) шоқан біздің қасымызда жасы кіші болса да, үлкен кісідей болатын. в) ол қолынан келсе, қазақ халқына жақсылық жасауға ұмтылатын. с) осыған дейін ол ауыл мектебінде оқыса, қазір қалада дәріс алуда. д) оның білімге деген құштарлығы арта түсті, өз білімін кеңейтудің басқа да жолдарын іздестіре бастады. е) ұдайы ізденген өз бетімен білімін жетілдіріп, өздігінен алады. 4. салалас құрмалас сөйлемді табыңыз. а) бұдан әрі екеуі де үндескен жоқ. в) бір кезде орман шуылдап, дауыл соқты. с) ізденіс түбі - жеңіс. д) танк өз - өзінен жұлқынып қалғандай болды да, гүрс етіп шаң - топырақ бұрқ ете қалды. е) жақсы, үлгілі комбайншы бола алсақ, бұдан артық не абырой бар? 5. түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз. а) ол қызына 2 түрлі нәрсені үйретуге тырысты: бірі - тұрақтылық, бірі - махаббат. в) халықтардың жарқын өмірінің кепілі - бірлік пен береке. с) өтірікші өзін алдайды. д) дүниеде айнымайтын қорғаушың - ақыл. е) айтар ештеңесі жоқтар әрқашан нашар сөйлейді. 6. себеп мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан құрмалас сөйлемді көрсетіңіз. а) сізді ешкім шақырған жоқ, сондықтан сіз бармайсыз. в) амалсыз қонуға тура келді, өйткені мезгіл кешкіріп кетті. с) мен қорқып тұрмын, неге десеңіз қолың қатты дейді. д) тереңге қ уылдырық шаша алмайды, неге десең, оның уылдырық оралатын не , не шөп жоқ. е) кей металдар табиғатта өте аз және таза түрінде кездесуі сирек. 7. талғаулы салалас болатын сөйлемді көрсетіңіз. а) ол туралы өзгелер не дейді, өзіміз қалай ойлаймыз. в) бірде көк ала қамысты көлдер қалып жатыр, бірде сары ала жон белестер қалып жатыр. с) малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек. д) қазақ мақалы бар: асыл тастан, өнер жастан. е) кейде қабағы түксиеді, кейде бет әлпеті күлім қағады. 8. тек жалғаулықты болатын салаластың түрін табыңыз. а) ыңғайлас в) шартты с) қарсылықты д) себеп - салдар е) кезектес 9.. сөйлем түрін анықтаңыз. келді. а) жайылма в) жақсыз с) жалаң д) атаулы е) құрмалас 10. тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді анықтаңыз. а) ол үйінде я кесте тоқиды; я кітап оқиды; немесе домбыра шертеді. в) ол үйінде я кесте тоқиды, я кітап оқиды, немесе домбыра шертеді. с) ол үйінде я кесте тоқиды, я, кітап оқиды, немесе домбыра шертеді. д) ол үйінде я кесте тоқиды, я кітап оқиды; немесе домбыра шертеді. е) ол үйінде я кесте тоқиды, я кітап оқиды немесе домбыра шертеді. 11. жалғаулықтар қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз. а) үлкенмен де, де әзілдесетін. в) алғашқы көргеннен – ақ мен оның үлкен ілік мейірімін сездім. с) осы шабысымды біз көпке дейін ұмыта алмай жүрдік. д) түндегі жаңбырдан кейін ашылған күн беткейді құлпыртты. е) абай туралы ұзақ сөйлеген мұхаңның сөзі ерекше әсер етті. 12. түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз. а) мына ағайдың жүзінде әжімнен сау жер жоқ, әйтсе де беті ойнақы еді. в) жолында асқар тау тұрса да, топ жарып өтетін сияқты. с) күн бұлттанды. д) сыныпқа мұғалім, директор кірді. е) құс атаулы аспанда да толып жүр: қарлығаш, ұзақ, қарға, торғай - бәрі де бар. 13. қарсылықты салалас құрмалас сөйлемде алайда, бірақ деген жалғаулықтар түсіп қалса, екі сөйлем арасына не қойылатынын белгілеңіз. а) нүкте в) дефис, үтір с) қос нүкте д) үтір е) үтір, сызықша 14. қай жердегі тыныс белгісі дұрыс қойылғанын табыңыз. а) есіктің киізін олай итерем; былай итерем; ашылмайды. в) есіктің киізін олай итерем, былай итерем, ашылмайды с) есіктің киізін олай итерем: былай итерем, ашылмайды д) есіктің киізін олай итерем, былай итерем, - ашылмайды е) есіктің киізін олай итерем - былай итерем, ашылмайды 15. қарсылықты салаласты табыңыз. а) бұл шөп әдемі екен, бірақ зияны да бар. в) біресе ол барады, біресе айгүл барады. с) күн де шығып тұр, жел де соғып тұр. д) мен кеше сабаққа келген жоқпын. е) талабы барларды жинап, курсқа жіберді
1. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
Д) Танк өз - өзінен жұлқынып қалғандай болды да, гүрс етіп шаң - топырақ бұрқ ете қалды.
2. Не, немесе, я, яки жалғаулықтарымен келетін салаластың түрін табыңыз.
Е) Талғаулы
3. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
Д) Оның білімге деген құштарлығы арта түсті, өз білімін кеңейтудің басқа да жолдарын іздестіре бастады.
4. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
Д) Танк өз - өзінен жұлқынып қалғандай болды да, гүрс етіп шаң - топырақ бұрқ ете қалды.
5. Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз.
А) Ол қызына 2 түрлі нәрсені үйретуге тырысты: бірі - тұрақтылық, бірі - махаббат.
6. Себеп мәнді жай сөйлемі бұрын орналасқан құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.
А) Сізді ешкім шақырған жоқ, сондықтан сіз бармайсыз.
7. Талғаулы салалас болатын сөйлемді көрсетіңіз.
С) Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.
8. Тек жалғаулықты болатын салаластың түрін табыңыз.
Е) Кезектес
9.. Сөйлем түрін анықтаңыз. Балалар келді.
С) Жалаң
10. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді анықтаңыз.
Е) Ол үйінде я кесте тоқиды, я кітап оқиды немесе домбыра шертеді.
11. Жалғаулықтар қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.
А) Үлкенмен де, баламен де әзілдесетін.
12. Түсіндірмелі салаласты көрсетіңіз.
Е) Құс атаулы аспанда да толып жүр: қарлығаш, ұзақ, қарға, торғай - бәрі де бар.
13. Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемде алайда, бірақ деген жалғаулықтар түсіп қалса, екі сөйлем арасына не қойылатынын белгілеңіз.
Е) Үтір, сызықша
14. Қай жердегі тыныс белгісі дұрыс қойылғанын табыңыз.
В) Есіктің киізін олай итерем, былай итерем, ашылмайды
15. Қарсылықты салаласты табыңыз.
А) Бұл шөп әдемі екен, бірақ зияны да бар.